Разделы пресс-центра
Жаңалықтар
15 қазан 2025
Жаңартылды: 15 қазан 2025
ЦентрКредит Банкіндегі кредитті өзге банктің картасымен төлеуге болады
Енді банкімізден алған кредитті өтеу бұрынғыдан да ыңғайлы. Клиенттер ай сайынғы төлемді кез келген басқа банктің картасымен жасай алады.
Төлем картадан картаға ақша аудару (P2P) принципі бойынша жасалады. Қызмет Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің карталарын қолдайды, деректердің қауіпсіз өңделуін және қаражаттың кредит шотына әп-сәтте түсуін қамтамасыз етеді.
Енді бөлімше немесе банкомат іздеудің қажеті жоқ, кредитті бірнеше батырманы басып, кез келген уақытта және кез келген банктен төлеуге болады.