«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы және «Eco Center Bank» акционерлік қоғамы («Банк ЦентрКредит» АҚ-тың еншілес банкі) акционерлерінің 2022 жылғы 03 тамызда өткен бірлескен жалпы жиналысында дауыс беру қорытындысы туралы хабарлаймыз. Жиналысқа «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы санының 85,80% құрайтын 159 338 250 дауыс беруші акциясын иеленетін акционерлер мен олардың өкілдері және «Eco Center Bank» АҚ-тың («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) дауыс беруші акцияларының жалпы санының 100,00% құрайтын 548 400 000 дауыс беруші акциясын иеленетін акционер қатысты. Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша шешім қабылдау үшін «Eco Center Bank» АҚ-тың («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлері Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 36-бабының 2-тармағына, 83-бабының 4-тармағына және «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) Жарғысының ережелеріне сәйкес «Eco Center Bank» АҚ-тың («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) дауыс беруші акцияларының жалпы санының басым көпшілігімен дауыс берді
ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
| Күн тәртібіндегі мәселелер | Қолдап | Қарсы болғандар | Қалыс қалғандар |
| 1. «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы. | 159 338 250 | жоқ | жоқ |
|
| 548 400 000 | жоқ | жоқ |
| 2. «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының есеп комиссиясының сандық құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау туралы. | 159 338 250 | жоқ | жоқ |
|
| 548 400 000 | жоқ | жоқ |
| 3. «Eco Center Bank» АҚ-ты («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) (БСН 941240000341) («Eco Center Bank» АҚ-тың («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, A26F8B0, Алматы қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 226-үй) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (БСН 980640000093) («Банк ЦентрКредит» АҚ орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 38) қосу нысанында «Банк ЦентрКредит» АҚ-ты және «Eco Center Bank» АҚ-ты («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы. | 154 459 117 | 5 090 189 | жоқ |
|
| 548 400 000 | жоқ | жоқ |
| 4. «Eco Center Bank» АҚ-ты («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосу туралы шартты бекіту туралы. . | 154 459 117
548 400 000 | 5 090 189
жоқ | жоқ
жоқ |