«Банк ЦентрКредит» АҚ толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы.
«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының Басқармасы.
«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы,
38-үй
«Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ)» толық атауы: «Eco Center Bank» акционерлік қоғамы («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі).
«Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ)» атқарушы органының толық атауы:
«Eco Center Bank» акционерлік қоғамының («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі) Басқармасы.
«Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ)» атқарушы органының орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, A26F8B0, Алматы қ., Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 226-үй
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы және «Eco Center Bank» акционерлік қоғамы («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі) «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің (Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 01 шілдедегі №3-0701-01 қаулысы) және «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі) Директорлар кеңесінің (Директорлар кеңесі мәжілісінің 2022 жылғы 06 маусымдағы №2/0630 хаттамасы) бастамасымен 2022 жылғы 03 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де атқарушы органының орналасқан жері бойынша аудио-бейнеконференцияны (ZOOM) пайдаланумен жеке қатысу арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысының өтетіні туралы хабарлайды.
«Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақыт бойынша 9:30-да басталады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2022 жылғы 20 шілдедегі жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылары тізілімінің, сонымен қатар «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акцияларын ұстаушылары тізілімінің деректері негізінде құрылады.
Күн тәртібі:
1. «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысының Есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау туралы.
3. «Eco Center Bank» АҚ-тың («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) (БСН 941240000341) («Eco Center Bank» АҚ-тың («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, A26F8B0, Алматы қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 226-үй) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (БСН 980640000093) («Банк ЦентрКредит» АҚ орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 38) қосылуы нысанында «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ-ты («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы.
4. «Eco Center Bank» АҚ-ты («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосу туралы шартты бекіту туралы.
Акционерлер ортақ жалпы жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2022 жылғы 20 шілдеден бастап келесі мекенжай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін таныса алады: Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38. Өзімен бірге жеке тұлғасын куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционерлің сауалы болған кезде материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.
Кворум болмаған жағдайда, «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысы 2022 жылғы «08» тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де аудио-бейнеконференция (ZOOM) режимінде дәл сол күн тәртібімен қайта өткізіледі.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуы тиіс.
Акционерлердің ортақ жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 47-бабына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-37, 39-48, 50-52 және 83-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 17-бабының 5 және 5-1-тармақтарына, 60 және 60-1-баптарына сәйкес, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысының және «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) Жарғысының қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Туындаған барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: 7(727)259 85 18