Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Новости 2018-04-13 10:33:54
Акционерлерге "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың акцияларын сату жөніндегі ұсыныс
HTML:

ҰСЫНЫС

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының («АҚ туралы заң») 25-бабының 3-тармағына сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың («Банк») 78 095 863 жай акциясын иеленетін Байсеитов Бахытбек Рымбекович («Байсеитов Б.Р. мырза») Банктің басқа акционерлеріне (жай және артықшылықты акцияларын ұстаушыларға) Банктің оларға тиесілі акцияларын төмендегі бағамен сатуды ұсынады:
  • бір жай акция үшін 253,94 теңге, бұл 14.09.2017ж. бастап 13.03.2018ж. дейінгі кезең ішінде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша қалыптасқан орташа алынған нарықтық баға болып табылады, және 
  • бір артықшылықты акция үшін 253,94 теңге, бұл кәсіби бағалаушы белгілеген баға болып табылады.
Егер Сіз Байсеитов Б.Р. мырзаға өз акцияларыңызды көрсетілген бағамен сатуға келісетін болсаңыз, өзіңіздің төменде берілген үлгі бойынша толтырылған жазбаша келісіміңізді («Өтініш») осы ұсыныс жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жолдауыңыз қажет.

Осы ұсыныстың талаптарымен, соның ішінде ұсыныстың соңындағы «Ерекше талаптар» бөліміндегі ақпаратпен мұқият танысып алуыңызды өтінеміз.


ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАЙТЫН АГЕНТ

«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың еншілес ұйымы «BCC Invest» акционерлік қоғамы Өтініштерді бір орталықтан қабылдау және өңдеу жөніндегі агент («Агент») болып табылады. Жай және/немесе артықшылықты акцияларын сатқысы келетін акционерлер төмендегі сілтеме бойынша өтіп, Банктің корпоративтік веб-сайтынан өтініштің сәйкес үлгісін («Өтініш») басып шығаруы қажет:
Қол қойылған Өтінішті келесі мекенжай бойынша пошта арқылы жолдау немесе қолма-қол жеткізу қажет: 050052, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко көш. 100, Сауда операциялары департаменті.

Өтініштер 2018 жылғы 11 сәуірден 2018 жылғы 11 мамырға дейін (қоса алғанда) демалыс және мереке күндерінен басқа күндері Алматы уақытымен сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады. Қажетті деректер көрсетілмеген немесе белгіленген мерзімдерді бұза отырып ұсынылған өтініштерді қабылдаудан бас тартылуы мүмкін. Осындай себептермен қабылданбаған жағдайда, акционер кемшіліктерді түзетіп, Өтінішті жоғарыда көрсетілген мерзімдерде қайта ұсынуға құқылы. Өтініш көрсетілген мерзім ішінде берілетін болса, Өтініш беру саны шектелмейді.

ЖАЙ АКЦИЯЛАРДЫ САТЫП АЛУ

Жай акцияларды сатып алу 2018 жылғы 15 мамырда Қазақстан қор биржасында мамандандырылған сауда-саттық әдісімен* Банктің бір жай акциясы үшін 253,94 теңгеге тең баға бойынша сатуға лимиттелген қарсы өтінімдерді қанағаттандыру жолымен жүргізіледі. Акциялар үшін төлем жасау Қазақстан қор биржасында сауда-саттық жүргізу ережелеріне сәйкес номиналды ұстаушының шотына жүзеге асырылады.

Банктің жай акцияларын сатуға ниеті бар акционерлер:
  1. Агентке жоғарыда көрсетілгендей жазбаша Өтінішті жолдауы 11 мамыр 2018 жылға дейін;
  2. Банктің жай акцияларын номиналды ұстаушыда (орталық депозитарийде) сақтайтын акционерлер (1) тармаққа қосымша брокерге (номиналды ұстаушыға) 2018 жылғы 11 мамырдағы Алматы уақытымен сағат 15:00-ден кешіктірмей Банктің жай акцияларын мамандандырылған сауда-саттық әдісімен сатуға тапсырыс беруі тиіс;
  3. Банктің жай акцияларын «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамында («БҚБТ») сақтайтын акционерлер (1) тармаққа қосымша:
    • 2018 жылғы 14 мамырға дейін Агентте немесе басқа да кез келген номиналды ұстаушыда брокерлік шот ашып, Банктің жай акцияларын БҚБТ-дағы шоттан брокердің номиналды ұстауына аударуды жүргізуі;
    • 2018 жылғы 15 мамырдағы Алматы уақытымен сағат 15:00-ден кешіктірмей, брокерге (номиналды ұстаушыға) Банктің жай акцияларын мамандандырылған сауда-саттық әдісімен сатуға тапсырыс беруі тиіс.

АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯЛАРДЫ САТЫП АЛУ

Банктің артықшылықты акцияларын сататын Банк акционерлері Өтініш берген күннен кейінгі 3 жұмыс күні ішінде БҚБТ-ға немесе өзінің номиналды ұстаушысына Банктің артықшылықты акцияларын есептен шығарып, оларды Байсеитов Б.Р. мырзаның шотына есепке алу туралы бұйрық («Бұйрық») беруі тиіс, сондай-ақ тиісті комиссияларды төлеп, Банктің артықшылықты акцияларын аударғаны жөнінде осы ұсыныста көрсетілген байланыс деректері бойынша дереу хабарлауы қажет. Бұл талапты орындамаған кезде, акционер осы ұсыныстан бас тартты деп есептеледі. Осы ұсыныс бойынша артықшылықты акцияларды сатуға Өтініш берген Банк акционерлеріне тез арада Бұйрықты толтыру үшін қажетті ақпарат, соған қоса Байсеитов Б.Р. мырзаның шотына қатысты ақпарат беріледі.

Артықшылықты акциялар үшін белгіленген мерзім ішінде аударылған төлем артықшылықты акциялар Байсеитов Б.Р. мырзаның жеке шотына есепке алынған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өтініште көрсетілген акционердің банктік шотына аударылады.

Жоғарыда көрсетілген мерзімдерде жай акцияларды сатуға өздерінің Өтінімдерін және/немесе артықшылықты акцияларды аудару жөніндегі Бұйрықтарды бермеген, сондай-ақ жоғарыда аталған құжаттарды осы хабарламаның, Қазақстан қор биржасының және/немесе заңнаманың талаптарын бұза отырып берген Банк акционерлері осы ұсыныстан бас тартқан болып есептеледі.

Әр акционер рұқсаттарды, мақұлдауды алу және Акцияларды сату үшін қажетті басқа да іс-әрекеттерді уақытылы жасау (солардың ішінде БҚБТ-ға, брокерге (номиналды ұстаушыға) шотты ашу, акцияларды есептен шығару және есепке алу және олардың Қазақстан қор биржасында мамандандырылған сауда-саттық әдісімен сату үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді беру) үшін, сондай-ақ кез келген комиссияларды, алымдар мен салымдарды, соған қоса брокердің, БҚБТ, номиналды ұстаушылардың қызметтеріне ақы төлеу үшін өз бетінше жауап береді.

ЕРЕКШЕ ТАЛАПТАР

Жария оферта

Осы хабарламадағы Банктің акцияларын сатып алу туралы ұсыныс жария оферта болып табылады және Банктің өздеріне тиесілі жай және/немесе артықшылықты акцияларын сатқысы келген акционерлердің осы ұсыныста көрсетілген мерзімдерде және тәртіппен өтініш жолдауы осы жария офертаны акцепттеуі болып табылады.

Монополияға қарсы органның келісімі

Банктің жай акцияларын сатып алуға Өтініштер мамандандырылған сауда-саттық өтетін күні Қазақстан қор биржасына (бұдан кейін – KASE) берілген сәйкес тапсырыстардың хронологиялық тәртібімен орындалады.

KASE-де мамандандырылған сауда-саттықты жүргізу барысында алынған өтінімдерге сәйкес Байсеитов Б.Р. мырза сатып алуға тиісті болатын Банктің жай акцияларының саны 2 001 833 данадан асқан жағдайда, Байсеитов Б.Р. мырза монополияға қарсы органның келісімін алғаннан кейін KASE-де мамандандырылған сауда-саттықты жүргізу жолымен Банктің осындай жай акцияларын сатып алып, олардың ақысын төлейді.

Осы ұсыныс жарияланған күні Байсеитов Б.Р. мырзаға тиесілі Банктің дауыс беретін акцияларының саны 78 095 863 дананы немесе Банктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының (160 195 393 дана) 48,75%-н құрайтынын назарыңызға саламыз.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес, Байсеитов Б.Р. мырзаның Банк акцияларының кез келген санын сатып алуы нәтижесінде оған Банктің дауыс беретін барлық акцияларының 50%-нан аса көлемі (яғни 80 097 696 данадан көп) тиесілі болса, Байсеитов Б.Р. мырза монополияға қарсы органның келісімін алуға міндетті.

БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
Осы хабарлама бойынша сұрақтарыңыз болған жағдайда немесе қосымша ақпарат не хабарламада көрсетілген құжаттарды алу қажет болған кезде, «BCC Invest» акционерлік қоғамының Сауда операциялары департаментіне +7 (727) 2-443-232 телефон нөмірі; info@bcc-invest.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша хабарласуды өтінеміз.

*Акцияларды сатып алу Биржаның сауда-саттықты жүргізу әдістері туралы қағидаға (http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf) сәйкес Қазақстан қор биржасында мамандандырылған сауда-саттық әдісімен лимиттелген қарсы өтінімдерді қанағаттандыру жолымен жүзеге асырылады.
Другие новости
2024-03-14 07:24:24
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың құрметті акционерлері!
2023-11-27 12:30:00
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде «Банк ЦентрКредит»
2023-04-12 15:15:20
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысының өтетіні туралы хабарлама
Поиск по сайту