Кофе бизнесі – Қазақстанда ең кең тараған кәсіп түрлерінің бірі, себебі бұл өз ісіңізді бастауға жақсы мүмкіндік. Дегенмен бұл салада бәсекелестік жоғары, бірақ егер сізде бизнес-жоспар, сапалы өнім және кофеге деген зор сүйіспеншілік болса, сіз жақсы табыс таба аласыз. Алайда қоғамдық тамақтану саласына қатысты кез келген қызмет оңай болмайды: клиенттер қызмет көрсету сапасы жақсы болған жағдайда ғана болады. Сондай-ақ пайда табу бойынша тым жоғары мақсат қоймаңыз: кофехананың табыстылығы 30-35% болса, бұл – тамаша көрсеткіш.
Кофехананы нөлден қалай ашуға болады? Өз кофеханаңызды ашу үшін не қажет?
Бұл сұрақтарға қадамдық нұсқаулық жауап береді.
ЖК-ны 0 теңгеге онлайн тіркеу
Бизнесті жеңіл бастаңыз
Үстелдері мен отыратын орындары бар мекеме – күрделі әрі қымбат нұсқа: көп мөлшерде жиһаз пен жабдық қажет, сондай-ақ рұқсат құжаттарын алу керек. Бұл формат ұзақмерзімді жоспарлауға дайын кәсіпкерлер үшін қолайлы, өйткені болашақта мұндай бизнес әлдеқайда көп пайда әкеледі.
Егер сіз «кофехананы қалай ақшасыз ашуға болады?» деп ойлап жүрсеңіз, жалғыз шынайы жауап – ешқандай жолмен. Алайда әртүрлі мекемелер әртүрлі бастапқы капиталды талап етеді, сондықтан кофехананы бизнестің басқа түрлерімен салыстырғанда шағын бюджетпен де ашуға болады.
Бизнесті бастау үшін ең қолайлы формат – to go (алып кетуге арналған кофе). Бұл форматтың қандай нұсқалары бар?
Бұл формат экспресс-кофехана деп те аталады. Мұндай кофехананы шағын дүңгіршек ретінде ашуға, сауда орталығында сауда бұрышын ұйымдастыруға, адам көп өтетін жерде вендинг аппаратын орнатуға болады. Тағы бір нұсқа – кофемобиль.
Кофе-поинттардың аумағы әдетте 1-20 м2 болады. Бірақ орынды табу жеткіліксіз – кофе-поинттың орналасуын жергілікті билікпен келісу керек. Мұндай кофеханалар үшін көп жабдық талап етілмейді, өйткені оларда арнайы сақтау шарттарын қажет етпейтін өнімдер (шоколад батончиктері, печенье, вафли) сатылады.
Кофе-поинттардың қандай артықшылықтары бар?
Бірақ кейбір ерекшеліктерді де ескеру маңызды:
Қазақстанда кофе-поинт түріндегі кофехананы нөлден бастап ашуға қанша қаражат керек? 2-3 миллион теңге көлемінде инвестиция қажет.
Мұндай кофехана қанша табыс әкеледі? Жақсы ойластырылған бизнес-жоспар арқылы айына бір миллион теңгеден астам табыс табуға болады.
Мұндай формат кофе-бар, шағын кофехана, америкалық кофехана деп те аталады. Оның негізгі ерекшеліктері:
Base-кофехананы ашу үшін қанша ақша қажет? 3-5 миллион теңге көлемінде қаражат болу керек.
Lounge форматы дәстүрлі кафелерге ұқсайды және келесі ерекшеліктерімен сипатталады:
Мұндай кофеханалар достармен жайлы атмосферада демалу және толыққанды бос уақыт өткізу үшін жасалған.
Көп жағдайда кәсіпкерлер бұл форматқа кофе-поинттар мен Base-кофеханалардағы тәжірибеден кейін көшеді. Мұндай бизнеске 5 миллион теңгеден бастап қаражат қажет.
Сондай-ақ кофехананы франшиза негізінде ашуға болады. Бұл жағдайда кофехананың атауын ойлап табудың, клиенттерді қалай тартуға болатынын ойлаудың қажеті жоқ. Кәсіпкер дайын бизнес-модель мен жақсы танылған брендті алады. Алайда бұл жерде де өзіне тән қиындықтар бар, мысалы, франшиза төлемдері мен қызмет көрсету бойынша қатаң регламенттерді алдын ала мұқият зерттеу қажет.
Сіз орынды таңдадыңыз, жүзеге асыратын идеяңыз да бар. Енді әлеуетті клиенттерді талдау қажет. Ол үшін бәсекелестердің қызметін зерттеп, олардың қандай өнім ұсынатынын, клиенттердің назарын немен тартатынын зерделеген жөн. Бәсекелестердің объектілеріне барып, ас мәзірінен бастап интерьер дизайнына дейін барлығын өз көзіңізбен бағалау артық болмайды. Қызмет көрсету жылдамдығы, қызметкерлердің қонақжайлығы, тіпті таңдалған түс гаммасы да маңызды.
Клиенттерді тағы не тартады? Стильді фотоаймақ, акциялар мен жеңілдіктер, сыйлықтар мен бонус карталары қызықтыруы мүмкін. Кофенің өзін де ұмытпаған жөн. Алғашқы кезде келушілерден ас мәзіріне не жетіспейтінін сұрап, клиенттердің тілектерін ескере отырып, бизнес-стратегияңызды түзету – табысқа жетудің маңызды қадамы.
Кофеханаға адамдар кофе алуға келеді, сондықтан қандай сусындар ұсынатыныңызды, шикізатты қайдан алатыныңызды және қандай дайындау әдісіне сүйенетініңізді анықтау маңызды. Қосымша ұсыныстарды да ескеріңіз. Мысалы, дәнді батончиктер тоңазытқыштың болуын талап етпейді, ал сэндвич дайындағанда гриль немесе сэндвич пісіргіш қажет болады.
Әдетте кофе картасын әзірлеген кезде тұтынушылардың талғамына назар аударады. Мысалы, десерт сүйер қауым көпіршітілген кілегей мен шәрбат қосылған тәтті кофе сусындарын ұнатады. Таңертең сергігісі келетіндер американо немесе эспрессо сияқты классикалық сусындарды таңдайды.
Стандарт кофе картасы 4 блоктан тұрады: қара кофе, сүт қосылған кофе сусындары, авторлық кофе және балама нұсқалар. Әр блоктың ішіндегі ұсыныстарды мұқият ойластырыңыз. Сүтті де ұмытпаңыз. Оның әртүрлі болғаны дұрыс: кәдімгі сиыр сүті ғана емес, сонымен қатар лактозасыз, өсімдік негізіндегі, гипоаллергенді сүт түрлері болғаны жақсы.
Бизнес-жоспар – сіздің бизнесіңіздің негізі. Ол мекеменің позициясы қандай, ұсынатын ассортименті қандай, кофеханаға қандай жабдық керек, мекеме Қазақстандағы қоғамдық тамақтану талаптарына жауап беруі үшін не істеу керек, кофехана ашуға қанша ақша қажет, сырттан инвестиция қажет пе деген барлық сұраққа жауап береді.
Кофе бизнесін жүргізгісі келетін кәсіпкерлер үшін ұйымдық-құқықтық нысанның екі түрі қарастырылған: ЖК немесе ЖШС. Мәселен, ЖК анағұрлым қарапайым ресімдеумен және жеңілдетілген есептілікпен тартымды. ЖК-ні тіркеген кезде ЭҚЖЖ бойынша нысанды дұрыс анықтау қажет екенін ескеріңіз.
Өзін-өзі жұмыспен қамтуды ресімдеуге болмайды: мұндай форматта жұмыскерлерді жалдау қарастырылмаған және жылдық табыс бойынша шектеу қойылған.
Банк шоты онлайн-төлем жасауға және көптеген қосымша қызметті пайдалануға мүмкіндік береді. ЦентрКредит Банкінің сервистері бизнесті жүргізуді жеңілдетеді. Эквайринг жүйесі бойынша клиенттерден төлемді карта арқылы қабылдауға болады. Бұл ретте ЦентрКредит Банкінің эквайринг қызметінде ең төменгі комиссия қарастырылған: кейбір қызмет пакеттерінде ЖК үшін комиссия 0%. Сондай-ақ сауда эквайрингін ресімдеген кезде POS-терминал тегін беріледі және тегін қызмет көрсетіледі. Шайпұлды қолма-қол ақшасыз қабылдауға арналған сервисті қосуға болады. Бұл клиенттерге шайпұлды банк картасынан да, Google Pay және Apple Pay төлем қызметтері арқылы да аударуға мүмкіндік береді. Шаруашылық және өкілдік шығынды бақылауды жеңілдету үшін корпоративтік картаны ресімдеуге болады, оған қызмет көрсету құны 0 теңге.
ЖК және заңды тұлғалар ЦентрКредит Банкінде ағымдағы шотты онлайн аша алады, оған небәрі 5 минут уақыт кетеді.
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз
Дұрыс таңдалған орын бизнеске табыстың 80%-дан астамын қамтамасыз етеді деп есептеледі. Ғимаратты бизнестің идеясына сай іздеу керек, керісінше емес. Жай санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс, ал орналасқан жері мақсатты аудиторияға сай таңдалуы қажет. Кофеханаңызда сәнді кофе сусындарын ұсынғыңыз келсе, орынды университеттерге, жатақханаларға, қоғамдық көлік аялдамаларына жақын жерден іздеген жөн. Ал дәстүрлі кофе ұсынғыңыз келсе, офис кешендері мен бизнес-орталықтар ең тиімді нұсқа болмақ.
Жақсы орынды бірден табу қиын болуы мүмкін, бірақ үмітіңізді үзбеңіз. Жайлы атмосфера мен ерекше кофе картасы адам аз жүретін жерде де клиенттерді тарта алады.
Орын табылғаннан кейін, оны ретке келтіру қажет. Бұл жөндеу жұмыстарын, дизайн концепциясын жасауды және жиһаз таңдауды қамтиды.
Қажетті жабдықтардың тізбесі бизнес-жоспарды дайындау кезеңінде жасалады. Айтпақшы, «тізімнен тыс» қосымша техника сатып алғыңыз келсе, қаржылық қауіпсіздік қоры болғаны дұрыс.
Дәнді кофе (оны өз бетіңізше қуыруға тура келеді) сататын халықаралық компанияларды немесе дайын қуырылған кофені ұсынатын жеткізушілерді іздеуге болады. Сарапшылар кемінде бес түрлі нұсқаны қарастыруды ұсынады.
Кофехана ашылғаннан кейін жұмыстар аяқталмайды. Азық-түлік сатып алу, персоналды таңдау, процестерді автоматтандыру, мекеменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бейілділік жүйесін (бонус, жеңілдік, акция, арнайы ұсыныс) ойластыру қажет. Соңғы кезең ретінде жарнама науқаны маңызды. Барлық осы қадам орындалғаннан кейін ғана алғашқы қонақтарды қарсы алуға дайын боласыз.