Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
ESG
27 тамыз 2024
Жаңартылды: 10 ақпан 2025

Алматыда TURAQTY JOL экокампаниясы аясында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

2024 жылғы 27 тамызда ЦентрКредит Банкінің қолдауымен Алматыда TURAQTY JOL Ұлттық әлеуметтік экокомпаниясының V циклі аясында «Мұз массивтерін қорғау» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі және финалистердің жұмыс көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шара мұздықтарды сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, олардың еру проблемасына назар аударды.

ЦентрКредит Банкінің ESG дирекциясының басшысы Арнур Ибраев банктің осындай жобаларға қатысуының маңыздылығын атап өтті: «Біз байқауға планетамызға қамқорлық танытатын көптеген талантты адамдардың жиналғанына қуаныштымыз. Сіздердің жұмыстарыңыз маңызды экологиялық мәселелерге назар аударады және біз үшін осындай жобаларды іске асыруда UNESCO-ның серіктесі болу үлкен мәртебе». ЦентрКредит Банкінің қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды белсенді қолдайтынын айта кеткен жөн.

Жеңімпаздар үш номинация бойынша марапатталды: бейнелеу өнері, қолданбалы өнер және фотосурет. Финалистердің жұмыстары қазіргі заманның экологиялық қатерлеріне креативті көзқарасты көрсетеді.

«TURAQTY JOL ұлттық әлеуметтік экокампаниясы аясындағы шығармашылық байқауды ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Барлығы жоғары деңгейде өтті және бұл жоба бізге өз идеямызды кенепте бейнелеп, экологиялық мәдениетті ілгерілетуге өз үлесімізді қосуға мүмкіндік берді. Мен маңызды бастаманың бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын», – деп ойымен бөлісті «Қоғам таңдауы» номинациясының жеңімпазы Ермахан Әсемай.

TURAQTY JOL – жастарды туған жерін құрметтеуге және экологиялық құндылықтарға тәрбиелеуге бағытталған білім беру бағдарламасы. Биыл бұл жобаны ЦентрКредит Банкінің, «Шеврон» компаниясының және «Шымбұлақ» тау курортының қолдауымен ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан Ұлттық Федерациясы іске асырды.

Мобильное приложение для iOS и android
Управляйте деньгами онлайн в своём смартфоне
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді