Қазақстандағы негізгі қаржы құралдарының бірі — айлық есептік көрсеткіш немесе АЕК. АЕК-ті есептеу үшін нақты сомасын теңгемен нақтылауға мүмкіндік беретін калькулятор қолданылады.
АЕК — бұл жеке тұлғалар мен компанияларға қатысты түрлі төлемдердің мөлшерін анықтау үшін қолданылатын коэффициент.
АЕК мөлшері жыл сайын қайта қаралып, негізінен 1 қаңтарда белгіленеді. Алайда 2020 және 2022 жылдары АЕК қосымша 1 сәуірде де белгіленді. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК мөлшері 3 932 теңгеге тең болды.
Салыстыру үшін: 2024 жылы АЕК мөлшері 3 692 теңге болған. Осылайша биыл коэффициент сәл ғана — 240 теңгеге өсті. Бұл алдыңғы жылдары қалыптасқан үрдіске сәйкес келеді.
АЕК мөлшерін белгілеген кезде бірнеше көрсеткіш ескеріледі. Негізгілерінің қатарында инфляция деңгейі мен теңге бағамы бар. Инфляцияға байланысты АЕК мөлшері жыл сайын қайта қаралады: себебі инфляция өскен сайын бұл көрсеткіш те артады.
Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз
7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету
Айлық есептік көрсеткіш төлемдердің көпшілігін есептеу үшін қолданылады. Соның ішінде оның көмегімен мынадай төлемдердің мөлшері белгіленеді:
Сондай-ақ бұл коэффициент кіріс деңгейін ескере отырып бизнестің санатын (шағын, орта немесе ірі кәсіпкерлік) дұрыс саралау және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (ЖШС) жарғылық капиталының мөлшерін анықтау үшін қажет.
Аталған төлемдердің әрқайсысы белгілі бір мөлшердегі АЕК-пен өлшенеді. Мысалы, қозғалтқыш көлемі 1100 см³-тан кем автокөлікке салынатын салық — 1 АЕК, ал жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгені үшін салынатын айыппұл — 5 АЕК.
Соманы теңгемен есептеу үшін белгіленген АЕК мөлшерін 2025 жылы қолданылатын мөлшерге (3 932 теңге) көбейту қажет. Нәтижені жылдам және артық есептеусіз алуға АЕК калькуляторы көмектеседі. Жоғарыдағы мысалға қайта оралсақ, қозғалтқыш көлемі 1100 см³-қа дейінгі автокөлікке салынатын салық — 3 932 теңге (1 х 3 932 теңге), ал жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгендер 19 660 теңге сомасында айыппұл төлейді (5 х 3 932 теңге).
Калькулятормен жұмыс істеу өте оңай. Онда тек бір жол бар — осы жерге АЕК санын енгізу қажет. Әдетте төменгі жағында ең жиі кездесетін сандарға (мысалы, 5, 10 немесе 40) арналған «көмекші» нұсқаулар болады. «Есептеу» батырмасын басыңыз — «Нәтиже» жолынан есептеудің қорытындысын көресіз. Айтпақшы, калькулятор көбінесе алдыңғы жылдардағы деректерді де ұсынады, бұл салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
Неге ҚР-да көптеген төлем АЕК-ке байланысты? Мұның себебі — инфляция. Оның салдарынан жәрдемақы мен салық үшін бірыңғай мөлшерді белгілеу мүмкін емес: заңдарды үнемі қайта жазуға тура келер еді. Сондықтан төлемдерді жылына бір рет өзгеретін коэффициентке байланыстыру әлдеқайда ыңғайлы әрі оңай. Ал нақты есептеу жасауға қолайлы онлайн-сервис — АЕК калькуляторы көмектеседі.