Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Жаңалықтар 2022-04-27 15:57:28

«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің 2022 жылғы «20» мамырға белгіленген жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізілгені туралы хабарлама

HTML:

Құрметті «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлері!

«Банк ЦентрКредит» АҚ (бұдан кейін – Банк) осы арқылы Сіздерге «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Директорлар кеңесінің шешімімен (Директорлар кеңесінің 25.04.2022 жылғы №25.04.2022 қаулысы) Банктің Директорлар кеңесінің 20.04.2022 жылғы мәжілісінің хаттамасымен құрылған Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне келесі мазмұндағы жаңа тармақтар түрінде толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

«5. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-тың (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосылуы нысанында «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың ерікті түрде қайта құрылуы туралы;

6. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-тың (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосылуы туралы шарттың жобасын мақұлдау туралы».

Осыған байланысты енгізілген толықтыруларды есепке ала отырып, 2022 жылғы «20» мамырға белгіленген Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі келесі мәселелерден тұрады:

1. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жылғы қызметінің қорытындысы туралы есеп.

2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жыл бойынша шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту.

3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту.

4.  Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.

5. ««Альфа-Банк» ЕБ АҚ-тың (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосылуы нысанында «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың ерікті түрде қайта құрылуы туралы.

6. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-тың (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосылуы туралы шарттың жобасын мақұлдау туралы.

Жиналыс 2022 жылғы «20» мамырда Алматы қ. уақытымен 10 сағат 00 минутта Алматы қ., Медеу ауд., әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізіледі.

Банктің акционерлерін тіркеу 9 сағат 30 минутта басталады.

Жиналыс өткізілмеген деп танылған жағдайда, қайта өтетін жиналыс 2022 жылғы «21» мамырда Алматы қ. уақытымен 10 сағат 00 минутта Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша өткізіледі.

«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ 2022 жылғы 10 мамырдағы жай-күйі бойынша ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың акцияларын ұстаушылардың тізіліміндегі деректердің негізінде жасалады.

Акционерлер жылдық жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2022 жылғы 10 мамырдан бастап сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін              Алматы қ., Медеу ауд., әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» АҚ-та таныса алады. Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Акционер сұрау жасаған жағдайда, материалдар сұрау алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі, бірақ жоғарыда көрсетілген күннен ерте жіберілмейді.

Сұрақтарыңыз болса, 7 (727) 259 85 18 телефон нөміріне хабарласуды өтінеміз.

Өзге жаңалықтар
2025-04-11 15:05:00
2025 жылғы 04 сәуірде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы
2025-04-09 18:00:00
«Банк ЦентрКредит» АҚ артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы хабарлама
2025-04-09 17:55:00
«Банк ЦентрКредит» АҚ бастамасымен орналастырылған жай акцияларды сатып алу туралы хабарлама
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді