Кәсіби тәжірибе алмасу аясында Элдик Банк* делегациясының ЦентрКредит Банкіне жұмыс сапары өтті. Сапар мақсаты – ЦентрКредит Банкінің тұрақты даму саласындағы тәжірибесін және ESG-тәсілдерді банктік процестерге интеграциялау бағытындағы шешімдерін зерделеу болды.
Жұмыс кездесулері барысында тараптар тұрақты қаржыландыру саласындағы қолданыстағы шешімдерді, соның ішінде ESG-факторларды корпоративтік басқару мен кредиттік процестерге енгізу; халықаралық даму институттарымен бірлесіп әрекет ету; «жасыл» және тұрақты қаржыландыру тарту; климаттық тәуекелдерді басқару және қаржылық емес ақпаратты ашып көрсету тәсілдері талқылады.
Тараптар ішкі процедураларды қалыптастыру және тұрақты өнімдерді дамыту бойынша тәжірибе алмасып, алдағы уақытта кәсіби диалог пен ынтымақтастықты жалғастыруға өзара қызығушылық танытты.
*«Элдик Банк» ААҚ – Қырғыз Республикасындағы ірі әмбебап коммерциялық банктердің бірі, UN Global Compact бастамасына қатысушы.