Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
15 қыркүйек 2025
Жаңартылды: 15 қыркүйек 2025

Қазақстаннан шетелге: ақшаны қалай аударуға болады?

Жылжымайтын мүлік, көлік сатып алу, бизнес қажеттіліктері үшін қомақты сомаларды аудару — ел ішінде бұл мәселелер айтарлықтай тез шешіледі: банктің мобильді қолданбасы арқылы картадан картаға ақша аудару жеткілікті. Ал егер дәл осы операцияларды орындау қажет болып, бірақ алушы шетелде болса ше? ЦентрКредит Банкі ұсынатын ақша аудару нұсқаларын қарастырайық.  

Қазақстаннан Өзбекстанға ақшаны қалай жіберуге болады?

Өзбекстан — Қазақстанның көршісі. Бұл елге қазақстандықтар көбіне жұмыс бабымен, демалу үшін немесе медицина орталықтарында ем қабылдау мақсатында барады. Бағыттың сұранысқа ие болуына визасыз режим, жолдардың алуан түрлілігі және бай мәдениет ықпал етеді. Сонымен қатар көрші елде көптеген қазақстандықтың туыстары тұрады.  

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Өзбекстанға қаражатты ЦентрКредит Банкінің bcc.kz мобильді қолданбасы арқылы жылдам әрі ыңғайлы түрде жіберуге болады:

Ақшаны картаға да, телефон нөмірі арқылы да жіберуге болады. Соңғысы — алушының толық деректерін білмеген жағдайда ең қолайлы нұсқа. Қазіргі таңда телефон нөмірі бойынша ақша аударуға мүмкіндік беретін Қазақстандағы жалғыз банк — ЦентрКредит Банкі. 

Өзбекстанның HUMO және UZCARD ұлттық төлем жүйелерінің карталарына жасалған аударымдар Өзбекстанның ақша бірлігі – сом түрінде есепке алынады. Ақша қолданыстағы бағам бойынша айырбасталады.  

Ақша алушының картасына әп-сәтте түседі.

Тәулігіне 1 000 000 теңгеге дейін ақша аударуға болады. Айлық лимит — 4 000 000 теңгеге дейін.  

Өзбекстанға ақша аудару ыңғайлы ғана емес, сондай-ақ тиімді екеніне назар аударыңыз. 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін ЦентрКредит Банкі телефон нөмірі арқылы немесе картаға ақшаны комиссиясыз аударуға мүмкіндік беретін акция өткізіп жатыр.

Бүкіл әлем бойынша қомақты сомаларды қауіпсіз жіберу жолы

Сонымен қатар Қазақстаннан әлемнің кез келген еліне ақшаны халықаралық SWIFT жүйесі арқылы жіберуге болады. Қазіргі таңда бұл — әртүрлі елдердегі заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржы операцияларын жүргізудің негізгі тәсілдерінің бірі. SWIFT-ақша аударымдарының басты артықшылықтары:

  • Ақшаны кез келген валютамен жеке тұлға да, заңды тұлға да ала алады. Желі әлем елдерінің басым бөлігінде жұмыс істейді.
  • Заманауи қауіпсіздік жүйелері деректердің конфиденциалдығына кепілдік береді.  
  • Егер сізге қомақты соманы аудару қажет болса, комиссия мөлшері төмен болады.
  • Ақша аударымдары үш күн ішінде өңделеді.
  • Ақшаны банк бөлімшесінде де, bcc.kz қолданбасында да аударуға болады. ЦентрКредит Банкінің қолданбасы ыңғайлы интерфейсімен ерекшеленеді — ақшаны небәрі үш батырманы басу арқылы аударуға болады. Банк қолданбаларын сирек пайдаланатын адамдар үшін де bcc.kz қолданбасын түсіну қиындық тудырмайды.
Алтынға инвестиция салу: асыл металды қайдан сатып алған дұрыс, кіріс алу үшін қалай ақша салу керек?
Қазақстандағы криптовалюта: онымен не істеуге болады, не істеуге болмайды
Қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдер

Қазақстаннан Еуропаға ақша жіберу жолы

Грекия, Кипр, Румыния, Сербия сияқты Еуропа елдеріне, сондай-ақ Ресейге және жақын шет мемлекеттерге ақша жіберу үшін KoronaPay («Золотая Корона») сервисін пайдалануға болады. Бұл сервисті Армения, Әзербайжан, Беларусь және Өзбекстан сияқты ТМД елдеріне ақша аудару үшін де қолдануға болады. Бұған қоса Қытай мен Кореяға да ақша жібере аласыз.  

Аударым bcc.kz мобильді қолданбасы арқылы онлайн жүзеге асырылады. Бірақ бұл оның жалғыз артықшылығы емес: 

  • Ақша жіберілгеннен кейін бірнеше секунд ішінде алушыға түседі. Ол қаражатты өз қаласындағы кез келген ыңғайлы нүктеден ала алады (паспорт пен операцияның бірегей коды қажет болады).
  • Жіберушіге тек қала мен елді, сондай-ақ алушының аты-жөнін және телефон нөмірін көрсету жеткілікті.  
  • Аударымның мәртебесін сервистің сайтында тәулік бойы қадағалауға болады.
  • Сервис ең жоғары пайда алуға көптеген мүмкіндік ұсынады. Мысалы, Ресей мен ТМД елдеріне ақша аудару үшін ең төмен комиссия алынады. Егер валютаны «Золотая Корона» сервисінің бағамы бойынша айырбастасаңыз, 0% тарифін пайдалана аласыз. Тағы бір маңызды артықшылығы — рубльмен аударымдарда қосымша ақша айырбастау қажет емес.

#TravelCard — саяхатқа арналған артықшылықтары бар карта

Әуебилет сатып алу, қонақ үйде тұру және жалға автокөлік алу үшін жеңілдіктер мен кэшбэк алыңыз

Қазақстаннан АҚШ-қа ақшаны қалай жіберуге болады?

ЦентрКредит Банкі — америкалық Western Union корпорациясының серіктесі болған алғашқы қазақстандық банк. 150 жылдан астам уақыт бұрын құрылған бұл компания бүкіл әлем бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырады: 200 елде 300 000-нан астам қызмет көрсету пункті бар. Сондықтан егер сізге АҚШ-қа ақша жіберу қажет болса, Western Union сервисін пайдаланыңыз. Мұны bcc.kz мобильді қолданбасы арқылы онлайн жасауға болады.

Сервистің артықшылықтарын бағалаңыз:

  • Операцияның қауіпсіздігіне бірегей он таңбалы нөмір кепілдік береді, оны жіберуші алады және алушыға хабарлайды.
  • Ақшаны теңгемен немесе USD-мен жіберуге болады. Ең жоғарғы сома — 10 000 USD.
  • Алушы ақшаны жіберілгеннен кейін 15 минут өткен соң пайдалана алады.

Western Union – бұл Қазақстаннан АҚШ-қа ғана емес, Кореяға, Канадаға, Қытайға, Тайландқа, Түркияға, БАӘ-ге, Германияға, Италияға ақша жіберудің оңай жолдарының бірі.  

Аударым 5 минуттан артық уақыт алмайды. Бұл ретте жіберуші тек алушының қаласын, елін және аты-жөнін көрсетуі қажет. Алушы паспортын ұсына отырып, ақшаны қаласындағы кез келген ыңғайлы нүктеден ала алады. Тарифтер сомаға ғана емес, сондай-ақ ақша аударылатын елге де байланысты. Мысалы, АҚШ-қа ақша аудару үшін ең төменгі төлем — 15 USD, ал Түркияға — 3 USD.

Сонымен қай сервисті таңдаған жөн?

Ақша аудару тәсілін таңдаған кезде алушы тұратын елді ескеріңіз. Егер ақшаны Өзбекстанға жіберу қажет болса, дәл осы елге арналған жедел аударым — ең тиімді шешім. Оның үстіне акция аясында операцияны комиссиясыз жүргізуге болады. Ірі сауда жасау, мысалы, жылжымайтын мүлік немесе автокөлік алу, сондай-ақ медициналық қызметтер немесе білім беру ақысын төлеу үшін SWIFT жүйесін пайдаланған жөн. Бұл — әмбебап сервис және ол арқылы төмен комиссиямен көптеген елге кез келген соманы аударуға болады. ТМД және Еуропа елдеріне шағын сомаларды аудару үшін KoronaPay және Western Union сияқты сервистер ең қолайлы.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды