Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
27 мамыр 2025
Жаңартылды: 10 маусым 2025

Қазақстандағы онлайн ипотека калькуляторы дегеніміз не және ай сайынғы төлемді теңгемен қалай есептеуге болады?

Егер сіздің тұрғын үйді бірден сатып алып, толық соманы төлеуге мүмкіндігіңіз болмаса, ипотекалық кредит беру бағдарламасын қарастыруға болады. Бұл бағдарлама жылжымайтын мүлікті кредитке сатып алып, оны ұзақ уақыт ішінде бөліп төлеуге мүмкіндік береді.
Сатып алынатын жылжымайтын мүліктің орналасқан жері
Табыстың қосымша расталуымен
мин. 1 000 000 ₸
макс. 300 000 000 ₸
мин.
макс.
Наше предложение
Мөлшерлеме
%
СЖТМ
%
Кредит сомасы
Ежемесячный платеж
Өтеу тәсілдері
Расчет калькулятора ознакомительный. Подайте заявку, чтобы получить точное решение

Бұл калькулятордың тек ақпараттық мақсатта ұсынылатынына және ипотека төлемдерін есептеуге арналған ресми құрал болып саналмайтынына назар аударыңыз.

Ипотеканы ресімдеу — қарапайым әрі ыңғайлы процесс. Мысалы, ЦентрКредит Банкі онлайн ресімдеу мүмкіндігін ұсынады. #Онлайн ипотека бағдарламасы қайталама тұрғын үйге арналған және 100 млн теңгеге дейінгі қарыз сомасын қарастырады. Өтінім 2 минутта қаралады және банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ.

Ипотеканы ресімдеудің алғашқы қадамы — онлайн-калькулятордың көмегімен талаптарды есептеу. Бұл сервис негізгі параметрлерді (жылжымайтын мүлік құны, бастапқы жарна, мерзім) есепке ала отырып, ай сайынғы төлем мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен қаржы жүктемесін есептеп, бюджетті тиімді жоспарлауға болады. Ипотекалық кредит калькуляторы қандай параметрлерді ескеретінін және Қазақстанда тұрғын үй сатып алған кезде төлемді қалай есептеуге болатынын қарастырайық.

Сатып алынатын тұрғын үйдің орналасқан жері

Тұрғын үйдің орналасқан жері оның құны мен бастапқы жарна мөлшеріне әсер етеді.

Мысалы, #Онлайн ипотека бағдарламасы бойынша кіріс ресми түрде расталса және бастапқы жарна тұрғын үй құнының 20%-ына тең болса, онда тұрғын үйдің ең жоғары құны мынадай болады:

  • Астана мен Алматы қалаларында — 50 миллион теңге;
  • Шымкент, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен қалаларында — 45 миллион теңге;
  • қалған өңірлерде — 30 миллион теңге.

Егер қарыз алушы бастапқы жарна ретінде 30%-дан астам соманы салса, онда тұрғын үй құнына қатысты шектеу қойылмайды.

1 күнде баспаналы болыңыз

Ипотеканы бүгін алыңыз

Жылжымайтын мүліктің құны

Сатып алынатын тұрғын үйдің құны ипотекалық қарыздың мөлшерін айқындайды. Тұрғын үйдің бағасы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым көп қарыз қаражаты қажет болады.

Бастапқы жарна

Онлайн-калькулятор арқылы ипотеканы есептеу үшін бастапқы жарна мөлшерін нақтылау қажет. Ипотекалық бағдарламалар тұрғын үй құнының 80%-ына дейін жабады. Демек, клиент өз қаражаты есебінен 20%-дан бастап бастапқы жарна салуы тиіс. Сәйкесінше, салынған қаражат сомасы неғұрлым көп болса, қарыз қаражаты соғұрлым аз қажет болады.

Пайыздық мөлшерлеме

Пайыздық мөлшерлеме — есептеудегі ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Ол кредитті пайдаланғаныңыз үшін жылына артық төлем мөлшерін анықтайды. Мөлшерлемеге бастапқы жарна әсер етеді: жарна неғұрлым көп және кредит беру мерзімі неғұрлым қысқа болса, пайыз соғұрлым төмен болады.

#Онлайн ипотека бағдарламасының мысалында қарастырайық. Егер кредит беру мерзімі 10 жылға дейін болған кезде бастапқы жарна 20%-дан басталса, мөлшерлеме жылдық 19% (СЖТМ 21,1%) болады. Сол талаптарда мерзім 15 жылға жетсе, мөлшерлеме – жылдық 19,5% (СЖТМ 21,6%). Егер клиент тұрғын үй құнының 50%-дан астамын өзі төлесе, 10 жылға мөлшерлеме жылдық 18% (СЖТМ 19,9%), ал 15 жылға ресімдеген жағдайда, мөлшерлеме жылдық 19%-ға (СЖТМ 21%) тең болады.

2025 жылы Қазақстандағы мүлік салығы
2025 жылы Қазақстанда ЖК-ны қалай ашуға болады
Қытаймен бизнесті қалай нөлден бастауға болады?

Кредит беру мерзімі

ЦентрКредит Банкі ұсынған бағдарлама бойынша ипотека мерзімі — 3 жылдан 15 жылға дейін. Кредит беру мерзімі неғұрлым ұзақ болса, ай сайынғы төлем сомасы соғұрлым төмен болады. Сондықтан да қарыз алушылардың көпшілігі ұзақмерзімді бағдарламаларды таңдайды.

Кірісті қосымша растау

Қазақстандағы ипотеканың онлайн-калькуляторы кірісті жанама түрде растау мүмкіндігін қарастырады. Егер сіздің кірісіңіз зейнетақы аударымдарын ескермей есептелсе, «Кірісті қосымша растау» деген жолаққа белгі қою қажет. Бұл жағдайда банк шешімді қосымша кіріс негізінде қабылдайды.

Кіріс жанама түрде расталған жағдайда сыйақы мөлшерлемесі жоғары болады — жылдық 21,25%-ға дейін (СЖТМ 23,8%).

Жаңа автомобильге 7 жылға дейін кредит, 45 млн ₸-ға дейін, жылдық мөлшерлемесі 21,7%-дан басталады. Бастапқы жарна – 10%-дан бастап.



Кредитті өтеу тәсілі

Қазақстандағы ипотека калькуляторы аннуитеттік немесе сараланған төлем түрін таңдауға мүмкіндік береді:

  1. Аннуитеттік төлем тәсілі бойынша ай сайынғы төлем мөлшері кредит мерзімі бойы бірдей болады. Алдымен пайыздың сомасы ұлғаяды, ал негізгі борыш азаяды. Кейін бұл процесс керісінше жүреді.  Алайда төлеуші үшін бұл ауытқу байқалмайды, өйткені сома өзгеріссіз қалады. Басқаша айтқанда, қарыз алушы ай сайын негізгі борышты да, есептелген пайызды да өтейді.
  2. Сараланған төлем тәсілі кезінде де тең бөліктермен төлеу қарастырылған. Бірақ бұл ретте ақша алдымен пайызды өтеуге ғана, содан кейін негізгі борышты өтеуге ғана жұмсалады.

Есептеу мысалы

Мысалы, сіз Астанада қайталама тұрғын үй сатып алғыңыз келеді және #Онлайн ипотека кредит беру бағдарламасын пайдаланғыңыз келеді. Бұл бағдарлама 1960 жылдан бастап салынған үйлерге қатысты қолданылады және жылжымайтын мүліктің ауданына шектеу қоймайды. Сізге 1975 жылы салынған кірпіш үйдегі 3 бөлмелі пәтер ұнады делік. Оның құны — 25 млн теңге. Сіз бастапқы жарна ретінде тұрғын үй құнының 30%-ын төлеуге дайынсыз. Қазақстанда төлемдерді теңгемен есептеу үшін ипотека калькуляторын қалай толтыруға болады?

  1. Сатып алынатын жылжымайтын мүліктің орналасқан жері: Астана.
  2. Кірісті қосымша растау: жоқ.
  3. Жылжымайтын мүліктің құны: 25 000 000 теңге
  4. Бастапқы жарна (30%): 7 500 000 теңге.
  5. Мерзімі: 120 ай (10 жыл)
  6. Өтеу түрі: аннуитеттік төлем.

Жүйе автоматты түрде мөлшерлемені (19%) анықтайды, кредит сомасын (17 500 000 теңге) есептейді және ай сайынғы төлемді шығарады. Біздің мысалда қарыз алушы ай сайын 326 677 теңге төлеуі қажет.

Сервис есептеулері тек таныстыру мақсатында ұсынылған және өз мүмкіндіктеріңізді шамамен бағалауға мүмкіндік береді

Кредит беру бағдарламасын пайдалану үшін «Өтінім беру» батырмасын басу қажет. Алдымен сізге ипотеканың алдын ала мақұлдауы беріледі. Интернет-банкингке кіріп, сатып алынатын тұрғын үй мен сатушы туралы мәліметтерді көрсетіп, банктің түпкілікті шешімін күтіңіз. Мақұлданған жағдайда, құжаттарға ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет — осылайша ипотека ресімделді: банк қаражатты сатушыға аударады, ал сіз пәтер кілтін ала аласыз.

#Онлайн ипотека бағдарламасының артықшылықтары

  • Онлайн ипотеканы ресімдеу үшін тек жеке куәлік қажет — құжаттар жиынтығын жинаудың қажеті болмайды.
  • Банк қарыз алушыны жылжымайтын мүлік таңдауда шектемейді. Бір ғана талап — үй 1960 жылдан бастап салынған болуы тиіс. Қабырғалардың материалы кез келген болуы мүмкін: кірпіш, блок, бетон, панель, монолит және т.б. Пәтер қабаты, ауданы, тұрғын бөлмелер саны — бәрі де қарыз алушының өз еркіне байланысты.
  • Кредит беруге өтінімді қарау тегін, бұл қаржы жүктемесін азайтады.
  • Барлық мәміле онлайн өтеді — банкке баруға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ..

Толығырақ ақпарат алу және сұрақтарыңызды қою үшін ЦентрКредит Банкінің менеджерімен тәулік бойы жұмыс істейтін 505 қысқа нөмірі (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) арқылы байланысыңыз.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды