Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
18 наурыз 2025
Жаңартылды: 16 сәуір 2025

Қазақстанда автокөлікке ауыртпалық салынғанын қалай тексеруге және оны қалай алып тастауға болады

Егер сіз қолданыста болған автокөлік сатып алсаңыз, оның «таза» болғаны, яғни оған ауыртпалық салынбауы маңызды. Автокөлікке ауыртпалық салу деген не? Бұл термин көлік иесі оны толықтай басқара алмайтын жағдайды білдіреді. Мысалы, көлікті сату немесе сыйға тарту мүмкін болмайды. Кредит алған кезде автокөлік кепілге беріліп, қамтамасыз ету құралы ретінде пайдаланылған болса, бұл ауыртпалық болып саналады. Сондай-ақ автокөлік ұрланған (іздеуде жүрген) немесе қарызға байланысты оған тыйым салынған болса, бұл да ауыртпалық болып есептеледі. 

Сатып алу-сату шартын жасамас бұрын, автокөліктің «қарызы» жоқ екеніне көз жеткізу керек. Қазақстанда автокөлікке ауыртпалық салынғанын қайдан тексеруге болады? Оны қалай алып тастауға болады?

Жаңа автомобильге 7 жылға дейін кредит, 45 млн ₸-ға дейін, жылдық мөлшерлемесі 21,7%-дан басталады. Бастапқы жарна – 10%-дан бастап.

Автокөлікке тыйым салынғанын немесе оның кепілге берілгенін қалай тексеруге болады

Қазақстандықтар eGov.kz порталындағы «Автокөлік тарихы» сервисінің көмегімен және eGov Mobile мобильді қолданбасындағы «Автокөлікті иелену тарихы» қызметі арқылы автокөлікті иелену тарихы туралы барлық ақпаратты тексеру мүмкіндігіне ие болды. eGov.kz порталында келесі қадамдарды орындау қажет:

  1. Басты бетте «Сервистер» бөліміне өтіңіз.
  2. «Автокөлік тарихы» қызметін таңдаңыз.
  3. «Автокөлікті иелену тарихы» қойындысы ашылады. 
  4. Автокөлік деректерін енгізіңіз: автокөліктің мемлекеттік нөмірі және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірі (бұл нөмір (әріптермен бірге) құжаттың төменгі бөлігінде орналасқан).
  5. «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.

Бұдан кейін пайдаланушыға көлік құралы туралы толық ақпарат беріледі:

  • автокөлік маркасының атауы және шығарылған жылы;
  • қозғалтқыштың көлемі, шанақтың түсі және қосымша орнатылған жабдықтың болуы;
  • ҚР аумағында автокөліктің алғашқы тіркелген күні;
  • иелері туралы дербес деректерді көрсетпей-ақ, автокөліктің қайта тіркелген күні және алдыңғы иелерінің жалпы саны;
  • көлік құралының кепілге берілгені немесе оған ауыртпалықтың салынғаны туралы.

Бұл қызметті eGov Mobile мобильді қолданбасы арқылы қалай алуға болады

  • eGov Mobile қолданбасында авторизациядан өтіп, «Қызметтер» – «Жүргізу және көлік» бөліміне кіру, «Автокөлікті иелену тарихы» дегенді таңдау қажет;
  • автокөліктің мемлекеттік нөмірін және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірін көрсету;
  • «Іздеу» батырмасын басу;
  • көлік құралы туралы толық ақпарат алу.

Қазақстанда автокөлікке салынған тыйымды қалай алып тастауға болады

Автокөліктен кепілді алу қарызды – мысалы, кредитті өтегеннен кейін ғана мүмкін болады. Басқаша айтқанда, алдымен есеп айырысу қажет, содан кейін процедураға кірісуге болады.
Қазақстанда автокөліктен ауыртпалықты Egov.kz сайты арқылы алып тастауға болады. Алайда бұл жалғыз ғана тәсіл емес – барлық қадамды ЦентрКредит Банкінің bcc.kz қолданбасының сервистері арқылы онлайн орындауға болады. Мұны қалай жасауға болады?

  1. bcc.kz қолданбасын ашыңыз.
  2. Төменгі мәзірден «Сервистер» қойындысын таңдаңыз.
  3. «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне өтіңіз.
  4. «Анықтама алу» қойындысын таңдаңыз, содан кейін «Ауыртпалықты алып тастау туралы анықтама» тармағын таңдаңыз. Құжатты электронды түрде аласыз, оны басып шығаруға болады.
Салымнан ақша табу жолы: депозитті дұрыс таңдаймыз
Қазақстанда бизнес-жоспарды қалай дұрыс құру керек: мысалдар мен қадамдық нұсқаулық

Автокөлік қарызының бар-жоғын тексерудің маңызы неде? Автокөлікті тіркеу ережесіне 2024 жылғы 23 сәуірде күшіне енген түзету енгізілгеніне қарамастан, енді мамандандырылған ХҚКО-да автокөлікті есепке қойған кезде көлік құралына меншік құқығын растайтын және Қазақстан Республикасының нотариусы куәландырған құжатты көрсету қажет. Яғни, автокөлікті сатып алу шартын жасасқан кезде нотариус автокөлікке қатысты ауыртпалықтың бар-жоғын өзі тексереді. Сондай-ақ автокөлікті мәмілеге қатысушы екі тараптың ЭЦҚ көмегімен, нотариуссыз-ақ ресімдеуге болады. Бірақ бұл тек eGov.kz электрондық үкімет порталы немесе барлық дерек сіз үшін тексерілетін банк қолданбалары арқылы мүмкін. Мәміле жасалғанға дейін автокөлікке қатысты ауыртпалықтың бар-жоғын тексеру қызметі өз көлігіңізге ие болу сәтіндегі қуанышыңызға қаяу түсірмеуге көмектеседі

Держите руку на пульсе с bcc journal
Подпишитесь на нашу рассылку и не пропустите новые статьи и актуальные обзоры.
Сізге ұнауы мүмкін
Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 30 сәуірге аналитикасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы сәуір айынд

Валюталар шолу
2025 жылғы 30 сәуірге арналған валюта бағамдары

Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 30 сәуірге арналған шетел валюталарының ресми ...

Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 29 сәуірге аналитикасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметінше, 2025 жылғы сәуір айындағы те

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды