Разделы пресс-центра
Жаңалықтар
29 желтоқсан 2018
Жаңартылды: 14 ақпан 2024
Банк жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер аударуға арналған ағымдағы банктік шоттардағы ақшаның қалдығына сыйақы есептеуді тоқтатады
ҚР Азаматтық кодексінің 751-бабына енгізілген өзгерістердің күшіне енуіне байланысты 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап ағымдағы банктік шотқа орналастырылған ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы есептелмейді. Заңнаманың талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында Банк жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер аударуға арналған ағымдағы банктік шоттардағы ақшаның қалдығына сыйақы есептеуді 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап тоқтатады.