Алаяқтар қолданатын негізгі схемалар. Алаяқтықтың кең таралған схемалары (2026ж.)
1. «Банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалу»
Алаяқтар өздерін Банктің қызметкері ретінде таныстырады.
Олар:
• сіздің атыңызға кредит ресімделіп жатқанын;
• қаражатыңызға қауіп төніп тұрғанын;
• шұғыл түрде кредит ресімдеп, ақшаны «қауіпсіз» шотқа аудару қажеттігін және тағы басқа себептерді айтады.
Маңызды: шын банк қызметкерлері ешқашан қаражатты «қорғау» мақсатында кредит ресімдеуді сұрамайды.
2. «Банк логотипі қойылған WhatsApp-тағы қызметкер»
Алаяқтар WhatsApp арқылы Банктің логотипі қойылған аватармен хабарлама жібереді.
Хабарламада олар:
• «шоттың қауіпсіздігін тексеруді» ұсынады;
• «кредит бойынша алдын ала мақұлдау ресімделгенін» хабарлайды;
• «сіздің атыңызға кредит қателесіп ресімделгенін» айтады.
Маңызды: Банк жеке тұлғалардың атынан WhatsApp арқылы ресми хат алмасу жүргізбейді. Бұл – 100% алаяқтық.
3. «Мемлекеттік көмек / eGov»
Алаяқтар түрлі төлемдер, субсидиялар немесе төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге арналған көмек берілетінін айтып уәде етеді.
Төлем алу сылтауымен сізден:
• ЖСН мен растау кодтарын енгізуді сұрайды;
• зиянды қосымшаларды жүктеуге мәжбүрлейді;
• олардың нұсқауы бойынша кредит ресімдейсіз.
4. «ҰҚК немесе ІІМ-мен бірлескен операция»
Хабарласушы сіздің «алаяқтық схеманың құрбаны болғаныңызды» айтып, тергеу жүргізуге көмектесуіңізді сұрайды.
Сізден:
• бұл туралы ешкімге айтпауды;
• «тергеу жүргізуге көмектесу үшін» кредит ресімдеуді;
• ақшаны «айғақ ретінде ресімдеу үшін» тапсыруды сұрайды.
Маңызды: органдар азаматтардың телефон арқылы құпия операцияларға қатысуын талап етпейді.
5. «ТКШ тарапынан есептегіштерді тегін ауыстыру»
Хабарласушы өзін ТКШ қызметкері ретінде таныстырып, есептегіштерді ауыстыру мәселесі бойынша хабарласып тұрғанын айтады.
Сізден:
• «өтінімді растау үшін» кодты айтуды сұрайды;
• «өтінімді растау үшін» биометриялық сәйкестендіруден өтуді талап етеді;
• зиянды қосымшаларды жүктеуге итермелейді.
Маңызды: ТКШ қызметкерлері сізден биометриялық сәйкестендіруден өтуді немесе растау кодтарын сұрамайды.
6. «Туыстардан қоңырау шалу»
Хабарласушы дауысын қолдан жасап туысыңыздың (балаңыздың, әпке-қарындасыңыздың, аға-ініңіздің, әкеңіздің және т.б.) дауысын салады.
Сізден:
• SMS арқылы келген кодты айтуды сұрайды;
• «қауіпті» жағдайға байланысты ақша аударуды өтінеді.
Маңызды: мұндай жағдайда сақ болыңыз және ақпараттың рас екенін тексеру үшін туысыңызға өзіңіз қайта қоңырау шалыңыз.