Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
24 маусым 2025
Жаңартылды: 24 маусым 2025

Кредит бойынша дифференциалдық және аннуитеттік төлем: айырмашылығы неде және қайсысы жақсырақ?

Аннуитеттік төлем мен дифференциалдық төлемнің айырмашылығы неде? Қарыз алушы үшін қайсысы тиімдірек?

Кредит ресімдеу ай сайынғы төлемдерді — яғни қарызды бөліп өтеуді қарастырады. Бұл төлемдердің сомасы екі бөліктен тұрады: негізгі борыш (яғни клиент банктен нақты қарызға алған ақша) және пайыз (қарыз қаражатын пайдаланғаны үшін есептеледі). Негізгі борыш пен пайыздың арақатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты төлемдер дифференциалдық және аннуитеттік болып екіге бөлінеді.


Кредит бойынша дифференциалдық төлем дегеніміз не? 

Алдымен, кредит бойынша дифференциалдық төлемнің мәнін түсініп алайық. Бұл төлем түрінде клиент әр ай сайын негізгі борыштың бірдей бөлігін және есептелген пайызын төлейді. Уақыт өте келе борыш қалдығы азаятындықтан, төлем сомасы да біртіндеп төмендей береді.

Кредит ресімдегеннен кейін алғашқы уақытта төлем мөлшері көбірек болады, бұған алдын ала дайын болу қажет. Алайда төлем жасалған сайын олар біртіндеп азая береді.

Бұл төлем түрінің басты артықшылықтарының бірі — ең аз артық төлеммен мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі.

Есептеу ерекшеліктері

Дифференциалдық төлемді есептеу аннуитеттік төлемге қарағанда жеңілірек. Есептеу үшін мына формула қолданылады:

ДТ = (КС ÷ ПТ) + (КҚ × ЖП × КА ÷ КЖ), мұнда:

  1. ДТ — дифференциалдық төлем.
  2. КС — кредит сомасы.
  3. ПТ — бүкіл кредит беру кезеңінде жасалатын ай сайынғы төлемдердің саны.
  4. КҚ — кредит (негізгі борыш) қалдығы.
  5. ЖП — пайыздық мөлшерлеме. 
  6. КА — есеп айырысу айындағы күндер саны.
  7. КЖ — кредит төленетін жылдағы күндер саны.

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Мысал

Клиент банкте кредит ресімдеді делік: ол 5 жылға 3 миллион теңге сомасында қарыз алды. Мөлшерлеме — жылдық 15%. Енді ол ай сайын қанша төлейді? 

  • 1. 3 000 000 теңгені кредит мерзіміндегі айлар санына бөлеміз (60 ай — бұл 5 жыл). Нәтижесінде 50 000 теңге шығады. Бұл дегеніміз — негізгі борышты өтеуге бөлінетін сома 50 000 теңге болады. Сонымен қатар жылдық 15% төлеу қажет.
  • 2. Бірінші айда банкке қанша төлеу қажет екенін есептеу үшін жоғарыда келтірілген формуланы қолданамыз. Нәтижесінде мынаны аламыз: (3 000 000 ₸ ÷ 60) + (3 000 000 ₸ × 0,15 × 30 ÷ 365) = 86 986,3 теңге. Бұл бірінші айдағы төлем сомасы болады.  
  • 3. Екінші айда қанша төлеу қажет? Алдымен қарыз алушы бірінші рет төлеген 50 000 теңгені негізгі борыштан шегереміз. Сонда негізгі борыш қалдығы — 2 950 000 теңге (3 000 000 – 50 000). Одан кейін формуланы қолданамыз және 86 369,86 теңге деген нәтижеге қол жеткіземіз.

Көріп тұрғанымыздай, екінші айда төлем мөлшері азаяды: ол әр төлем сайын біртіндеп қысқарып отырады.

Кредит бойынша аннуитеттік төлем дегеніміз не?

Енді аннуитеттік төлемнің не екенін және оның дифференциалдық төлемнен қандай айырмашылығы бар екенін түсініп алайық. Аннуитеттік төлем — клиент үшін түсінікті әрі болжамды тәсіл, себебі ай сайын бірдей сома төленеді. Біріншіден, бұл бюджетті жоспарлауға ыңғайлы. Екіншіден, төлемдерді автоматтандырып, автотөлемді теңшеп қоюға болады, осылайша төлеуді ұмытып кету қаупі болмайды.

Кредит ресімделгеннен кейін бірден ай сайынғы төлемнің негізгі бөлігі пайыздан тұрады. Сол себепті негізгі борыш баяу жабылады. Сонымен қатар банктер мерзімінен бұрын өтеуге жиі шектеу қояды: кредитті алғашқы жылы жабуға болмайды немесе тек айыппұл төлей отырып жабуға болады. Себебі егер клиент кредитті алғашқы жылы жапса, банк пайызын ала алмайды. Сондай-ақ маңызды бір жайт — мерзімінен бұрын толық өтеу мен мерзімінен бұрын ішінара өтеуге қатысты тариф әртүрлі болуы мүмкін.

Есептеу ерекшеліктері

Кредит бойынша аннуитеттік төлем арнайы формула арқылы есептеледі. Формула күрделі болғандықтан, клиентке банк сайтындағы калькуляторды қолданған ыңғайлырақ: формулаға мәндеріңізді (сомасын, пайызын, мерзімін) енгізу жеткілікті.

Жалпы формула келесідей:  

АТ = КС × k, мұнда:

  1. АТ — аннуитеттік төлем.
  2. КС — кредит беру сомасы.
  3. — аннуитет коэффициенті.

Аннуитет коэффициентін қайдан алуға болады? Ол да формула бойынша есептеледі:

k = ((ПМ × (1 + ПМ)^ПТ) ÷ ((1 + ПМ)^ПТ — 1), мұнда:

  1. ПМ — айлық пайыздық мөлшерлеме (жылдық мөлшерлеме алдымен 12 айға, содан кейін 100%-ға бөлінеді).
  2. ПТ — клиент кредитті жабу үшін жасайтын төлемдердің жалпы саны. Кредит неше айға берілсе, төлем саны да сонша болады.
Демалыс күндерін қалай дұрыс есептеу керек? Демалыстың қандай түрлері бар және олардың ерекшеліктері қандай?
Кредиттік картаны максималды пайдамен пайдалану жолы: 5 лайфхак
Кредит картасы: бұл не және ол қалай жұмыс істейді?

Кредит бойынша артық төлем үшінші формула бойынша есептеледі:

Артық төлем = (АТ × МА) — ҚС, мұнда:

  • АТ — ай сайынғы төлем.
  • МА — мерзімі айлармен.
  • ҚС — қарыз сомасы.

Мысал

Дифференциалдық және аннуитеттік төлемдер арасындағы айырмашылықты бағалау үшін аннуитет мысалындағы дәл сол цифрларды қолданамыз. Сонымен клиенттің 3 000 000 теңге сомасында, 5 жылға (60 ай) берілген кредиті бар, ал пайыздық мөлшерлеме — 15%. Енді қарыз алушы ай сайын қанша төлейді?

  1. 1. Коэффициентті есептейміз.
    (0,0125 × (1 + 0,0125)^60) ÷ ((1 + 0,0125)^60 — 1) = 0,0237.
  2. 2. Аннуитет мөлшерін анықтаймыз.
    3 000 000 ₸ × 0,0237 = 71 370 теңге.
    Осылайша клиент ай сайын 71 370 теңге төлейді. Бұл дифференциалдық төлем мысалындағы сомадан шамамен 14 мың теңгеге аз.  
  3. 3. Артық төлемді есептейміз. 
    Артық төлемді есептеу үшін ай сайынғы төлем сомасын кредит мерзіміндегі айлар санына көбейтіп, одан қарыз сомасын шегеру қажет. Яғни, 71 370 теңгені 60 айға (5 × 12 = 60) көбейтіп, 4 282 200 теңге аламыз. Одан 3 000 000 теңгені шегереміз. Нәтижесінде 1 282 200 теңге аламыз. Бұл — бүкіл мерзім бойындағы артық төлем мөлшері.

1 күнде баспаналы болыңыз

Ипотеканы бүгін алыңыз

Ендеше қайсысы тиімдірек?

Егер тек құрғақ сандарға сүйенсек, аннуитеттік төлем тиімдірек болып көрінеді, өйткені ай сайынғы төлем аз, ал артық төлем көп емес. Алайда төлемдердің кейбір ерекшеліктерін де ескеру қажет:

Дифференциалдық төлем кезінде ай сайынғы төлем көлемі азаяды, сондықтан қаржылық жүктеме біртіндеп жеңілдейді.

Аннуитеттік төлем кезінде клиент әр айда бірдей сома төлейді, бұл бюджетті жоспарлауды жеңілдетеді.

Төлем түрін өзгертуге бола ма?

Қарыз қаражатын пайдалану және кредитті барынша тиімді ету үшін төлем түрін өзгертуге болады. Көптеген банк, соның ішінде ЦентрКредит Банкі де, мұндай мүмкіндік ұсынады. Төлем түрін онлайн, яғни bcc.kz мобильді қолданбасы арқылы өзгертуге болады. Процедура бар болғаны бірнеше минут уақытыңызды алады:

  • «Кредиттер» бөліміне өтіңіз.
  • Төлем түрін өзгерткіңіз келетін кредит өнімін таңдаңыз.
  • «Төлем түрін өзгерту» батырмасын басыңыз да, кредит бойынша шығыныңызды азайтыңыз.

Бұл қызмет ақылы, алайда ең төменгі комиссия мөлшері қарастырылған (5 000 теңге). Сонымен қатар төлем түрін өзгерту мүмкіндігі барлық кредит өніміне қатысты бола бермейтінін де ескерген жөн.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды