Құрметті акционерлері!
Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы «Банк ЦентрКредит» АҚ жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеуі туралы хабарлайды. «Банк ЦентрКредит» АҚ банктік деректемелері: Банктің БСК: KCJBKZKX, ЖСК: KZ958560000004267059, БСН: 980640000093, ҚР Ұлттық банкінің Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасында корр. шот: KZ65125KZT1001300224, БСК NBRKKZKX. Дивидендтер төленетін кезең – 01.01.2023 ж. – 31.12.2023 ж. «Банк ЦентрКредит» АҚ жай акциясына айырбасталатын бір артықшылықты акцияға дивиденд мөлшері: 42,00 теңге. Дивидендтерді төлеудің басталу күні: 2024 жылғы 30 желтоқсан. «Банк ЦентрКредит» АҚ жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер алу құқығына ие болатын акционерлердің тізімі 2024 жылғы 1 қарашадағы жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ тіркеушісі берген «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімінің деректері негізінде жасалды. Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің тізімінде банктік деректемелер болған жағдайда, «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу кезеңі: 2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәлімет болмаған жағдайда қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 24-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады. Барлық мәселелер бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: (727) 2 598 598 ішкі нөмір 10433.