Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар
25 қазан 2016
Жаңартылды: 14 ақпан 2024

ЦентрКредит Банкі қалыпты режимде жұмыс істейді

Бүгін ЦентрКредит Банкінің Алматы қаласындағы бөлімшелерінің бірінің күзетшісіне шабуыл жасалғаны туралы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпаратқа байланысты банктің Баспасөз қызметі осы мәселе бойынша түсіндірме берді. Хабарламада қаржы институтының барлық бөлімшелері штаттық режимде жұмыс істейтіні көрсетілген.

ЦентрКредит Банкінің баспасөз мәлімдемесінде:
– Бүгін таңертең ЦентрКредит Банкінің Мәметова көшесі, 67-үй мекенжайы бойынша орналасқан №22 ҚҚО-ға кезекшілікке түскен күзет агенттігінің инспекторына екі белгісіз адам шабуыл жасаған. Қарсылық көрсеткен күзетші дене жарақаттарын алған. Қаскүнемдер оның травматикалық қаруын алып кеткен, – деп көрсетілген.

Банктің мәлімдеуінше, аталмыш бөлімшенің қызметкерлері жарақат алмаған, күзет агенттігінің инспекторына медициналық көмек көрсетілді, оның өміріне төнген қауіп жоқ. Қазіргі сәтте ЦентрКредит Банкінің барлық бөлімшелері мен қашықтан қызмет көрсету сервистері штаттық режимде жұмыс істеуде.

Банктің өкілдері қылмыскерлерді іздестіруге және ұстауға бағытталған іс-шараларды жүргізуде Алматы қаласының ІІД қызметкерлеріне көмек көрсетіп жатыр. ЦентрКредит Банкінің мәлімдемесінде:
– Біз қылмыскерлер жақын уақытта табылады және жасаған қылмыстары үшін оларға тиісті жаза қолданылады деп сенеміз, – деп көрсетілген.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді