Жеңілдікті мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары, тұрғын үй кезегіне тұру, ипотека, субсидиялау немесе сот даулары — мұндай жағдайларда Қазақстанда мемлекеттік тізілімнен жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама талап етіледі. Бұл анықтама 6-нысан бойынша ресімделеді. Құжатта нақты бір тұлғаның атына тіркелген жылжымайтын мүліктің бар-жоғы ресми түрде расталады.
Бүгінде жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама алу үшін жауапты органға бару міндетті емес, қызмет онлайн көрсетіледі. Оның үстіне құжатты бірнеше тәсілмен сұратуға болады. Енді солардың ең ыңғайлы нұсқаларын қарастырайық.
Жеке тұлғаның атына жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы мәліметтерді электрондық үкімет ұсынады. Қызметті Egov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қолданбасы арқылы алуға болады.
Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз
7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету
Мысалы, сіз құжатты портал арқылы сұратқыңыз келсе, келесі әрекеттерді орындауыңыз қажет:
Дайын құжатты Жеке кабинетіңізде көресіз.
Егер қолданбаны пайдаланатын болсаңыз, «Қызметтер» бөлімін, кейін «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» тармағын таңдауыңыз қажет.
Анықтамаға қажетті деректер мемлекеттік тізілімінен алынады. Құжат беру — тегін.
Назар аударыңыз: ақпаратты үшінші тұлғалар да сұрата алады. Алайда бұл жағдайда жылжымайтын мүлік туралы мәліметі қажет тұлғаның келісімін алу маңызды. Ол келісімді өзінің Жеке кабинетінде бере алады немесе порталдан келетін хабарламаға СМС арқылы жауап жібере алады.
Анықтама әдетте 20 минутта дайындалады, қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Құжатты PDF форматында жүктеп алып, қажет болған жағдайда басып шығаруға болады.
Мемлекеттік тізілімнен жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтаманы жылдам әрі ыңғайлы алу үшін ЦентрКредит Банкі ұсынатын bcc.kz қолданбасындағы мемлекеттік қызметтер сервисін пайдаланыңыз:
Анықтама электронды форматта беріледі. Қажет болған жағдайда құжатты оңай басып шығаруға болады. Барлық процедура бір-екі минут уақыт алады және оны кез келген жерден, мысалы, үйден шықпай-ақ жүргізуге болады.
Сондай-ақ анықтаманы дәстүрлі тәсілмен — ХҚКО-дан да алуға болады. Бұл опция адамның компьютерді пайдалану мүмкіндігі болмаған кезде қажет болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ХҚКО-ға барып, қызметкерлердің көмегімен анықтама алуға болады. Ол үшін жеке куәлік пен ЭЦҚ қажет.