Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар
13 қазан 2026
Жаңартылды: 13 қазан 2026

Қазақстанда Антифрод орталығының ақпараттық сайты іске қосылды

Қазақстан азаматтары мен ұйымдарына арналған Қазақстан Республикасының Антифрод орталығының antifraud.kz ресми сайты іске қосылды. Порталда алаяқтық, одан қорғану тәсілдері және күмәнді жағдай туындаған кезде орындалатын әрекеттер туралы материалдар жинақталған.

Сайттан не білуге болады?

Пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Антифрод орталығының қызметі, оның міндеттері мен функциялары, сондай-ақ алаяқтыққа қарсы қолданылатын шаралар туралы ақпаратпен таныса алады. Сонымен қатар кең таралған және жаңа алаяқтық схемалар, оларды анықтау және олардың алдын алу тәсілдері туралы мәлімет ала алады.

Сайтта сондай-ақ ақшалай қаражат пен дербес деректерді қорғау жөніндегі ұсынымдар, алаяқтыққа тап болған жағдайда әрекет ету тәртібі туралы нұсқаулықтар, қайда хабарласу қажет екені жөніндегі ақпарат, анықтамалық және оқу материалдары, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және осы саладағы заңнама туралы мәліметтер орналастырылған.

Өзіңіз туралы ақпаратты тексеріңіз

Сайтта биометриялық сәйкестендіруден өтіп, Антифрод орталығының ақпараттық жүйелерінде өзіңіз туралы мәліметтің бар-жоғын тексеруге болады. 24 сағат ішінде бір реттен артық тексеруге болмайды. Тиісті мәлімет болған жағдайда пайдаланушы алдағы әрекеттер тәртібі мен жағдайды реттеуге мүмкіндік беретін қолжетімді тетіктер туралы ақпарат ала алады.

«Фроддиге» сұрақ қойыңыз

«Фродди» ЖИ-агенті алаяқтық және цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес алуға, сондай-ақ оқыс жағдай туындаған кезде қалай әрекет ету керек екенін білуге мүмкіндік береді.

Пайдалы сервистер бір жерде

Порталда мемлекеттік және салалық ресурстарға сілтемелер жинақталған. Бұл ресурстарда сайттар мен ұйымдарды тексеруге, кредит тарихы туралы ақпарат алуға, қаржы сауаты мен цифрлық қауіпсіздік жөніндегі материалдармен танысуға болады.

Мұқият болыңыз және деректеріңізді қорғаңыз

Қаржы операцияларын жасамас бұрын ақпаратты тексеріңіз. SMS арқылы келген кодтарды, парольдерді және басқа да конфиденциалды деректерді бөгде адамдарға бермеңіз.

Антифрод орталығы қатысушылардың сайтты әрі қарай дамыту, оның функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту, пайдалануды ыңғайлы ету және өзекті материалдармен толықтыру жөніндегі ұсыныстары мен ұсынымдарын да қабылдауға дайын.

Антифрод орталығының мүмкіндіктері туралы толығырақ antifraud.kz ресми сайтынан біліңіз.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді