Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
ESG
3 шілде 2026
Жаңартылды: 15 шілде 2026

БЦК тұрақты даму жөніндегі үшінші есебін ұсынды

Банк ЦентрКредит 2025 жылдың қорытындысы бойынша тұрақты даму жөніндегі үшінші есебін жариялады. Құжат ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ұсынымдарын ескере отырып және GRI, SASB, сондай-ақ IFRS S1 және S2 халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалды. Есепке алғаш рет банктің Қазақстан экономикасына әлеуметтік-экономикалық ықпалын бағалау енгізілді. S&P Corporate Sustainability Assessment рейтингіндегі банктің бағасы 75 баллға дейін өсіп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға жоғары.


Банк климаттық стратегияны іске асыруды жалғастырып, жаңартылатын энергетика, газ генерациясы және төмен көміртекті көлік салаларындағы жобаларды қаржыландыру арқылы «жасыл» портфелін ұлғайтып келеді. «Жасыл» электр энергиясының үлесі 31%-ға дейін өсті, Scope 2 шығарындылары 26%-ға қысқарды, ал портфельдік шығарындылар (Scope 3, financed emissions) CO₂ баламасындағы 1,7 млн тоннаға дейін төмендеді.


Банк қайырымдылық және әлеуметтік жобаларға 2,8 млрд теңгеден астам қаражат бағыттап, Қазақстандық ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясын қоса алғанда, ұлттық және халықаралық серіктестермен ынтымақтастық орнатты. BCC Academy мен «Көшбасшылық мектебі» жұмысын жалғастырып, 200-ден астам оқыту бағдарламасы өткізілді. Сондай-ақ банк БҰҰ Даму бағдарламасының әдіснамасы бойынша Human Rights Due Diligence рәсімін жүргізді.


 Есеп KPMG аудиторлық компаниясы жүргізген ISAE 3000 стандарты бойынша тәуелсіз растаудан өтті. Есептің толық мәтіні мен ESG Databook Банк ЦентрКредиттің ресми сайтында қолжетімді.

Мобильное приложение для iOS и android
Управляйте деньгами онлайн в своём смартфоне
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді