Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Бухгалтерия
25 қараша 2024
Жаңартылды: 11 ақпан 2026

2026 жылы Қазақстандағы (ҚР) ҚҚС: бұл не, салықты кім төлейді және оны қалай есептеу керек

ҚР-дағы тауар өткізетін және қызмет көрсететін компаниялардың көпшілігі әдеттегі салықтан басқа, қосылған құн салығын (ҚҚС) да төлеуі керек. Ол тауар сатып алынған баға мен оны сатқан баға арасындағы айырма түріндегі сомада есептеледі. Өндірушінің немесе сатушының шығысын өтеу үшін тауар/қызмет құнына салық кіреді. 2026 жылы ҚР-да ҚҚС-ны төлеген кезде алынған ақша мемлекеттік бюджетке жіберіліп, маңызды қажеттіліктерге жұмсалады.

Кім ҚҚС-ны төлейді 

Бюджетке салық төлеу қажеттілігі бизнестің айналымынан туындайды. Мәселен, егер айналым бір жылда 20 мың АЕК-тен (бұл – 2026 жылы 43 250 000 теңге) асса, Қазақстанда:

  1. ЖК-нің, серіктестіктердің;
  2. егер елде бөлімшелері немесе филиалдары болса, бейрезидент-компаниялардың;
  3. жеке мамандардың, мысалы, бағалаушылардың немесе адвокаттардың ҚҚС-ны төлеу бойынша салықтық міндеттемелері туындайды.

Айтпақшы, 2026 жылы ҚР-да 10 мың АЕК ҚҚС бойынша шекті мән (шек) деп аталады. Бұл – ең төменгі айналым: егер одан асырса, міндетті түрде ҚҚС бойынша есепке тұру қажет.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 

Салық төлеуден кім босатылады

ҚҚС төлеу міндеті жоқ:

  • МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмек сататын бизнеске.

  • МӘМС аясында қызмет көрсететін компанияларға.

  • Жеке практикамен айналысатын тұлғаларға.

  • Мемлекеттік мекемелерге.

  • Жеке тұлғаларға.

  • Арнайы салық режимі шеңберінде жұмыс істейтін салық төлеушілерге.

Қазақстанда ҚҚС қанша пайызды құрайды 

Қазақстанда ҚҚС қалай есептеледі? Есептеу қолданыстағы 16% мөлшерлеме негізінде жүзеге асырылады. Бұл мөлшерлеме Қазақстан аумағында сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің барлығына қолданылады.

Сондай-ақ 16% мөлшерлеме импортпен айналысатын компанияларға да қолданылады. Бұл жағдайда ҚҚС айналым сомасына байланысты емес, ол импортталатын тауардың кедендік құны негізінде есептеледі.

Қашан есепке тұру керек 

Егер бизнесіңіздің айналымы шекті мәннен асса, салық органына өтініш беруге 10 күніңіз бар. Бұл ҚҚС бойынша есепке тұруға мүмкіндік береді. Егер бұлай істемесеңіз, айыппұл санкциялары қолданылады. Айыппұл 50 АЕК-ті (216 250 теңгені) құрайды. Одан басқа кәсіпорынның кешіктірген кезеңге айналымның 15 %-ын төлеуіне тура келеді. Ал бұл – бизнестің жұмысына теріс әсер ететін айтарлықтай шығыс.

Салық төлеуден үнемдегісі келетін жосықсыз бизнесмендер өз айналымын жасыруға тырысады. Бірақ мұндай әрекет нәтиже бермейді, өйткені салық қызметі айналымы шекті мәнге барынша жақындаған компанияларды қадағалайды.

Егер кәсіпкер есепке тұрмаса, не істеу керек? Мұндай жағдайда ол салық қызметінен хабарлама алады. Құжатты алғаннан кейін бизнесмен 30 күн ішінде есепке тұруы керек. Олай болмаған жағдайда, банктік шот бұғатталады.

2024 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау жүргізіледі: бұл не және кімге қатысты?
ҚР-да ЖШС-ны қайта тіркеу

Қалай есепке тұру керек 

Бұл процедура барынша оңай. Одан офлайн және онлайн өтуге болады:

  1. Офлайн. Кәсіпкер аумақтық мемлекеттік кіріс органында (МКО) өтініш толтырады.
  2. Онлайн. Egov.kz электрондық үкімет сайтында электрондық өтінімді ресімдеу қажет.

Нәтижесінде бизнесмен ҚҚС бойынша есепке тұру туралы куәлік алады.

ҚҚС-ны төлеу мерзімі 

Тоқсан сайын 300.00 нысанындағы декларация тапсырылады. Оны салық мекемесіне есепті айдан кейінгі айдың 15-іне дейін ұсыну керек. Ал есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін салық бойынша есеп айырысу қажет.

Салық төлеу тәсілдері 

Онлайн есеп айырысу бәрінен де ыңғайлы, бұл тез әрі қауіпсіз, барынша аз уақыт кетеді. Сонымен қатар әрбір төлеуші өзіне қолайлы тәсілді таңдай алады: 

1. Электрондық үкімет порталы. 

2. Салық төлеушінің кабинеті. 

3. Бизнеске қызмет көрсетілетін банктің қолданбасы немесе интернет-банкі. 

4. e-Salyq Azamat электрондық салық әмиянының қолданбасы.

Салық сомасын азайтуға бола ма 

Салық төлеушілердің кейбір санаттары үшін айтарлықтай жеңілдік қарастырылған: жеңілдік 70 %-ға дейін. Бұл мүмкіндік азық-түлік өндіретін, жеміс пен көкөніс, жануар жүні мен терісін және т.б. қайта өңдейтін компаниялар үшін маңызды.
Алайда жеңілдік алу үшін бизнес екі параметрге сәйкес келуі тиіс:

1. Компания елдің резиденті болуы керек.
2. Жеңілдікті салық салынуға тиіс өнім түрлері бойынша бөлек есепке алу жүргізілуге тиіс.

ЖК-ны 0 теңгеге онлайн тіркеу

Бизнесті жеңіл бастаңыз

Қазақстан Үкіметі отандық бизнесті ынталандыруға тырысып, компанияларға салықтық жүктемені азайту үшін белсенді түрде жұмыс істейді. Мұны посткеңестік кеңістіктегі ең төменгі ҚҚС мөлшерлемесі растайды. Мысалы, РФ-да ҚҚС – 20 %-ға дейін, Беларусь пен Арменияда да 20 %-ды құрайды, Әзірбайжанда – 18 %, Тәжікстанда – 14 %. Айтпақшы, көрсеткішті әлемдік ауқымда да төмен деп санауға болады. Мысалы, Францияда ҚҚС 20 %-ға, Италияда 22 %-ға, Испанияда 21 %-ға тең.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Сізге ұнауы мүмкін
bcc journal
Получить землю в аренду под бизнес: как сделать и всегда ли это возможно

Производственные цеха, склады, магазины, офисы, участки под сельхозугодия — чтоб

bcc journal
Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтудың ерекшеліктері, қыр-сыры және күтпеген кедергілер

Қазақстанда кәсіпкерлердің барлығы бірдей ЖК немесе ЖШС ретінде тіркеле алмайды:...

bcc journal
Для кого, как и сколько: упрощёнка в Казахстане в 2026 году

С 1 января 2026 года всё, что касается ведения бизнеса, будет регламентироваться

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді