#IronCard: Supreme және Supreme+ артықшылықтары енді қолжетімді
#IronCard картасын ұстаушылардың Supreme және Supreme+ артықшылықтарын пайдалану шарттарын есептеу тәртібін өзгерттік. Енді шарттар түсінікті, ал оларды орындау оңай болады.
Енді Supreme және Supreme+ артықшылықтарын пайдалану үшін күнтізбелік тоқсандарға қарамастан, жазылым шарттарының бірін 3 ай қатарынан орындау жеткілікті.
1. Supreme артықшылықтар деңгейі үшін
Supreme артықшылықтар деңгейі — бүкіл әлем бойынша әуежайлардағы DragonPass бизнес-залдарына шектеусіз және Астанадағы VIP Lounge-ға екі қонақпен бірге (жылына 6 рет) кіру мүмкіндігі. Supreme деңгейін пайдалану үшін келесі шарттардың бірін орындау жеткілікті:
3 ай ішінде ұлттық валютамен (немесе оның баламасымен) айына 3 млн ₸-ден 5 млн ₸-ге дейінгі сомаға сауда жасау
Теңгемен ашылған шоттардағы күнделікті қалдықты 3 ай қатарынан кемінде 500 000 ₸ сомасында сақтау
2. Supreme+ артықшылықтар деңгейі үшін
Supreme+ артықшылықтар деңгейі — бүкіл әлем бойынша әуежайлардағы DragonPass бизнес-залдарына шектеусіз және Астанадағы VIP Lounge-ға бұрынғыдай 6 рет емес, енді жылына 10 рет үш қонақпен бірге кіру мүмкіндігі. Supreme+ деңгейіне қол жеткізу үшін келесі шарттардың бірін орындау жеткілікті:
3 ай ішінде ұлттық валютамен (немесе оның баламасы) айына кемінде 5 млн ₸ сомаға сауда жасау
Теңгемен ашылған шоттардағы күнделікті қалдықты 3 ай қатарынан кемінде 1 млн ₸ сомасында сақтау