Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
15 қазан 2025
Жаңартылды: 28 қазан 2025

Қазақстандағы банк ұяшықтары: бұл не, не үшін қажет және қанша тұрады?

Құнды заттарды сақтаудың бірнеше жолы бар. Мысалы, оларды үйде қалдыруға немесе сенімді адамға тапсыруға болады. Алайда бұл тәсілдер қауіпсіз емес: пәтерге ұрылар түсуі мүмкін, ал сеніп тапсырған адамдар әрдайым сенімді бола бермейді. Ең оңтайлы шешім — банк (депозит) ұяшығын жалға алу.

Банк ұяшығы дегеніміз не?

Банктегі сақтау ұяшығы — түрлі қауіпсіздік жүйелерімен (күзет, дабыл жүйесі, брондалған есік, бейнебақылау) жабдықталған қорғалған бөлмеде орналасқан сейф. Мұндай депозитарийлердің қауіпсіздігіне қатысты мемлекеттік талаптар белгіленген. Сонымен қатар әрбір банк өз ішкі қауіпсіздік стандарттарын да әзірлейді.

Банк ұяшығы қандай болады? Бұл — екі құлпы бар есікпен жабдықталған металл жәшік. Сейфті ашу үшін екі кілтті пайдалану қажет. Көп жағдайда ұяшықтардың өлшемі стандарт (биіктігі шамамен 42 см, ені 26 см және тереңдігі 64 см) болып келеді. Алайда кейбір банктерде ірі көлемдегі заттарды сақтауға арналған үлкен сейфтер де ұсынылады.

#IronCard – жоғары мәртебе

Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта

Сейфте сақтауға рұқсат етілген және тыйым салынған заттар

Депозитарлық ұяшықта Қазақстан заңнамасында тыйым салынбаған кез келген құнды заттарды сақтауға болады. Ең жиі кездесетіндері:

  • Антиквариат бұйымдары
  • Ақша
  • Өнер туындылары
  • Зергерлік бұйымдар
  • Құнды топтамалар (мысалы, алтын монеталар)
  • Алтын құймалар
  • Құжаттар
  • Цифрлық тасымалдағыштар

Ал айналаға қауіп төндіретін заттарды сақтау қатаң түрде тыйым салынған. Олар:

  • Қару-жарақ (суық, газды немесе атыс қаруы), оқ-дәрілер
  • Улы және радиоактивті заттар, психотроптық және есірткі құралдары
  • Заңмен тыйым салынған өзге де заттар
  • Сондай-ақ клиентке ұяшыққа зақым келтіруі немесе оны ластауы мүмкін заттарды орналастыруға да рұқсат берілмейді.

Банк ұяшығы қажет болатын жағдайлар

Жеке сейф — құнды заттардың қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету қажет кез келген жағдайда қажет құрал. Банк ұяшығын келесі жағдайларда жалға алған тиімді:

  • Құнды заттардың сақталуын қамтамасыз ету. Мысалы, өнер туындылары мен зергерлік бұйымдарды сақтау.
  • Ақшаны қауіпсіз жолмен беру. Бұл, әсіресе, ірі қаржылық мәмілелер кезінде таптырмас шешім. Жиі кездесетін мысал — жылжымайтын мүлік сатып алу. Мұндай жағдайда сатып алушы қажетті соманы сейфте қалдырады, ал сатушы оған тек пәтердің меншігі жаңа иеге өткен соң ғана қол жеткізеді. Осылайша, мәміленің қауіпсіздігі мен сенімділігі қамтамасыз етіледі (сатушы ақшаны шарт талаптары орындалғаннан кейін ғана алады, бұл алаяқтықтың алдын алады).
  • Мүлікті өрттен немесе су тасқынынан қорғау. Сол себепті ақшаны үйде сақтау әрқашан қауіпті. Ал банк депозитарийлері күзетпен қатар, барлық қажетті жүйемен (сигнализация, өрт қауіпсіздігі) толық жабдықталған.
  • Иесі уақытша болмаған кезде құнды заттарды сақтау. Мысалы, иесі іссапарда немесе демалыста болса, мүлік сенімді қорғалады. Кейбіреулер банк ұяшығын қысқа мерзімді сапарлар кезінде де жалға алады.
Bon voyage! Қазақстаннан визасыз қайда баруға болады
Қазақстандағы инвестиция дегеніміз не, оны неден бастаған жөн және ақшаны қайда салуға болады?
Құрылыс салушы туралы ақпаратты қалай жинауға болады және ол туралы не айтылатынын қалай тексеруге болады?

Ұяшықты ақшаны сақтау үшін пайдаланудың жолары: нақты мысал

Банк депозитарлық ұяшығының қалай жұмыс істейтінін жылжымайтын мүлік сатып алу-сату мәмілесі мысалында қарастырайық:

Сатып алушы мен сатушы бірге банкке келіп, сейфті жалға алады. Мұндай мәмілелер үшін ұяшық әдетте бір айдан қысқа мерзімге жалға беріледі.

Сатып алушы сейфке сатушымен келісілген соманы салады. Сатушы ақшаны сатып алушы мен банк қызметкерінің қатысуымен тексеріп, санап шығады.

Сатып алу-сату мәмілесі тіркеледі. Мүліктің меншік құқығы сатып алушының атына ресімделіп, тиісті құжаттар алынғаннан кейін сатушы банкке жүгініп, шартты ұсынады және сейфтегі ақшаны алуға рұқсат алады.

Әдетте сатып алушы кілтті сатушыға қолхат алу арқылы тапсырады. Қолхатта сатушы ақшаны толық көлемде алғанын және талап-арызы жоқ екенін көрсетеді.

Осындай алгоритм көлік сатып алу, бизнес немесе оның үлесін беру мәмілелерін жасау сияқты басқа жағдайларда да қолданылады.

Банк ұяшығын жалға алу туралы

Сейфті жалға алу үшін банкке жүгініп, жалға алу туралы шарт жасасу қажет. Ол үшін тек жеке куәлік жеткілікті. Кейбір банктерде, мысалы, ЦентрКредит Банкінде, сейф ұяшығын онлайн режимде, мобильді қолданба арқылы жалға алуға болады, яғни офиске барудың қажеті жоқ. Сонымен қатар қолданбада мерзімді онлайн ұзарту және мерзімді автоматты түрде ұзарту мүмкіндігі де ұсынылады.

Шарт жасасқан кезде банк қызметкері жалға алуға болатын сейфтердің түрлері мен өлшемдері туралы ақпарат береді. Ұяшықтар көлемі бойынша әртүрлі, сондықтан сіз өз қажеттілігіңізге сай нұсқаны таңдай аласыз (мысалы, құжаттар мен электрондық құрылғылар сияқты шағын заттарға арналған немесе антиквариат, суреттер мен алтын құймалар секілді ірі құндылықтарды сақтауға арналған үлгілер бар).

Банк ұяшығын жалға алу құн

Жалға алу құны таңдалған сейфтің өлшеміне және сақтау мерзіміне байланысты болады. Құндылықтарды бір күннен бастап сақтауға болады, ал ең ұзақ мерзім әдетте 12 аймен шектеледі. Дегенмен, жалға алу мерзімін ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Жалға алу мерзімі неғұрлым ұзақ болса, бір айлық жалдау құны соғұрлым төмен болады.

Банк ұяшығына қатысты есте сақтайтын маңызды жайттар

Төменде жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз:

Сейфті ашуға кімге рұқсат етілген?

Депозитарийге тек сейфті жалға алған клиенттер ғана кіре алады. Банкпен жалға алу шарты жасалғаннан кейін клиентке бір кілт беріледі, ал екінші кілт банк қызметкерінде сақталады. Сейфке тек екі кілт бір мезгілде қолданылған жағдайда ғана кіруге болады — бұл рұқсатсыз қол жеткізуге жол бермеудің маңызды шарасы.

Клиенттің депозитарийге кіру саны шектелмеген (бір келушіге рұқсат етілген уақыт – ең көп дегенде 20 минут).

Үшінші тұлға сейфтегі заттар немесе жасалатын операциялар туралы біле ала ма?

Банк құнды заттармен жасалатын барлық операцияның конфиденциалды түрде сақталатынына кепілдік береді.

Клиент сейфтің кілтін жоғалтса, не істеу керек?

Мұндай жағдайда клиент банк бөлімшесіне жүгініп, кілттің жоғалғаны туралы өтініш жазуы қажет. Сондай-ақ банк құлыпты ауыстыру шығындары үшін комиссия алады.

Банк ұяшығында құнды заттарды сақтау — мүліктің қауіпсіздігіне берілетін сенімді кепілдік.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді