Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
ESG
24 сәуір 2026
Жаңартылды: 28 сәуір 2026

Түркістан-2026 «Банктер және финтех» форумы аясында ESG және жасыл қаржыландыру бойынша сессия өтті

Түркістан қаласында II Орталық Азия қаржы-банктік «Банктер және финтех» форумы аясында қаржы секторының, халықаралық қаржы институттарының, консалтинг және экономиканың нақты секторы компанияларының өкілдерін біріктірген «ESG, Green Finance және тұрақты даму» панельдік сессиясы өтті.

Сессия модераторы Қазақстанның Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының коммуникациялар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Сабина Ақжарова болды. Спикерлер қатарында Банк ЦентрКредиттің Тұрақты даму орталығының жетекшісі Арнур Ибраев, сондай-ақ консалтинг секторын, банк индустриясын және халықаралық қаржы институттарын қамтитын жетекші халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдері болды, олардың қатарында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Алтын Банк, KPMG, EY және KZ Recycling бар.

Сессия барысында қатысушылар қаржы секторындағы ESG күн тәртібінің дамуын, тұрақты даму стратегияларын енгізуді, жасыл қаржыландыру құралдарын, сондай-ақ қарыз алушылардың ESG-жетілгендігі мен қаржылық емес есептілікті верификациялау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ деректердің қолжетімділігі, реттеу және тұрақты жобалардың экономикасы сияқты негізгі кедергілерге ерекше назар аударылды.

Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстанда және өңірде ESG практикалық деңгейге өтіп, банк қызметінің маңызды элементіне айналып келе жатқаны, сонымен қатар нақты сектор компанияларына ықпалын күшейтіп, тұрақты даму саласында жаңа нарықтық стандарттарды қалыптастырып жатқаны атап өтілді.

Мобильное приложение для iOS и android
Управляйте деньгами онлайн в своём смартфоне
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді