Орталық Азия Экологиялық Зерттеулер Институтында (CAIER) өңірдің экологиялық трансформациясын талқылауға арналған «Жасыл серпін: Өңірлік экологиялық саммит – 2026» диалогы өтті. Іс-шара бизнес өкілдерін, мемлекеттік органдарды, халықаралық ұйымдарды және сарапшыларды бір алаңға жинады.
Диалог TURAQTY JOL 6.0 ұлттық әлеуметтік экокампаниясы аясында Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы, CAIER және Орталық Азия Климат Қорының ұйымдастыруымен, бас серіктес — Банк ЦентрКредит, ресми серіктес — Chevron қолдауымен өтті.
Алты жыл бойы TURAQTY JOL жасөспірімдер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып келеді. 2025 жылы жоба 17 өңірді қамтып, 7 000-нан астам қатысушыны тартты, 9,8 тонна қалдық жиналды және 400-ден астам ағаш отырғызылды.
Банк ЦентрКредит ESG дирекциясының басшысы Олжас Жүсіпов серіктестіктің маңызын атап өтті:
«Біз TURAQTY JOL бастамасын қолдауға қуаныштымыз. Бұл жоба экологиялық және әлеуметтік бастамаларды дамытуға үлес қосады. ЮНЕСКО және басқа серіктестермен бірлескен жұмыс ТДМ-ға қол жеткізуге және ұзақ мерзімді нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді».
Диалог 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке дайындықтың маңызды кезеңі болып, экология саласындағы негізгі мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықты күшейтті.