Астана, 2026 жылғы 7 сәуір. Банк ЦентрКредит 2026 жылғы 7 сәуірде Астана қаласында өткен «IFRS S1/S2 стандарттарын енгізу: басқа елдердің тәжірибесі және есеп беретін ұйымдарға арналған практикалық қадамдар» атты EY форумына қатысты.
Панельдік талқылау барысында Банк ЦентрКредиттің CSO-сы Арнұр Ибраев IFRS S1 және IFRS S2 стандарттарының қолданылуы кеңейген сайын тұрақты даму саласындағы ақпарат ашу қаржы нарықтарының ашықтығының маңызды элементіне айналып отырғанын атап өтті. Қатысушылар сондай-ақ жаңа стандарттарды тиімді енгізу үшін реттеушілер, қаржы институттары және бизнес арасындағы үйлестірудің маңызды екенін айтты.