bcc journal
10 маусым 2025
Жаңартылды: 29 маусым 2025
Қазақстанда кредитті (қарызды) қайта қаржыландыру дегеніміз не және ең тиімді талаптарды қайдан іздеу керек?
Мысалы, сіздің банкте екі кредитіңіз бар делік. Төлемдердің реттілігін шатастырып, үнемі кредит тарихыңызды бұзып алу қаупіне тап боласыз. Немесе мөлшерлеменің тым жоғары болуына көңіліңіз толмайды.
Кредиттеу талаптарын жақсарту және көптеген қиындықтан құтылу үшін қарыз қайта қаржыландырылады.
Қайта қаржыландыру дегеніміз не және оның тартымдылығы неде?
Қайта қаржыландыру деп бір банкте жаңа кредит ресімдеп, басқа банктегі қолданыстағы қарыз(дар)ды өтеуді айтады. Бұл клиентке қарыз қаражатын анағұрлым тиімді талаптармен пайдалануға мүмкіндік береді:
- Пайыздық мөлшерлемені төмендету, яғни артық төлем сомасын азайту.
- Ай сайынғы төлемді қысқарту, соның нәтижесінде отбасы бюджетіне түсетін жүктемені жеңілдету.
- Кредит беру мерзімін ұлғайту немесе қысқарту.
- Бірнеше кредитті бір кредитке біріктіру. Сандар мен төлемдерде шатаспайсыз!
Сонымен қатар клиент банктен қарызға қосымша сома ала алады, мұндай жағдайда бұл қосымша қаражат есебінен қайта қаржыландыру деп аталады.
Кредитті қай кезде қайта қаржыландыруға болады және қай кезде болмайды?
Қайта қаржыландыру үшін бірнеше талапты сақтау қажет:
- Клиенттің кредит тарихы жақсы болуы керек. Егер сіз барлық төлемді уақытында жасап, төлем мерзімін кешіктірмеген болсаңыз, өтініміңіздің мақұлдану ықтималдығы жоғары болады.
- Кредит теңгемен ресімделген болуы қажет.
- Қарыз алушы 21 жастан асқан болуы тиіс. Ең жоғары жас шегі әр банкте әртүрлі болуы мүмкін. ЦентрКредит Банкінде бұл шек – 68 жас
Қазақстанда қандай банктер кредитті қайта қаржыландырады?
Қазақстанда қайта қаржыландыруды ондаған банк мекемесі жүзеге асырады. Мысалы, тиімді талаптарды ЦентрКредит Банкі ұсынады:
- Бағдарлама аясында 8 млн теңгеге дейін кредит алуға болады. Назар аударыңыз: бұл бағдарлама тек шығынды оңтайландырып, ай сайынғы төлемді азайтуға ғана емес, сонымен қатар ағымдағы қажеттіліктерді өтеу үшін қосымша сома алуға да мүмкіндік береді.
- Кредит беру мерзімі 60 айға дейін жетеді. Ұзақ мерзім ай сайынғы төлем мөлшерін азайтуға, демек, сіздің қаржылық жүктемеңізді жеңілдетуге мүмкіндік береді.
- Қарызды шағын ғана комиссиямен (1%) мерзімінен бұрын өтеуге болады. Бірақ егер қарыз кредит шарты жасалған күннен бастап 14 күн ішінде өтелсе, комиссия алынбайтынына назар аударған жөн.
- Кредит тек жеке тұлғаны куәландыратын құжат бойынша ресімделеді. Алайда қажет болған жағдайда банк қосымша құжаттарды сұратуы мүмкін.
- Ай сайынғы төлемді өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен — мысалы, банктің терминалдары мен банкоматтарында, Yurta және Kassa24 терминалдары арқылы немесе «Қазпошта» бөлімшелерінде төлеуге болады. Дегенмен ең ыңғайлы әрі жылдам тәсіл — bcc.kz мобильді қолданбасы арқылы төлеу.
Бағдарлама теңгемен ресімделген кепілсіз қарыздарға арналған. Оны қарыз бойынша мерзімінен кешіктірілген берешегі жоқ жеке тұлғалар пайдалана алады. Кредит алушының жұмыс өтілі 6 айдан жоғары болуы тиіс.
Сонымен Қазақстан банктерінде кредитті қайта қаржыландыру тиімді ме?
Қайта қаржыландыру келесі жағдайларда тиімді болады:
- Басқа банктегі пайыздық мөлшерлеме төменірек. Мысалы, ЦентрКредит Банкінде қайта қаржыландыру бойынша ең төменгі мөлшерлеме — 11,8% (ең жоғарғысы — 33%). Ал басқа қаржы мекемелерінде мөлшерлеме бекітілген және 37%-ға дейін жетуі мүмкін. Мөлшерлеме төмендеген жағдайда ай сайынғы төлем де азаяды, бұл өз кезегінде бюджетті тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді.
- Бірнеше кредитті біріктіру қажет. Бұл — тек ақша үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар ыңғайлылыққа қатысты мәселе. Бірнеше төлемнің мерзімін есіңізде сақтаудың қажеті жоқ — бір ғана төлем жасау жеткілікті.
- Сізге ұзағырақ кредит мерзімі қажет. Мерзімнің ұзаруына байланысты ай сайынғы төлем көлемі азаяды.
- Клиент жаңа кредит ресімдегісі келеді. Мұндай жағдайда қосымша қаражат есебінен қайта қаржыландыру арқылы тиімді талаптармен қосымша сома алуға болады.
ЦентрКредит Банкінде кредитті қайта қаржыландыруды ресімдеу үшін сайт арқылы өтінім беріңіз де, маманның қоңырауын күтіңіз. Өтінім мақұлданған жағдайда, банк бір-екі минут ішінде басқа банктегі шотқа ақша аударады және сіздің бұрынғы кредиттеріңіз жабылады.