Қазақстанда пайызды есептеу, айына теңгемен қанша сома төлеу керектігін түсіну үшін банктердің онлайн кредит калькуляторы көмектеседі. Егер сіз кредитті бірнеше кредит бағдарламалары арасынан таңдасаңыз, сервис пайдалы болады, өйткені ол әртүрлі банк өнімдерінің талаптарын салыстыруға мүмкіндік береді.
ай | Остаток долга | Процент | Платёж по остатку долга | Платёж |
---|---|---|---|---|
Қаржылық кредит калькуляторы қалай жұмыс істейді? Сервис әдетте төрт критерийге негізделген есептеу формуласын пайдаланады. Оларды толығырақ қарастырайық.
2025 жылы ҚР-да кредит калькуляторы қарызды өтеудің екі түрін қарастырады –аннуитеттік және дифференциалды төлем.
Аннуитеттік төлем қарыз алушының банкке ай сайын бірдей соманы аударуын көздейді. Бұл клиент үшін неғұрлым ыңғайлы нұсқа, себебі төлемдерді болжау мүмкін, бұл бюджетті жоспарлауды жеңілдетеді, мобильді қолданбада автотөлемге қосылуға мүмкіндік береді.
Өтеудің дифференциалды түрін таңдаған кезде клиент ай сайын борыштың бірдей бөлігін және есептелген пайызын төлейді. Негізгі борыш сомасы біртіндеп азайғандықтан, жалпы төлем де азаяды. Осылайша сіз қарызды мерзімінен бұрын ең аз артық төлеммен өтей аласыз.
Егер сізге тұрақтылық пен болжамдық қажет болса, аннуитеттік өтеуге тоқтағаныңыз жөн. Егер сіз болашақта азайту перспективасымен бірінші кезекте үлкен сомада төлем жасауға дайын болсаңыз, онда төлемнің дифференциалды тәсілін таңдауға болады.
Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз
7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету
Банктердің кредиттік бағдарламалары әдетте кредит берудің ең төменгі және ең жоғары сомасын белгілейді. Қарыз алушы өз міндеттерін шешу үшін қанша қаражат қажет екенін анықтайды. Мысалы, ЦентрКредит Банкінде 8 000 000 теңгеге дейін кепілсіз кредит ресімдеуге болады.
Кредит сомасы неғұрлым көп болса, ай сайынғы төлем де соғұрлым көп болады.
Кредит онлайн-калькуляторы қолданатын тағы бір маңызды параметр – кредит беру кезеңі. Кредит беру сомасындағы сияқты банк ең аз және ең көп мерзімді белгілейді. Мысалы, тұтынушылық кредиті көбінесе 5 жылға дейін беріледі, ал ақша немесе жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін кредит кезеңі 10 жылға дейін ұзартылады. Автокредит беру мерзімі 7 жылға дейін болуы мүмкін.
Заңдылық мынадай: кредит берілетін кезең неғұрлым ұзақ болса, ай сайынғы төлем мөлшері соғұрлым аз болады. Егер сіз ай сайынғы төлем бюджет үшін ауыр болады деп алаңдасаңыз, ұзақ мерзіммен берілетін кредит бағдарламаларына тоқталыңыз.
Айталық, сіз банктен 12%-бен 1 000 000 теңге аласыз. Егер кредитті бір жылға ресімдесек, онда кредит калькуляторы ай сайынғы төлемді 88 849 теңге мөлшерінде есептейді. Егер кезеңді екі жылға дейін ұзартсақ, онда ай сайынғы төлем 47 073 теңгеден сәл ғана асады - төлем мөлшері екі есеге дейін азаяды.
Мөлшерлеме – кредит калькуляторымен ай сайынғы төлем мен артық төлем сомасын есептеуге мүмкіндік беретін негізгі сәттердің бірі..
Мөлшерлеме – кредит калькуляторымен ай сайынғы төлем мен артық төлем сомасын есептеуге мүмкіндік беретін негізгі сәттердің бірі.
Сіз ЦентрКредит Банкінің сайтында теңгемен берілетін кредит калькуляторын пайдаланған кезде пайыздық мөлшерлеме автоматты түрде тартылады. Бұл қарыз алушыға кредит бойынша алдын ала есеп айырысу үшін кредит мерзімі мен сомасын ғана жазу керек дегенді білдіреді.
Жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін кепілді кредит
Барлық бағандарды толтырғаннан кейін «Есептеу» батырмасын басу қажет. Кредит мөлшерлемесінің қарапайым калькуляторы автоматты түрде есептеп, өзекті деректерді ұсынады. Сіз:
Қарапайым сервистермен қатар төлем кестесі бар кредит калькуляторы болады. Олар тек кредит бағдарламасы туралы ақпарат алуға ғана емес, сонымен қатар кредит берудің бүкіл мерзіміндегі төлем кестесімен алдын ала танысуға мүмкіндік береді.
ЦентрКредит Банкінің online bcc.kz ресми сайтында кредит калькуляторы әрбір кредит өнімінің парақшасында ұсынылған. Кредит берудің ең аз және ең көп сомасы, сондай-ақ мерзімі көрсетілген: пайдаланушы талап етілетін параметрде тек «жүгірткіні» тоқтатуы қажет. Осы бағандарды толтырғаннан кейін сома автоматты түрде есептеледі.
Есептеу нәтижелері танысу болып табылатынын ескеріңіз. Нақты мәліметтерді кредит өнімін ресімдейтін кезде Банктің маманынан аласыз. Калькулятор сізге кредит жүктемесін түсінуге, бірнеше бағдарламаның талаптарын салыстыруға мүмкіндік береді.