«Кассирдің пайдасы» акциясы: ЦентрКредит Банкінің PAX POS-терминалдары арқылы 3000 теңгеден жоғары сомаға қолма-қол ақшасыз төлем жүргізіп, жүлделер ұтыс ойынына қатысыңыз:
15 қараша – 1000 кассир, әрқайсысына 10 000 теңгеден
15 желтоқсан – 1000 кассир, әрқайсысына 10 000 теңгеден
25 желтоқсан – ақтық ұтыс ойыны: 100 кассир, әрқайсысына 50 000 теңгеден
Жүлде алу үшін кассир:
1) ЦентрКредит Банкінің картасын иеленуі қажет
2) жеңімпаз болған жағдайда, bcc.kz сайтындағы нысан арқылы деректемелерді ұсынып, POS ID (POS-терминалдың бірегей нөмірін) міндетті түрде көрсетуі қажет.
3) жеңімпаздардың тізімі bcc.kz сайтында жарияланады.
Транзакция неғұрлым көп болса, ұту мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады!
Толығырақ ақпаратты өз менеджеріңізден немесе 605 нөмірі арқылы біле аласыз.
Жеңілдетілген тарифтер Еркін (0%), Оңтайлы + (0,7%), Премиум (0,5%) немесе Ультра (0%) тарифтерімен қызмет көрсетілетін эквайринг қызметі арқылы түсімі жылына 45 млн теңгеге дейін болатын ЖК клиенттеріне ұсынылады. Эквайринг арқылы түсімінің көлемі жылына 45 млн теңгеден асқан жағдайда, стандарт тариф қолданылады.
Ағымдағы шотты тегін ашу, POS-терминалды ұсыну және теңшеу
Жылдам ақша аудару, төлем жасау және ақша алу.
Тауар және қызмет ақысын Visa/Mastercard/UnionPay халықаралық төлем жүйелерінің кез келген картасымен төлеу
Қолма-қол ақшамен жұмыс істеу шығынын азайту және инкассация бойынша шығыстардың болмауы
Пластик карталарды пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз төлем қабылдау мүмкіндігі
POS терминалды жеткізу және техникалық қызмет көрсету тегін.
POS терминалды пайдалану өте оңай, мұнда қысқаша пайдаланушы нұсқаулығы (нұсқаулыққа сілтеме) және пайдаланушыға арналған егжей-тегжейлі нұсқаулық берілген (нұсқаулыққа сілтеме).
Қабылданған төлем үшін ақша ЦентрКредит Банкіндегі ағымдағы шотыңызға келесі жұмыс күні, демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, сағат 9:00-ге дейін түседі.
Төменде терминалдың жұмыс істемеуінің негізгі жалпы себептері берілген:
1) Батарея заряды аз
POS терминал қосылған қуат розеткасының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз. Бәрі дұрыс болса, POS терминалды зарядтағышқа 1-2 сағатқа қосыңыз, содан кейін қайта қосып көріңіз.
2) Интернет байланысы жоқ.
POS-терминалда басқа провайдердің резервтік SIM картасы бар, ол негізгі картада ақау болған жағдайда автоматты түрде қосылады. Сонымен қатар POS терминалды Wi-Fi желісіне қосу арқылы банкпен байланысты тексеруге болады. Терминалдың желілік қосылымын тексеру жөніндегі жадынама: (сілтеме).
Себептері басқа болса немесе сипатталған шаралар көмектеспесе, бізге 605 тегін нөміріне қоңырау шалыңыз, біз міндетті түрде көмектесеміз.
Әрбір терминал бойынша ай сайынғы сату сомасы кемінде 300 000 теңге болуы керек. Айналымды есепке алу құрылғыны алғаннан кейін келесі айда, 1-ші күннен басталады.
POS терминал арқылы ай сайынғы сату сомасы 300 000 теңгеден аз болса, 3 000 теңге қосымша комиссия алынады.
Барлық операция туралы ақпаратты POS терминалда Мәзір → Сату есебі бөлімінде көруге болады.
PAX POS-терминалдарын пайдаланып, тіркеуден өткен ЦентрКредит Банкі мерчанттарының кассирлері қатыса алады.
Жеңімпаздар өз сегментіндегі кезең/мерзім ішінде сәтті жүргізілген төлемдердің ең көп санына қарай анықталады.
Қорытынды шығарылғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде ЦентрКредит Банкінің картасына аударылады.
Иә, жүлдені алу үшін ЦентрКредит Банкінің картасы қажет.
Жоқ, қайтару мен бас тарту операциялары есепке алынбайды.