Кепілді кредиттер бойынша мөлшерлемелер төмендетілді
Енді маңызды мақсаттарға ірі сома алу тиімді. ЦентрКредит Банкі жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін кредиттер және кепілді кредиттерді қайта қаржыландыру бойынша мөлшерлемелерді төмендетті.
Кепілмен берілетін кредит бойынша жөндеу жұмыстарына, ірі сатып алуға, білім алуға, жеке жоспарларыңызды жүзеге асыруға және басқа да мақсаттарға 150 млн теңгеге дейін қаражат алуға болады. Қамсыздандыру ретінде тұрғын үй (пәтер, үй) немесе коммерциялық жылжымайтын мүлік қабылданады.
Кредитті онлайн немесе Банк бөлімшесінде ресімдеуге болады.
Егер сіздің кепілді немесе ипотекалық кредитіңіз бар болса, оны ЦентрКредит Банкінде қайта қаржыландырып, төлемдерді жаңа шарттармен жалғастыруға болады. Қажет болған жағдайда қайта қаржыландырылатын борыштан бөлек қосымша қаражат алуға болады.
Өзіңізге қолайлы нұсқаны таңдап, жылжымайтын мүлікті кепіл ретінде пайдалану арқылы мақсаттарыңызға жетудің қосымша мүмкіндігіне ие болыңыз.