Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар
1 тамыз 2024
Жаңартылды: 1 тамыз 2024

ЦентрКредит Банкі жеке тұлғаларға жаңа өнімді – «Қаржылық басқарушыға арналған арнайы шотты» ұсынады

Шот 2023 жылғы наурыз айында күшіне енген және азаматтарға қажетті шарттар сақталған кезде банкроттықты ресімдеу құқығына кепілдік беретін «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заңға сәйкес борышкердің қаражатын есепке алуға, ағымдағы шығыстарды өтеуге және сот арқылы банкроттық рәсімі шеңберінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға арналған.

Шотты банк бөлімшесінде ашуға болады.

«Қаржылық басқарушыға арналған арнайы шотты» ашуға арналған құжаттар:

  • Жеке куәлік.
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы жөніндегі мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органның оны борышкерге қатысты сот арқылы банкроттық рәсімін жүргізуге қаржы басқарушысы етіп тағайындау туралы бұйрығы.
  • Борышкерге қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану жөнінде іс қозғау туралы сот ұйғарымы.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді