«ЦентрКредит Банкі» (BCC) AIX биржасында 1000 I-REC (International Renewable Energy Certificate) сертификатын сатып алған Қазақстандағы алғашқы банк бола отырып, тұрақты даму қағидаларына берік екенін растайды.
Бұл бастама банкке 2024 жылы электр энергиясын тұтыну құрылымындағы «жасыл» энергияның үлесін 16%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, парниктік газдар шығарындыларын бағалау 2023 жылмен салыстырғанда 2-ші ауқым бойынша 25%-дан астамға төмендеді.
I-REC сертификаттарын сатып алу көміртегі ізін азайту және банктің тұрақты даму саласындағы стратегиялық мақсаттарын іске асыру жолындағы маңызды қадам болып табылады. BCC «жасыл» шешімдерге инвестиция салуды жалғастыруда және тұрақты болашақты құруға ұмтылады.
Ескертпе: I-REC сертификаттары жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалану арқылы электр энергиясы өндірілгенін құжаттайтын халықаралық деңгейде мойындалған құрал болып табылады.