CashBack: Сіз жаратасыз, біз қайтарамыз!
Құрметті клиенттер, "CashBack" жаңа карточкалық өнімінің іске қосылғаны туралы қуана хабарлаймыз.
CashBack – тауарды/қызметті төлем карточкасы арқылы сатып алған кезде, карточканы ұстаушыға қолма-қол ақшасыз жүргізілген операция сомасының бір бөлігін қайтару.
Енді 1 000 теңгеге және одан көп сомаға кез келген тауар сатып алғанда жұмсаған қаражатыңыздың 1%-на дейін тез арада қайтарып алуға мүмкіндігіңіз бар.
ЦентрКредит Банкінің CashBack есептеу артықшылықтары:
- Кез келген банктің POS-терминалынан немесе Интернет арқылы төлеу;
- Дебет картасын да, кредит картасын да пайдалану мүмкіндігі.
CashBack қызметі келесі карталар бойынша қолжетімді:
- MasterCard Gold – 0,8% есептеледі.
- MasterСard Gold Credit – 1% есептеледі.
CashBack қызметі келесі жағдайларда ұсынылмайды:
- Қолма-қол ақша алу;
- Айыппұлдар, салық төлемдерін, мемлекеттік қызметтер ақыларын, сот шығыстарын төлеу;
- Өз шоттары бойынша және үшінші тұлғаның шотына ақша аудару;
- Жеткізушілердің қызметтеріне Starbanking жүйесі және басқа арналар арқылы төлем жасау;
- Ақша айырбастау операциялары;
- Казинода және өзге ойын мекемелеріндегі мөлшерлемелер мен бәстесу құнын төлеу;
- Электрондық әмияндарды толықтыру;
- Жол чектерін, акцияларды және өзге бағалы қағаздарды, бағалы металдарды, лоторея билеттерін сатып алу;
- Банк комиссиясын төлеу.
CashBack сомасын есептеп, ағымдағы шотқа төлеу карточкалық операция жүргізілгеннен кейін лезде жүргізіледі.
CashBack жаңа картасын ашсаңыз, жасаған барлық саудаңыз бұрынғыдан да тиімді болады!