Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
28 қыркүйек 2025
Жаңартылды: 26 қыркүйек 2025

Қазақстандағы (ҚР-дағы) ЭҚЖЖ: бұл не және кодты қалай өзгертеді?

ЭҚЖЖ не үшін қажет? ҚР-да ЖК мен ЖШС-ға арналған ЭҚЖЖ-ны қалай өзгертеді?

Кәсіпкер бизнесін тіркеген кезде ЭҚЖЖ – экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша кодты көрсетуі қажет. Бұл ретте сіз қажет болған жағдайда кодты өзгерте аласыз.

ЭҚЖЖ шешімін табатын міндеттер

ЭҚЖЖ — экономикалық қызметтің барлық түрінің тізімін қамтитын кодтау жүйесі. Сонымен қатар әр түрдің бірегей коды болады. Бүгінде ҚР тізілімінде 21 қызмет саласына қатысты 1090 код бар.

Код не үшін қажет?

  • Мемлекеттік органдар оны экономиканың әртүрлі салалары бойынша статистикалық деректерді алу – оларды жинау және талдау, бағалау үшін пайдаланады. Мысалы, белгілі бір тауашада жұмыс істейтін компаниялардың санын анықтау немесе белгілі бір саладағы жұмыспен қамту деңгейін зерттеу үшін пайдаланады.
  • ЭҚЖЖ компанияның қай салада жұмыс істейтіні, қандай өнімдер шығаратыны, қандай қызметтер көрсететіні туралы түсінік береді. Бұл, мәселен, салық қызметінің жұмысын жеңілдетеді.
  • Салық органдары төлемдерді ЭҚЖЖ-ны ескере отырып есептейді.
  • ЭҚЖЖ тек салық қызметімен өзара әрекеттесу кезінде ғана емес, сонымен қатар банкке жүгінген кезде (мысалы, кредит ресімдеген кезде) де қажет болады.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз

Қазақстанда ЖК немесе ЖШС ЭҚЖЖ-сын қайдан қарайды?

Қазақстанда бизнес өкілдері ЭҚЖЖ-ны онлайн біле алады: ЖК бойынша ЖСН-ды, ЖШС бойынша БСН-ды көрсету қажет болады. Кәсіпкер өзінің кодын келесі порталдарда нақтылай алады:

  • Ұлттық статистика бюросы
  • «Е-лицензиялау»
  • Электронды үкімет

Қосымша ЭҚЖЖ дегеніміз не?

Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлердің (ЖК) және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (ЖШС) бір негізгі ЭҚЖЖ-сы және саны шектеусіз қосымша ЭҚЖЖ-лары болуы мүмкін.

Негізгі ЭҚЖЖ тіркелген кезде көрсетіліп, негізгі қызмет түрін (ең көп табыс әкелетін) білдіреді. Бизнес бірнеше қызмет түрімен айналысатын болса, қажет болған жағдайда, қосымша ЭҚЖЖ көрсетіледі.

Қосымша ЭҚЖЖ не үшін көрсетіледі?

Мұның негізгі 3 себебі:

  • Негізгі кодқа кірмейтін әртүрлі әрекеттерді заңды түрде жүзеге асыру.
  • Салық органдары тарапынан қиындықтарға жол бермеу.
  • Лицензияларды, салықтық жеңілдіктерді алу және қызмет түріне байланысты тендерлерге немесе қолдау бағдарламаларына қатысу.

Негізгі код — ол тек біреу ғана, салық салуға, тексеруге және статистикаға әсер етеді.

Қосымша кодтарды Stat.gov.kz порталындағы жеке кабинет арқылы енгізуге немесе өзгертуге болады.

Қызметтің барлық түрі (негізгі және қосымша кодтар бойынша) іс жүзінде орындалатын жұмыстарға сәйкес болуы тиіс.

Негізгі ЭҚЖЖ-ны қалай өзгертеді?

Егер кәсіпкер өз қызметін қайта өзгертетін болса, оған ЭҚЖЖ-ны да өзгерту қажет. Процедура онлайн түрде өтеді және көп уақытты қажет етпейді. Бизнестің меншік нысанына байланысты ЭҚЖЖ өзгерту сұлбасы сәл өзгеше болады. Осылайша жеке кәсіпкерлер екі әдісті пайдалана алады: олар статистика комитетінің сайтында немесе «Е-лицензиялау» порталында процедурадан өте алады. Ал ЖШС өкілдері тек бірінші нұсқаны ғана пайдалана алады.

2025 жылы ҚР-дағы жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру
Қазақстанда ЖК-ны онлайн-жабудың қадамдық нұсқаулығы
Жағдай: бәрі күрделі. Қазақстандықтардың қаржылық әдеттерінің шынайы көрінісі

ЖК мен ЖШС Қазақстандағы ЭҚЖЖ-ны қалай өзгерте алады?

Алдымен жеке кәсіпкерлерге де, серіктестік өкілдеріне де қолайлы әмбебап әдісті қарастырайық. Процедура Stat.gov.kz порталында жүргізіледі. Бизнес өкілі Жеке кабинетте авторизациялаудан өтеді. Ол үшін ЭЦҚ қажет. Содан кейін кәсіпкер:

  • «Респонденттің деректері» бөліміне өтеді.
  • «Өңдеу» батырмасын (төменгі оң жақта) басады.
  • Жоғарғы сол жақта орналасқан «ЭҚЖЖ Экономикалық қызметтің негізгі коды» қосымша бетіне өтіп, «Өңдеу» батырмасын басады — кодтар тізімі көрсетілген терезе ашылады.
  • Сәйкес кодты таңдайды.
  • Өзгерістер сипатын (уақытша ма, әлде тұрақты ма) көрсетеді.
  • «Сақтау» батырмасын басады. Батырма Экранның төменгі оң жағында орналасқан.
  • Өзінің email мекенжайын, сондай-ақ ЖСН-ды немесе БСН-ды көрсетеді.

Жүйе енгізілген деректердің дұрыстығын тексергеннен кейін өтінім өңдеуге қабылданады.

Порталда «Деректерді өзгерту туралы сұраулар» қосымша беті бар. Сол арқылы жіберілген өтінімнің мәртебесін бақылауға болады.

Енгізілген деректерді өңдеу қажет болған жағдайда, сұрау қаралып жатқан кезде бұл функция бұғатталады. Алайда өтінім қаралып болғаннан кейін, сіз қайтадан өңдеу қызметін пайдалана аласыз.

BCCBOX

  • POS-терминал
  • Касса + ТИС от Учёт.kz
  • Бизнес-карта
  • Айналым есебінен шот бойынша кредиттік лимит

ЖК ҚР-да ЭҚЖЖ-ны қалай өзгерте алады?

ЖК-ге басқа әдіс те ұсынылады: ЭҚЖЖ-ны eGov порталында, нақтырақ айтқанда электронды лицензиялау сайтында өзгерте алады. Бұл үшін:

  • Жеке кабинетте авторизациядан өтіңіз. Бұл үшін электронды қолтаңба пайдаланылады.
  • «Қызмет көрсету» қосымша бетіне (басты мәзірде) өтіңіз.
  • Қолжетімді операциялар тізімі ашылады.
  • «Хабарлама тәртібі» тармағын, содан кейін «Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама» тармағын таңдаңыз.
  • «ЖК мәліметтерін өзгерту туралы хабарлама» батырмасын басыңыз.
  • «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.
  • Компанияны тіркеген салық қызметінің филиалын көрсетіңіз.
  • «Құру» батырмасын басыңыз — жаңа өтінім қалыптасады. ЖК туралы ақпарат көрсетілген терезе ашылады.
  • Беттің төменгі жағына қарай жылжып, «Мемлекеттік кірістер органына сұрау салу» қосымша бетіне өтіңіз, «Жіберу» батырмасын басыңыз. «Деректемелерді өзгертуге болады» деген хабарлама шығады.
  • «Әрі қарай» батырмасын (төменгі оң жақта) басыңыз.
  • ЖК деректерін толтырып, тағы да «Әрі қарай» батырмасын басыңыз. Тізім шығады.
  • «ЭҚЖЖ негізгі» бөлімінде жаңа ЭҚЖЖ-ңызды таңдаңыз да, «Әрі қарай» батырмасын басыңыз.
  • Өтінімге қол қойып, жіберіңіз.

Өтінімнің мәртебесін «Өтініштер тарихы» бөлімінде қадағалай аласыз. Онда «Хабарламалар» панелін көресіз, ал төменгі жағында — өтінімдер тізімі бар кесте орналасқан. Өтінім қабылданғаны туралы талон мен хабарлама алу үшін үлкейткіш әйнек белгісін басыңыз. Хабарлама қазақ және орыс тілдерінде ресімделеді.

Әдетте кодты онлайн өзгерту барысында қиындықтар туындамайды. Дегенмен жаңа ЭҚЖЖ ұйымыңыз қолданатын салық режимінің талаптарына сай келмеуі мүмкін екенін ескеру қажет. Мұндай жағдайда өтінім қаралмайды. Алайда бұл мәселенің де шешімін табуға болады: салық режимін өзгертіңіз немесе басқа кодты көрсетіңіз. ЭҚЖЖ-ны өзгерту қызметі тегін ұсынылады, ал өтінімді онлайн беру уақытыңызды үнемдейді.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды