Карточкалық процессингті сүйемелдеу бағытының жетекшісі
Міндеттері
• OpenWay (Way4) платформасын қолдау және дамыту бағытының жұмысын ұйымдастыру және бақылау.
• Жүйедегі өзгерістерді, жаңартуларды және релиздерді жоспарлау және басқару.
• Халықаралық төлем жүйелерімен (Visa, Mastercard, ҚБЕО, UPI) және OpenWay вендорымен өзара іс-қимыл жасау.
• Инциденттерді басқару процестерін құру және дамыту:
• Инциденттерге мониторинг жүргізу, жедел анықтау және жою;
• инциденттерді топтастыру және талдау;
• ішкі командалармен және вендорлармен өзара іс-қимылды үйлестіру;
• қайталанатын инциденттердің алдын алу бойынша шараларды енгізу.
• Төлем карталары процессингі процестерін оңтайландыру және автоматтандыру.
• Төлем карталары процессингі архитектурасын жобалауға қатысу.
• Команданы басқару: жұмыстарды жоспарлау, бақылау және қызметкерлердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
• Бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
• Service Desk және Jira жүйелерімен жұмыс істеу, Agile процестеріне (жоспарлау, ретроспективалар өткізу) қатысу.
• Техникалық құжаттаманы жүргізу және өзектілігін қамтамасыз ету.
Талаптар
• OpenWay (Way4) платформасымен жұмыс істеу тәжірибесі.
• Төлем жүйелерімен және вендорлармен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі.
• Мониторинг құралдарын (Grafana, Zabbix және т.б.) білу.
• CI/CD қағидаттарын түсіну және Git құралын сенімді деңгейде меңгеру.
• Oracle жүйесімен жұмыс істеу дағдылары (SQL, әкімшілендіру).
• Команданы және процестерді басқару тәжірибесі.
• Jira / Service Desk жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары.
• Инциденттерді басқару қағидаттарын және жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету тәсілдерін түсіну.
• Техникалық ағылшын тілін кемінде Intermediate деңгейінде меңгеру.
• Жүйелі және аналитикалық ойлау қабілеті, жауапкершілік, күйзеліске төзімділік.