Өткен жұма күні ЦентрКредит Банкі қазіргі заманғы жағдайда тиімді басқару және маркетинг мәселелеріне арналған бизнес-кездесуде қазақстандық кәсіпкерлердің басын қосты. Кездесу барысында бизнес қажеттіліктері, даму перспективалары, экономикадағы жеткізу тізбектерінің маңызы, сондай-ақ осы процестерді оңтайландыру мүмкіндіктері талқыланды.