Жыл басталғалы бері қазақстандықтардың арасында мобильді аударымдар өзекті тақырыпқа айналғаны рас. Мұның себебі 1 қаңтардан бастап салық органының қызметкерлері салықтан жалтарып жүрген кәсіпкерлерді анықтау мақсатында ақша аударымдарын тексере бастауы. Бұдан сескенген кейбір шағын кәсіп өкілдері мобильді аударымдардан бас тартып, бірыңғай қолма-қол ақшамен сауда жасауға көшкен-ді. Бұл өз кезегінде қолма-қол ақша айналымының артуына әкелуде. Сонымен, қандай жағдайда кәсіпкер салық органы өкілдерінің назарына ілінуі мүмкін? Оның арты неге апарып соғады? Материалымыздан оқи аласыздар.
Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерінің мәліметінше, ақша аударымдарын тексерудегі басты мақсат – заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, салықтан жалтарып жүрген азаматтарды әшкерелеу. Мәселен, кейбір дүкен, кішігірім сауда орталықтарының иелері төлемді аударым арқылы қабылдайды. Дегенмен бұлай жасалған сауда кезінде бақылау-кассалық аппараттар мен POS-терминалдар қолданылмайды. Тиісінше, бұл операциялар кірістер комитетінің назарынан тысқары қалып, олар үшін салық салынбайды. Мұнымен қоса сатып алушының құқығы бұзылады: егер ол белгілі бір себептерге байланысты тауарды қайтарып немесе басқа да талап қойғысы келсе, түбіртексіз ол ешнәрсе дәлелдей алмайды.
Онлайн-бухгалтерия
Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!
Кірістер комитетінің өкілдері қазақстандықтар өзара жасаған барлық мобильді аударымдарды тексермейді. Тек үш ай ішінде 100 немесе одан көп адамдардан аударымдар келіп түскен шот иесі құзырлы органдар назарына ілінеді. Комитет өкілдері нақтылауынша, түскен қаражат сомасы 3 ЖТМ (жалақының төменгі мөлшері, 2024 жылы бұл көрсеткіш 255 000 теңгеге тең) жоғары болған жағдайда тексеріс жүргізіледі.
ҚР Қаржы министрі Нұрлан Байбазаров көрсетілген сома ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес келетінін түсіндірді. Ол кәсіпкерлік қызметтен түскен жылдық табысы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен (шамамен 1 миллион теңге) асатын тұлғалар ЖК ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуден өтуге жататынын алға тартты.
Дегенмен бұл жақындарыңызға ақша аударуға болмайды деген сөз емес. Кәсіппен айналыспайтын азаматтар емін-еркін жеке мақсаттары үшін туыстарына, достарына, жақындарына және басқа адамдарға аударым жасап, өздері ақша қабылдай алады. Бұл ретте еш шектеу жоқ. Дегенмен аударымдар үш ай ішінде 100 түрлі адамнан келіп түссе, шот иесі салық органдары назарына ілінуі мүмкін.
Егер азаматтардың шотына аударылған қаражат көлемінен кәсіпкерлік белгілері байқалса, онда кірістер комитеті шот иесін камералдық бақылауға алады. Яғни, оның аясында жеке тұлғаның салық органдарында тіркеудің бар-жоғы, табыс пен мүліктің көрсетілуі, кірістерінің өзгеруі тексеріледі. Негізінен бұл тексеріс қазақстандықтарға заң бұзушылықтарды өз бетінше түзеуге, атап айтсақ, ЖК ретінде тіркеліп, түскен аударымдарды қосымша кіріс ретінде декларация мүмкіндігін ұсынуға бағытталған. Алайда шот иесі мұнымен келіспесе, құжаттарды көрсете отырып, кәсіпкерлікпен айналыспайтынын дәлелдей алады.
Ал ескертуді елемеген азаматтың үстінен тексеру жүргізіліп, оның барысында банктерден жеке тұлғаның шоты бойынша толық ақпарат сұратылып, заң бұзушылықтардың болуы немесе болмауы туралы шешім шығарылады.
Мемлекеттік кірістер комитеті ескертуінше, тіркеусіз ЖК ретінде қызмет еткендерге әкімшілік жауапкершілік ретінде 15-тен 100-ге АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Сонымен қатар кірістерді жасыру да айыппұлға әкеледі. Оның мөлшері кіріс сомасының 200%-ына тең. Жағдай қайталанса, айыппұл 300%-ға дейін артады. Одан бөлек сауда орны түбіртек бермегені үшін де 15-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл арқалайды.
Комитет мәлім еткендей, ең алдымен, кәсіпкер ретінде мобильді аударымдар арқылы пайда тапқан қазақстандықтар кәсіпкерлік қызметке арналған жеке арнайы шот (бизнес-шот) ашуы керек.
Бұл ретте салық кодексінде микро және шағын бизнеске жеңілдетілген салық шарттары қарастырылған. Оның мөлшері салық көлемі қызмет түріне байланысты 1-4% аралығында. Кәсіпкер өзіне ыңғайлы салық режимін таңдай алады, атап айтсақ, патент (1%), жеңілдетілген декларация (3%), бөлшек салық режимі (4%). Мұндай режимді салық пен әлеуметтік төлемдерді есептеу мен төлеу автоматты түрде жүргізілетін е - salyq Business мобильді қосымшасында таңдауға болады.
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз
"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" ҚР заңының 25-бабына сәйкес төлем жасаудың әртүрлі тәсілдері көзделген, атап айтсақ: банк картасы, QR-төлем немесе қолма-қол ақша. Қолма-қол ақшасыз төлем қабылдаудан бас тартқан кәсіпкердің әрекеті заңсыз және бұл сатып алушы құқығын бұзу.
Басқа төлем тәсілдерін қабылдамай, қолма-қол ақша талап еткен кәсіпкерге әкімшілік жауапкершілік көзделген. Алғаш рет заң бұзғаны үшін оған ескерту жасалады, жағдай қайталанса, Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 194-бабында айтылғандай 40 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 10 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 510,08 тг., ал ресей рублінің курсын 5,15 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы нығайды. 2024 жылғы 9 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, төмендеу -4,57 тг. құрады (514,65 тг.-ден 510,08 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, төмендеу -0,02 тг. болды (5,17 тг.-ден 5,15 тг.-ге дейін).
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 9 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 514,65 тг., ал ресей рублінің курсын 5,17 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы нығайды. 2024 жылғы 6 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, төмендеу -10,00 тг. құрады (524,65 тг.-ден 514,65 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, +0,03 тг. өсті (5,14 тг.-ден 5,17 тг.-ге дейін).
USD/KZT жұбының курсы 2,64%-ға нығайып, сауда көлемі 280 млн USD болғанда 508 теңгені құрады.
RUB/KZT жұбының курсы +1,08%-ға өсіп, 6 663 млн RUB сауда көлемінде 5,14 теңгені көрсетті.
Теңге күрт әлсірегеннен кейін, әдеттегідей, оның нығаюы байқалады.