Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
ESG
16 қараша 2026
Жаңартылды: 16 қараша 2026

Банк ЦентрКредит Орталық Азиядағы БҰҰ Жаһандық шартының SDG Champions 2026 байқауында алтын жүлдеге ие болды

Алматы, 2026 жылғы 12 қараша.

«Банк ЦентрКредит» АҚ (БЦК) SDG Champions 2026 байқауында «Ірі бизнес» санаты бойынша алтын жүлдеге ие болып, тұрақты даму қағидаттарына бейілділігін және Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге қосқан үлесін растады.


Марапаттау рәсімі 10 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Бизнес және Еуразиядағы тұрақты даму» тақырыбындағы SDG Forum Almaty 2026 халықаралық форумы аясында өтті.


БҰҰ Жаһандық шартының Орталық Азиядағы желісі ұйымдастырған SDG Champions байқауы тұрақты даму саласында нақты нәтижелер көрсетіп, ТДМ-ға қол жеткізуге практикалық үлес қосатын компанияларды марапаттайды. Бұл марапат Банк ЦентрКредиттің ESG қағидаттарын бизнес-процестерге интеграциялау, тұрақты қаржыландыруды дамыту, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік бастамаларды іске асыру бағытындағы жүйелі жұмысының мойындалуы болып табылады.


Аталған марапат Банктің тұрақты даму бағытында таңдаған стратегиялық бағдарының маңыздылығын растап, ESG тәжірибелерін одан әрі дамытуға қосымша серпін береді.


Банк ЦентрКредит тұрақты даму қағидаттарын өз қызметіне интеграциялауды жалғастырып, жауапты қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтеді және Қазақстанның тұрақты экономикасын қалыптастыруға үлес қосады.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді