Разделы пресс-центра
Жеке тұлғаларға
Жаңалықтар
28 қазан 2026
Жаңартылды: 28 қазан 2026
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап телефон нөмірі бойынша аударым тарифтерінің өзгеруі
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ЦентрКредит Банкі жекелеген карта өнімдері бойынша ҚР-ның басқа банктеріне телефон нөмірі арқылы ақша аудару тарифтерін жаңартады.
Премиум карталар бойынша талаптар өзгеріссіз қалады —бұрынғыдай комиссиясыз ақша аударуға болады.
Қалған карталар бойынша комиссиясыз ақша аударуға мынадай лимиттер қолданылады:
- #bccpay 2.0 — айына 700 000 теңгеге дейін комиссиясыз, лимиттен асқан жағдайда — аударым сомасының 1%-ы, кемінде 250 теңге;
- #Үлкенгеқұрмет, #GoldCard, Әлеуметтік/Алименттік карта — айына 300 000 теңгеге дейін комиссиясыз, лимиттен асқан жағдайда — 1%, кемінде 250 теңге;
- Visa Silver ZP ENU — айына 500 000 теңгеге дейін комиссиясыз, лимиттен асқан жағдайда — 1%, кемінде 250 теңге;
- #картакарта — жеке қаражатты айына 300 000 теңгеге дейін комиссиясыз аударуға болады, лимиттен асқан жағдайда — 1%, кемінде 250 теңге. Кредит қаражатын аудару комиссиясы өзгеріссіз қалады — 4%;
- #180 — жеке қаражатты айына 300 000 теңгеге дейін комиссиясыз аударуға болады, лимиттен асқан жағдайда — 1%, кемінде 250 теңге. Кредит қаражатын аудару комиссиясы өзгеріссіз қалады — 3,9% + 390 теңге.
Жаңа шарттар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Ақша аударған кезде жаңартылған лимиттерді ескеріңіздер.