Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар
8 қыркүйек 2026
Жаңартылды: 8 қыркүйек 2026

ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін озық инновациялық банк деп танылды

ЦентрКредит Банкі халықаралық Global Business Outlook басылымының «Қазақстандағы шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін озық инновациялық банк» (Most Innovative SME Bank – Kazakhstan 2026) марапатына ие болды. Бұл жоғары марапат банктің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға арналған ұтымды шешімдері, цифрлық технологияларды белсенді енгізуі және клиенттерге заманауи қаржылық қызмет көрсеткен жетістіктері үшін берілді.

Global Business Outlook сарапшылары ЦентрКредит Банкінің шағын және орта бизнеске арналған кешенді шешімдерді дамытудағы жетістіктерін жоғары бағалады. Олардың қатарында жаңартылған BCC Business мобильді қолданбасы, кредит өнімдері мен кепілдіктерді онлайн ресімдеу мүмкіндігі, сондай-ақ мәмілелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін эскроу-шот ашу және эскроу қолхаттарымен алмасу қызметтері бар. Сонымен қатар валюталық бақылау мәселелері бойынша қашықтан кеңес алуға мүмкіндік беретін видеобанкинг сервистері мен қолданбадағы валюталық жұптардың кең таңдауын ұсынатын FX-айырбастау қызметі ерекше атап өтілді. Сарапшылар банктің цифрлық төлем инфрақұрылымын да жоғары бағалады. Атап айтқанда, цифрлық теңгемен есеп айырысу сервистері, интернет-эквайринг пен сауда эквайрингін жылдам әрі оңай қосу мүмкіндіктері ЦентрКредит Банкінің бизнесті дамытуға бағытталған заманауи әрі тиімді қаржылық шешімдер ұсынудағы көшбасшылығын айқындады.

Шағын және орта бизнес банктің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Біз кәсіпкерлердің қажеттіліктері үнемі өзгеріп отыратынын жақсы түсінеміз. Сондықтан технологияларды дамытып, цифрлық сервистердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, банк қызметін пайдалануды барынша жеңіл әрі тиімді ету үшін клиенттерге көрсетілетін қызмет сапасын үздіксіз жақсартып келеміз», – деді ЦентрКредит Банкінің президенті Руслан Владимиров.

Global Business Outlook – әлемдік бизнес пен қаржы саласындағы үздік тәжірибелер мен жетістіктерді дәріптейтін халықаралық беделді іскерлік басылым. Басылым жыл сайын бизнесті дамытуға, инновацияларды енгізуге және салалық өсімге елеулі үлес қосқан компаниялар мен қаржы ұйымдарын марапаттайды. Қатысушыларды бағалайтын кезде олардың нарықтағы көшбасшылық ұстанымы, қол жеткізген нәтижелері, табысты жүзеге асырылған бастамалары, өнімдері мен қызметтерінің сапасы, сондай-ақ саланың дамуына қосқан үлесі жан-жақты сараланды.

Банк өз қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 05.08.2026 жылы берген № 1.1.856.145 әмбебап банк лицензиясына сәйкес жүзеге асырады.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді