2024 жылы Қазақстанға Қытайдан 655 мыңнан астам турист келді. Ал 2025 жыл ҚР-да Қытай туризмінің жылы деп жарияланды. Екі ел арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық мемлекетаралық мәдени және экономикалық байланысты нығайтып, бизнестің тиімді дамуына жол ашады.
WeChat Pay қалай жұмыс істейді? Бұл сервис сатып алушылар мен сатушыларға қандай артықшылықтар береді? Қазақстанда тауар мен қызмет ақысын бұл сервис арқылы қалай төлеуге болады?
Төлем сервисі Қытайдағы ең танымал мессенджерлердің бірі — WeChat негізінде жұмыс істейді. Қолданбаны 2011 жылы қытайлық Tencent компаниясы әзірленген. 2024 жылы мессенджердің ай сайынғы белсенді пайдаланушыларының саны рекордтық көрсеткішке – 1,34 млрд адамға жеткен.
WeChat артықшылығы – WeChat Pay-дің ішкі төлем жүйесінің болуы. Қазіргі уақытта бұл жүйеге ЦентрКредит Банкінің бизнес-клиенттері де қосыла алады. Оған қоса Қытайда WeChat Pay жүйесі PayPal-дан да жиі қолданылады.
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Қытайлық туристер өз елінде WeChat мессенджерін белсенді түрде қолданады және төлем операцияларының барлығын дерлік WeChat Pay арқылы жүргізеді, осыған орай Қазақстанда сапар барысында үйреншікті әдіспен төлем жасау олар үшін қолайлы болары анық. Туристке есеп айырысу үшін валюта айырбастаудың немесе қолма-қол ақша алып жүрудің қажеті жоқ: бұл уақытты үнемдеп, қолайсыз жағдайларға (қайтарымды күту, қағаз ақша мен тиынды санау) жол бермейді.
Қазақстандағы дәмханалар, мейрамханалар, туристік компаниялар мен дүкендер бұл сервисті неге белсенді түрде қосып жатыр? Өйткені WeChat Pay-ді қолдану кәсіпкерлер үшін де тиімді:
WeChat Pay арқылы жұмыс істеуі үшін кәсіпкердің ЦентрКредит Банкінде есеп айырысу шоты мен PAX POS-терминалы болуы қажет. Шотты bcc.kz мобильді қолданбасы арқылы небәрі 5 минутта ашуға болады. Тарифтердің кең желісі бизнесіңіздің ерекшелігін ескеріп, сізге қолайлы қызмет көрсету пакетін таңдауға мүмкіндік береді. Шотты тегін ашу және оған қызмет көрсету, сондай-ақ ақысы 0 теңгені құрайтын онлайн-бухгалтерия қаржылық жүктемені азайтуға көмектеседі.
Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін 605 нөміріне хабарласуға болады (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін). WeChat Pay-ге қосылып, бизнесіңіздің географиясын кеңейтіңіз!