Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
2 желтоқсан 2025
Жаңартылды: 8 желтоқсан 2025

2025 жылы Қазақстандағы криптовалюта: жаңалықтар

Технология қанша дамыса да, 2025 жылы кейбір елдерде, сондай-ақ Қазақстанда криптовалюта (крипто) толыққанды төлем құралы болып есептелмейді. Цифрлық валютаны тек АХҚО («Астана» халықаралық қаржы орталығы) алаңында ғана сатып алуға және сатуға рұқсат етілген. Алайда енді жағдай өзгеріп келеді: Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық банк мамандары заңға криптовалютаға қатысты операцияларды ресми түрде жасауға мүмкіндік беретін түзету дайындап жатыр.

Ұсынылып отырған түзету ұсақ-түйек өзгеріс ретінде емес, бүкіл индустрияны қайта жандандыруға бағытталған үлкен реформа ретінде қарастырылады. Жобаны әзірлеушілер алдына цифрлық қаржы активтерін заңдастырудан бастап қазақстандық CryptoCity құруға дейін, яғни өте ауқымды мақсат қойған.

bcc.kz инвестициялар

KASE / KASE Global биржасында
акциямен сауда-саттық жасаңыз

Жаңашылдық: жалпы ақпарат

Өзгеріс екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылмақ:

  1. 1.Криптовалютаның құқықтық мәртебесі белгіленіп, цифрлық қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар заңдастырылады.
  2. 2.Криптоайырбастау қызметін көрсететін провайдерлерді лицензиялау есебінен қамсыздандырылмаған криптовалюталардың айналымын реттеу енгізіледі.

Қазірдің өзінде нарық қатысушылары жаңа мүмкіндіктерді сынақтан өткізе алатын реттеушілік «сынақ алаңын» құру жұмыстары басталып кетті.

Жоспар бойынша 2025 жылдың соңына қарай цифрлық активтер нарығында барлық ниет білдіруші жұмыс істей алады. Операциялар заңды әрі ашық түрде жүргізілетін болады.

Негізгі өзгерістер

Ұлттық банк мамандарының айтуынша, заңға енгізілетін түзету мынадай нәтижелерге әкеледі:

  1. Провайдерлердің жұмысы жеңілдей түседі. Алайда криптовалютамен операция жүргізетін және оны сақтайтын компаниялар бәрібір АХҚО алаңында тіркелуі тиіс.
  2. Криптоайырбастау орындары пайда болады. Бұл цифрлық активтерді қауіпсіз әрі заңды түрде сатып алуға және сатуға мүмкіндік береді. Мұндай ресми криптоайырбастау орындары Ұлттық банктен лицензия алуы қажет.
  3. Жеке тұлғалар цифрлық валютаны АХҚО лицензиялаған провайдерлер, сондай-ақ ресми криптоайырбастау орындары арқылы бұрынғыдан да икемді талаптармен сатып алып, сата алады.
  4. Мемлекеттік органдар үшін транзакциялар айқынырақ болады. Оларға ақша айналымын бақылау, капиталдың заңсыз шығарылуына жол бермеу мүмкіндігі ұсынылады.
  5. Майнингпен айналысатын ірі компаниялар өздеріне қажетті электр энергиясын қамтамасыз ету үшін электр станцияларын өз бетінше салуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар криптовалютамен айналысатын компаниялардың қаражаты есебінен электр станцияларын жаңғыртуды көздейтін «70/30» бағдарламасы іске асырылады. Бұл жұмысты тұрақты етіп, қаржы шығынын азайтады.
Қазақстандағы криптовалюта: онымен не істеуге болады, не істеуге болмайды
Инфантилизмнен инвестицияға дейін: Қазақстанда қаржылық мінез-құлық қалай өзгеріп жатыр?
Қазақстандағы онлайн инвестициялық калькулятор

Криптовалютаны заңдастыру аясында іске асырылатын жобалар:

  1. CryptoCity. Бұл – криптовалютаны күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыруға мүмкіндік беретін қанатқақты жоба. CryptoCity — болашақтың цифрлық қаласының заманауи моделі.
  2. Мемлекеттік майнинг. Қазақстанда криптовалюта майнингі заңды қызмет түріне айналып, салық төлеу қажет болады. Мемлекет майнинг саласының реттеушісі болады.
  3. Alem Crypto Fund. Бұл – цифрлық қаржы активтері есебінен мемлекеттік резерв қалыптастыруға мүмкіндік беретін Ұлттық криптоқор. Қор криптаға ұзақмерзімді инвестициялар жасау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
  4. Нақты активтерді токенизациялау. Дәстүрлі активтерді (бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, шикізат) цифрлық токендерге түрлендіру ұсынылады. Осылайша, нақты объект цифрлық бірлік форматында ұсынылып, онымен операциялар жүргізуге (айырбастауға, сатып алуға, сатуға) болады. Жоба мақсаты — нақты активтердің өтімділігін арттыру және кішігірім инвесторлардың қызығушылығын тудыру.
  5. Evo. Evo жобасы аясында теңгеге 1:1 қатынасымен тіркелген стейблкоин атты криптовалюта әзірленіп жатыр. Бұл жоба цифрлық валюталарды Қазақстанның қолданыстағы қаржы экожүйесіне интеграциялауға және криптовалютаны цифрлық сервистер (мысалы, криптокарталар) арқылы кеңінен қолдануды ынталандыруға бағытталған.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 

Криптовалюта картасы: бұл не және қалай жұмыс істейді?

Қазақстан үшін маңызды жаңалықтың бірі – криптокарталардың пайда болуы. Бұл – лицензияланған провайдерлерде тіркелген криптоәмияндар арқылы жылдам әрі қауіпсіз қолма-қол ақшасыз төлем жасауға мүмкіндік беретін төлем карталары.

Криптовалюта картасының жұмыс істеу принципі күрделі емес. Пайдаланушы АХҚО платформаларында цифрлық активтерді сатып, банктік шотқа тіркелген картаға аударылатын фиат валютасын (теңге, доллар немесе еуро сияқты мемлекеттік ақша) алады.

Криптовалюта картасын ЦентрКредит Банкінде ресімдеуге болады. Банк CryptoPay инновациялық өнімін ұсынады. Бұл карточка цифрлық активтермен жүргізілетін операциялардан түскен қаражатты қолданба арқылы алуға мүмкіндік береді. Бұл ЦентрКредит Банкі мен CryptoPay криптовалюталық әмияндар сервисінің бірлесіп ұсынатын кобрендинг өнімі. Карта әртүрлі цифрлық активтермен (bitcoin, ethereum, tether) және фиат валюталарымен (теңге, Ресей рублі, еуро, АҚШ доллары) транзакциялар жасауға мүмкіндік береді.

Жаңашылдықтың мақсаты

Қазақстанда электр энергиясының тарифтері қолжетімді, бос өндірістік алаңдар көп, сондай-ақ финтех жобаларымен сәтті ынтымақтастық құрған АХҚО жұмыс істейді. Мұның барлығы елді цифрлық қаржы активтері саласына инвестиция жасау үшін тартымды етеді. Жаңартудың негізгі мақсаты – осы саланы ырықтандыру, инвесторларға қолайлы жағдай жасау. Ал инвестицияның артуы ел экономикасына жаңа қаржы ағынын әкеледі, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Сонымен қатар бұл өзгеріс Қазақстан үшін маңызды стратегиялық артықшылық:
ол елдің ТМД кеңістігіндегі ең озық цифрландырылған мемлекеттердің бірі ретіндегі мәртебесін сақтауға әрі ірі еуразиялық IT-хабқа айналуына мүмкіндік береді.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді