Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
12 мамыр 2025
Жаңартылды: 12 мамыр 2025

Чтобы бизнес работал: какое оборудование нужно для кофейни

Правильно подобранное оборудование обуславливает эффективность работы кофейни, а также упрощает и ускоряет работу персонала. Кроме того, от кофемашины зависит вкус напитка, а это именно то, ради чего приходят гости.

Кофехана ашу үшін не қажет? Сенімді әрі өнімдіргіш техниканы қайдан табуға болады?

Ең қажетті жабдықтар

Кофеханаға қажетті жабдықтар тізімі мекеменің форматына (мысалы, кофені өзімен бірге кетуге арналған кофепоинт немесе отыратын орындары мен түрлі мәзірі бар толыққанды мекеме), сондай-ақ оның концепциясы мен қонақтар санына байланысты. Дегенмен мекемені ашуға қажетті ең негізгі жабдықтар бар. Бұл тізімге кофемашина, кофе ұнтақтағыш және тоңазытқыш кіреді. Сонымен қатар тізімді тамшылатып құйылатын кофеқайнатқыш, тоңазытқыш сөрелер (мәзірінде десерттер болатын мекемелерге қажет), вафель қалыбы, бутерброд жасағыш, гриль, пісіруге арналған пеш сияқты қосымша жабдықтармен толықтыруға болады. Есеп айырысуды тез жүргізуді қамтамасыз ететін кассалық жабдықтар туралы да ұмытпаған жөн.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Кофеханаға арналған жабдықты таңдаған кезде 1 миллион теңгеден бастау керек. Егер кафенің 10 орынға дейін отыратын орны болса, инвестиция көлемі шамамен 3 миллион теңгеге дейін жетеді. Шығынды азайту үшін бұрын қолданыста болған техниканы сатып алуға болады, алайда ондай жабдыққа кепілдік, сервис қызметі және дилерден кеңес алу қарастырылмайды. Сенімді өндірушіден сапалы жабдыққа инвестиция салудың тағы бір себебі – техниканың «төзімділігі». Сапалы аппараттар сусындарды бірінен соң бірін тез дайындайды, ал бұл кезек пайда болған сәтте өте маңызды.

Енді кофехананың негізгі жабдықтарына толығырақ тоқталайық.

Кофе дайындауға арналған басты жабдық — кофемашина

Кофемашина эспрессо дайындайды, бұл — барлық кофе сусынының негізі. Эспрессо негізінде латте, капучино, флэт уайт сияқты басқа да сусындар әзірленеді.

Кофемашиналар автоматтандыру деңгейіне қарай екі негізгі топқа бөлінеді:

  • Суперавтоматты
    Бұл модельдердегі барлық процесс толық автоматтандырылған. Процесті іске қосу үшін баристаға бір батырманы ғана басу жеткілікті. Пайдалану жағынан жеңіл әрі жылдам болғанына қарамастан, мұндай техника кофе негізгі өнім болып саналмайтын мекемелерге, мысалы, наубайханаларға, кондитерлік дүкендерге және кафелерге жақсы сай келеді.
  • Жартылай автоматты
    Бұл модельдерде дәнді ұнтақтаудан бастап сүтті көбіктендіруге дейін барлық процесс баристаның толық бақылауында болады. Нәтижесінде қанық хош иісі мен сергітетін дәмі бар, жан жылуымен дайындалған кофе шығады. Әдетте жабдықтың бұл түрін кофе дайындауға арнайы маманданған кофеханалар таңдайды.

Кофеханаға арналған жабдықты таңдаған кезде функционалдығына қарап қана емес, сонымен қатар су қысымы мен температура тұрақтылығына да мән берген жөн. Кофе майы мен хош иісті қосындылар толықтай бөлінуі үшін жоғары қысым қажет. Дәл осы қысым сусынның дәмін қанық әрі бай етеді. Температура да кофенің хош иісінің тереңдігі мен дәмдік үйлесімділігіне әсер етеді. Ұсынылатын температура – 70 градус. Егер температура 90 градусқа дейін көтерілсе, кофе ащылау болып, «түтін дәмі» пайда болуы мүмкін.

Кофе ұнтақтағыш қажет болатын жағдайлар

Егер сіздің кофемашинаңызда кофе дәндерін ұнтақтау функциясы қарастырылмаған болса, онда кофе ұнтақтағыш — жабдықтар тізіміндегі міндетті элемент. Онсыз specialty кофеханалардың жұмысын елестету қиын. Specialty кофе — нағыз гурмандарға арналған, жоғары сапалы, премиум сегменттегі сусын. Мұндай кофеде тәттілік пен қышқылдықтың тамаша үйлесімі, жеміс-жидек, гүл, шоколад және жаңғақ ноталары нәзік сезіледі. Осы санаттағы кофеханаларға бір ғана емес, екі немесе тіпті үш кофе ұнтақтағыш қажет болуы мүмкін.

Қазақстанда контрагентті сенімділікке қалай және қайда тексеруге болады?
Банк аккредитиві: бұл не, қалай жұмыс істейді, несімен және кімге тиімді?
Қазақстанда ЖШС үшін ағымдағы шотты қалай ашуға болады

Ал тамшылатып құйылатын кофеқайнатқыш ше?

Кофе ұнтақтағыш сияқты, тамшылатып құйылатын кофеқайнатқыш немесе оған ұқсас жабдықтар (мысалы, кофе дайындауға арналған шыны құты — кемекс) барлық кофеханаға бірдей қажет емес. Тамшылату техникасы сүзгіш-кофе ұсынатын мекемелерге керек — бұл гурмандарға арналған тағы бір дәмді нұсқа. Бұл тәсіл бойынша 95 градус шамасындағы ыстық су ұнтақталған кофе арқылы қағаз сүзгімен баяу сүзіліп өтеді. Сүзгіш-кофе дайындау процесінде (кофемашинадағыдай) жоғары қысым болмайды, сондықтан дәмі қанық, бірақ классикалық эспрессодан мүлде өзгеше болады. Мұндай кофенің дәмі жұмсақ, қышқылдығы төмен, құрылымы біркелкі әрі нәзік болады. Алайда бұл сусынды бәрі бірдей ұната бермегендіктен, оны кофе мәзірінен табу әрдайым мүмкін бола бермейді.

Тек таза су: сүзгілеу жүйесі

Кофені тек тазартылған сумен дайындауға болады, құбыр суы жарамайды. Біріншіден, судағы қоспалар кофенің дәміне кері әсер етеді. Екіншіден, олар жабдықты тез істен шығарады. Үшіншіден, су желісінен келетін су әрқашан таза бола бермейді (мысалы, тот бөлшектері болуы мүмкін). Сондықтан кофехана үшін тағы бір маңызды инвестиция — су сүзу жүйесі. Ең тиімді шешім — кәсіби сүзгі жүйесін орнату. Егер оған қаражат жеткіліксіз болса, бөтелкедегі суды қолдануға болады. Ал жаңадан басталған кәсіп үшін тиімді балама — су сүзу жүйесін жалға алу.

ЖК-ны 0 теңгеге онлайн тіркеу

Бизнесті жеңіл бастаңыз

Тоңазытқыш жабдықтар жайлы

Кофеханаңыздың мәзірінде десерттер болмаса да, тоңазытқыш бәрібір қажет, ол сүт, кілегей, шоколад сияқты өнімдерді дұрыс сақтау үшін керек.

Егер сіз жеңіл тағамдар, дайын ас, кондитерлік өнімдер ұсынатын болсаңыз, онда тоңазытқыш сөре қажет болады. Мұндай жабдық қажетті температураны ұстап тұрып қана қоймай, ассортиментті де әдемі көрсетеді. Сөрелер күні бойы бірнеше рет ашылатындықтан, температураны тұрақты ұстап тұруы қажет.

Мұздатқыш мұз, мұздатылған жидек пен жемістерді сақтау үшін қажет. Мұз, әсіресе, бамбл-кофеге қажет, бұл — апельсин шырыны қосылған эспрессо негізіндегі салқын сусын. Ал жидектер мен жемістер маусымдық сусындар мен десерттерді әрлеген кезде жиі қолданылады. Егер кофехана бизнесіндегі алғашқы қадамды енді ғана жасап жатсаңыз, тоңазытқыш жабдықты жалға алумен шектелуге немесе бұрын қолданыста болған жақсы күйдегі техниканы сатып алуға болады.

Тағы қажет болатын жабдықтар

Жоғарыда аталған жабдықтар кофені дайындауға және өнімдерді дұрыс жағдайда сақтауға мүмкіндік береді. Алайда қажетті жабдықтар тізімі мұнымен шектелмейді. Сонымен қатар мыналар да қажет:

Бар үстелшесі

Бар үстелшесі тіпті ең шағын кофеханаларда да болады. Ол бір жағынан кеңістікті айқын бөледі, ал екінші жағынан баристаға ыңғайлы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл – интерьердің маңызды бөлігі. Бар үстелшесінің оңтайлы биіктігі — еденнен 90 см. Бұл биіктікте әртүрлі бойдағы адамдарға жұмыс істеу ыңғайлы болады.

Кассалық жабдық

Кофеханаға кассалық жабдықты таңдауда мейрамхана бизнесіне арналған техникаға назар аударған жөн. Себебі ол бірден бірнеше міндетті шешуге мүмкіндік береді. Бұл жабдық төлемдерді қабылдап қана қоймай, бариста-кассирлерге нұсқаулар ұсынады, қойма құжаттарымен жұмыс істеуге, тауар қалдықтарының есебін жүргізуге, тұрақты клиенттерге бонус бағдарламасы бойынша жеңілдік жасауға мүмкіндік береді.

Ауа сорғыш, желдету жүйесі

Егер кофеханаңызда қонақтар отыратын орын болса немесе тағамдар дайындалатын болса, бұл жабдықсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Сонымен қатар ауа сорғыш қызметкерлер үшін де маңызды: кофемашиналар белсенді жұмыс істеген кезде шағын кеңістік тез қызады және осындай жағдайда күні бойы жұмыс істеу өте қиын.


Жиһаз бен декор туралы да ұмытпаған жөн. Олар интерьерге жайлылық пен есте қаларлық атмосфера сыйлайды. Бәсекелестерден ерекшелену үшін клиенттерге түрлі «бонус» ұсыныстарын ойлап табуға болады. Мысалы, стақандарға тілек жазылған жапсырмалар жабыстыру, ол үшін принтер қажет болады. Сонымен қатар қонақтар тегін Wi-Fi желісін бағалайтыны сөзсіз, ал оны ұйымдастыру үшін арнайы техника қажет.

Қателеспеу үшін ең қажетті жабдықтарға назар аударыңыз, содан кейін мекеменің ерекшелігін ескере отырып, тізімді кеңейтіңіз.

Держите руку на пульсе с bcc journal
Подпишитесь на нашу рассылку и не пропустите новые статьи и актуальные обзоры.
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды