Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
20 тамыз 2025
Жаңартылды: 21 тамыз 2025

Премиум роуминг: Flexiroam-мен шекарасыз саяхат

Mastercard халықаралық төлем жүйесі мен малайзиялық байланыс операторы Flexiroam бірлескен жобаны дайындады. Акция аясында Mastercard премиум карталарының (World Black Edition) иелері шетелде SIM-картаны ауыстырмай-ақ 1 ГБ мобильді интернетті тегін пайдалана алады. Бұл жиі саяхаттайтын адамдар үшін тиімді мүмкіндік.

Flexiroam туралы толығырақ

Mastercard ұсынған Flexiroam қызметі жергілікті байланыс операторларының мобильді интернетіне eSIM арқылы қосылуға мүмкіндік береді. SIM-карта смартфонға кіріктіріліп, стандарт SIM-картаның орнына жұмыс істейді. Бұл туристер үшін интернет мәселесін жеңілдетеді: байланыс операторының офисін іздеудің, тарифтерді салыстырудың, сондай-ақ маршрут бірнеше мемлекетті қамтитын болса, симканы қайта-қайта ауыстырудың қажеті жоқ. Малайзиялық Flexiroam компаниясы әлемнің 150 еліндегі 580 байланыс операторымен серіктес.

Сонымен қатар аталған сервис өзге тарифтік жоспарларға 15% жеңілдік ұсынады.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 

Flexiroam қызметін қалай пайдаланады?

Flexiroaming қызметін пайдалану оңай. Роумингті теңшеу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. 1. Flexiroam қолданбасын жүктеп алыңыз. Mastercard белгішесін басыңыз. Жүйе тариф жоспарына сәйкестігін тексереді.
  2. 2. Картаңыздың нөмірін көрсетіп, тіркеңіз.
  3. 3. email мекенжайын енгізіңіз. Бұл қолданбада аккаунт жасау үшін қажет.
  4. 4. Тариф жоспарын таңдап, төлем жасаңыз. Осылайша eSIM іске қосылады.
  5. 5. Смартфонның «Параметрлер» бөліміне өтіп, құлыпты ашыңыз және роумингті қосыңыз.
  6. 6. Деректерді беруді іске қосыңыз.

Қызметтің артықшылықтары

Flexiroam саяхатты жеңілдетіп, әлемнің кез келген елінде байланыста болуға мүмкіндік беретін қызмет. Сервистің басқа да бірқатар артықшылықтары бар:

  1. Көптеген смартфонмен үйлесімді.
  2. Технологияны бір рет қана теңшеу жеткілікті. Шекарадан өтсеңіз де байланыста боласыз.
  3. Қызмет пакеттеріне мобильді интернет, сонымен бірге қоңыраулар мен SMS те кіреді.
  4. Қызметті іске қосу оңай.
  5. Деректерді берудің жоғары жылдамдығы барлық маңызды тапсырманы шешуге мүмкіндік береді.
  6. Қызмет пакеттері күнтізбелік жыл сайын жаңартылады.
Бүкіл әлемді қалай тиімді аралап шығуға болады: Бюджеттік сапарларға арналған 11 лайфхак
Саяхат бірқалыпты өтуі үшін: Қазақстаннан шетелге шығуға тыйым салынғанын қалай тексеру керек

Mastercard пен Flexiroam қызметінің бірлескен бағдарламасы саяхатты бұрынғыдан да жайлы етеді.

Енді тұрмыстық ұсақ-түйекке алаңдаудың қажеті жоқ: бүкіл әлем бойынша жолда, қонақүйде немесе іскери кездесуде достарыңызға алған әсеріңізді фото және видео арқылы жіберіңіз, жұмыс чаттарында жауап беріңіз, поштаңызды тексеріңіз, сүйікті бейне-роликтеріңізді тамашалаңыз.

ЦентрКредит Банкі арқылы Mastercard төлем жүйесінің #BlackEdition премиум картасын ашып, кешбэк, мультивалюталық және әлемнің кез келген банкоматынан айына 1,5 млн теңгеге дейін қолма-қол ақшаны тегін алу сияқты көптеген артықшылыққа ие бола аласызира.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды