Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Ақционерлерге
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Ақционерлерге
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларын орналастыру туралы хабарландыру
HTML:1. Осы арқылы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының («АҚ туралы заң») 16 және 18-баптарына сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ («Банк») жарияланған мөлшер шегінде «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларын («Акция») орналастыратыны туралы хабарлайды.
Ақционерлерге
Құрметті акционерлер!
HTML:Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлейтіні туралы хабарлайды.
Ақционерлерге
Құрметті акционерлер!
HTML:

Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша 2020 жылғы 05 маусымда жергілікті уақытпен 10 сағат 00 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжайда акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетінін хабарлайды.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақытпен 9 сағат 30 минутта басталады.

«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ 2020 жылғы 26 мамырдағы жай-күйі бойынша ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың акцияларын ұстаушылардың тізіліміндегі деректердің негізінде жасалады

Ақционерлерге
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларын орналастыру туралы хабарландыру
HTML:
1. Осы арқылы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының («АҚ туралы заң») 16 және 18-баптарына сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ («Банк»)жарияланған мөлшер шегінде «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларын («Акция»)орналастыратыны туралы хабарлайды.
2. Іске асырылатын Акцияларды артықшылықпен сатып алуға құқығы бар акционерлердің (Банктің жай акцияларын ұстаушылар) тізімі Банктің Директорлар кеңесі Акцияларды іске асыру туралы шешім қабылдаған күнгі жай-күйі бойынша Банктің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі деректердің негізінде тіркелді24.04.2020 ж.
3. Жай акцияларды орналастыруға қойылатын талаптар:
    3.1. Орналастырылатын акциялардың түрі – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акциялары (ҰСН KZ1C36280010).
    3.2. Орналастырылатын жай акциялардың саны – 26 000 000 (жиырма алты миллион).
    3.3. Бір жай акцияны орналастыру бағасы – бір данасы үшін 300 (үш жүз) теңге.
    3.4. Жай акцияларды сатып алу туралы өтініштерді беру мерзімі – қаржылық есептілікті депозитарийдің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап, соның ішінде артықшылықпен сатып алу құқығы аясында 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде, яғни 24.05.2020 ж. дейін.
    3.5. Жай акцияларға төлем жасау мерзімі – акцияларды сатып алу туралы өтініш берілген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
    3.6. Бірінші кезекте артықшылықпен сатып алу құқығы аясындағы өтініштер орындалады. Бұл ретте жай акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын тек жай акцияларды иеленетін акционерлер ғана иеленеді.
    3.7. Акционер 24.04.2020 ж. жай-күйі бойынша акционерлердің тізіліміне сәйкес қолда бар жай акцияларының санына пропорционалды түрде акцияларды артықшылықпен сатып алуға құқылы. Орналастырылған жай акциялардың жалпы санының іске асырылатын жай акциялардың санына арақатынасы– 165 637 911: 26 000 000.
    3.8. Банктің акционері болып табылмайтын тұлғалардан қабылданған өтініштер келіп түсу кезегі тәртібімен артықшылықпен сатып алу құқығы мерзімінен кейін, орындалатын болады.
4. Егер Сіз Банктің Акцияларын көрсетілген баға бойынша сатып алғыңыз келсе, онда Сіз жоғарыда көрсетілген өтініш беру мерзімі аяқталғанға дейін төменде көрсетілген нысан бойынша толтырылған өзіңіздің жазбаша келісіміңізді («Өтініш») жіберуіңіз керек.
5.«Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы – «BCC Invest» акционерлік қоғамы Өтініштерді бір орталықтан қабылдау және өңдеу бойынша Андеррайтер («Андеррайтер») болып табылады.
6. Акциялар сатып алғысы келетін акционерлер сілтемесі бойынша Банктің корпоративтік веб-сайтынан Өтініштің нысанын жүктеп алып, басып шығаруы және оған қол қоюы қажет.
7. Қол қойылған Өтініш пошта арқылы жіберілуі немесе Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 98-үй, А-блогы, 5-қабат, «Old Square» БО (Сауда-саттық операциялары департаменті) мекенжайы бойынша Андеррайтерге қолма-қол жеткізілуі тиіс.
8. Өтініштер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап жоғарыда көрсетілген Өтініштерді беру мерзімі аяқталғанға дейін Астана уақытымен сағат 9:00-ден бастап 16:00-ге дейін қабылданады.
9. Қажетті мәліметтер толық көрсетілмеген немесе белгіленген мерзімді бұзу арқылы берілген Өтініштер қабылданбауы мүмкін. Көрсетілген себептер бойынша Өтініш қабылданбаған жағдайда, акционер кемшіліктерді жойып, Өтінішті жоғарыда көрсетілген мерзімдерде қайта беруге құқылы. Өтініш көрсетілген мерзім ішінде беріліп отырған жағдайда, Өтініш беруге талпыныс жасау санына шектеу қойылмайды.
10. Акциялар сатып алуға ниеттеңген акционерлер жоғарыда көрсетілген мерзімдер ішінде:
    10.1. Андеррайтерде жеке шот ашуы тиіс (заңды тұлға акционер үшін – акционердің өзі немесе оның уәкілетті өкілі қатысуы тиіс).
    10.2. Андеррайтердің комиссиясын қоса есептегенде, Өтініште көрсетілген көлемде Андеррайтерде ашылған өзінің жеке шотына ақша қаражатын аударуы тиіс.
    10.3. Өтінішті Андеррайтерге жіберуі немесе жеткізуі тиіс.
    10.4. Андеррайтерге Андеррайтерде ашылған Банктің жеке шотынан Андеррайтерде ашылған өзінің жеке шотына Акцияны қарымта төлеммен аудару туралы бұйрықты («Бұйрық») беруі тиіс.
    10.5. Андеррайтерге өз қаражатының есебінен Акцияны аудару үшін белгіленген комиссия сомасын төлеуі тиіс.
11. Нормативтік-құқықтық актілеріне немесе ішкі құжаттарына сәйкес Андеррайтерде номиналды ұстау арқылы шот ашуға тыйым салынған немесе шектеу қойылған брокерлік ұйымдар және Акция сатып алуға ниеті бар өзге заңды тұлғалар жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде:
12. Өтінішті Андеррайтерге жіберуі немесе жеткізуі тиіс.
13.Андеррайтерде шот ашпай-ақ, номиналды ұстаудың нақты орнынан Банктегі жеке шоттан өз шотына қарымта төлеммен Акцияны аудару бойынша операцияны жүзеге асыруы тиіс.
14. Жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде көрсетілген іс-әрекеттерді жасамаған акционер осы Хабарландыруда көрсетілген Акцияларды сатып алудан бас тартқан болып есептеледі.
15. Өтінішін Андеррайтерге жеткізетін акционерге Бұйрықты толтыруға қажетті барлық ақпарат тез арада берілетін болады.
16. Әрбір акционер Өтінішке жұбайының және өзге тұлғалардың (соның ішінде заңнамалық талаптарға және/немесе шарттық міндеттемелерге байланысты) Банктен Акциялар сатып алуға берген келісімін растайтын құжаттарды қоса тіркеуі тиіс.
17. Әрбір акционер Акциялар сатып алуға қажетті рұқсаттарды, мақұлдауларды уақытылы алуға (Андеррайтерге жеке шот ашу, Акцияларды есептен шығару және аудару үшін талап етілген құжаттар мен мәліметтерді беруді қоса алғанда) және өзге іс-әрекеттерді жасауға, сонымен қатар Андеррайтердің, депозитарийдің, кастодиан банктің, өзге номиналды ұстаушының қызметіне төлем жасауды қоса алғанда, кез келген комиссияны, алымдар мен салықтарды төлеуге өз бетінше жауап береді.
18. Осы хабарландыруға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда немесе қосымша ақпарат алу немесе хабарландыруда көрсетілген құжаттарды алу қажет болған кезде, Сауда-саттық операциялары департаментіндегі Андеррайтерге сәйкесінше +7 (727) 2-443-232 телефоны бойынша,info@bcc-invest.kzэлектронды пошта арқылы хабарласуды сұраймыз.
19. Осы хабарландырудағы Банктің Акцияларды орналастыру және іске асыру туралы ұсынысы жария оферта болып табылады және Акциялар сатып алғысы келетін акционерлердің Өтінішті осы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде және тәртіппен жіберуі осы жария офертаны акцепттеу болып табылады.

Ақционерлерге
Құрметті акционерлер!
HTML:
Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы Акционерлік қоғамдар туралы заңның 36 және 41-баптарына сәйкес Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша 2020 жылғы 31 наурызда жергілікті уақытпен 10 сағат 00 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжайда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетінін хабарлайды.

Ақционерлерге
Жай акциялар бойынша дивиденд төлеуді аяқтағаны туралы хабарлама
HTML:

Құрметті акционерлер!

Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» АҚ осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеу кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлайды.

Дивиденд төленетін кезең: 2019 жыл.

«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияға айырбасталатын бір артықшылықты акциясы бойынша төленетін дивидендтің мөлшері: 38,25 теңге.

Дивиденд төлеу басталатын күн: 2020 жылғы 07 ақпан;

Дивиденд төлеу аяқталатын күн: 2020 жылғы 09 наурыз.

«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд алу құқығына ие болатын акционерлердің тізімі 2020 жылғы 6 ақпандағы жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ тіркеушісі берген «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылардың тізілімінің деректері негізінде құрылған.

Төленетін дивидендтің жалпы сомасы 11 299 585,50 теңгені құрайды.

Дивидендтің нақты төленген сомасы 11 206 561,50 теңгені құрады.

«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңының 24-бабына сәйкес 93 024 теңге мөлшеріндегі төленбеген дивидендтер талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-та ашылған шотқа аударылады.

Барлық мәселелер бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: (727) 2 598 598, ішкі 10430.

Ақционерлерге
Артықшылықты акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы хабарлама
HTML:Құрметті акционерлер!

Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлейтіні туралы хабарлайды. «Банк

ЦентрКредит» АҚ-тың банктік деректемелері:
Ақционерлерге
Құрметті акционерлер!
HTML:

Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 38-үй мекенжайында орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы өткізілетіні туралы хабарлама Egеmеn Qazaqstan мерзімдік басылымында (№58(29537) 27 наурыз, сәрсенбi 2019 жыл) жарияланған Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне келесі қосымша мәселелердің енгізілгенін хабарлайды: 

5. "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың және оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды бекіту туралы.
6. Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау туралы. 

Білгіңіз келген барлық сұрақтар бойынша 8 (727), 2 598 598 (ішкі нөмірі: 10011) телефон нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз.

Ақционерлерге
Құрметті акционерлер!
HTML:

Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 38-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша 2019 жылғы 26 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 10:00-де жоғарыда көрсетілген мекенжайда акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетінін хабарлайды. 

Ақционерлерге
2019 жылғы «30» қаңтардағы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларын орналастыру және бұрын сатып алынған артықшылықты акцияларын іске асыру туралы хабарландыруына қосымша түсініктемелер
HTML:

«Банк ЦентрКредит» АҚ (бұдан кейін – Банк) 2019 жылғы «30» қаңтарда жарияланған «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларын орналастыру және жай акцияларына айырбасталатын бұрын сатып алынған артықшылықты акцияларын іске асыру туралы хабарландыруға қосымшша ретінде келесі ақпаратты мәлімдейді.

Ақционерлерге
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларын орналастыру және жай акцияларына айырбасталатын бұрын сатып алынған артықшылықты акцияларын іске асыру туралы хабарландыру
Ақционерлерге
Құрметті акционерлер!
HTML:

Құрметті акционерлер!

Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлейтіні туралы хабарлайды.

Ақционерлерге
"Банк ЦентрКредит" АҚ акционерлерінің назарына
HTML:

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2019 жылғы 4 қаңтарда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс берудің қорытындысы жөнінде хабарлайды. Дауыс беру құқығы бар барлық акциялар 162 640 066 дананы, олардың ішінде артықшылықты акциялар 295 414 дананы құрады.
Жиналысқа 131 516 383 дауыс беруші акцияны, оның ішінде 198 287 артықшылықты акцияны иеленетін акционерлер мен олардың өкілдері қатысты.
Дауыс беру қорытындысы:

Ақционерлерге
Құрметті акционерлер!
HTML:

Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 38-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы Акционерлік қоғамдар туралы заңның 36, 41-баптарына сәйкес Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша 2019 жылғы 04 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 10:00-де жоғарыда көрсетілген мекенжайда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетінін хабарлайды.

Ақционерлерге
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларына айырбасталатын бұрын сатып алынған артықшылықты акцияларды іске асыру туралы хабарландыру
HTML:


1. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының («АҚ туралы заң») 16-бабына сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ («Банк») осы арқылы жай акцияларына айырбасталатын бұрын сатып алынған артықшылықты акцияларын («Акциялар») іске асыратыны жөнінде хабарлайды. 


Ақционерлерге
"Банк ЦентрКредит" АҚ акционерлерінің назарына
HTML:

2018 жылғы 21 қыркүйекте өткізілген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысы туралы хабарлаймыз. Дауыс беруге 133 740 738 дауыс беретін акцияны иеленетін акционерлер мен олардың өкілдері қатысты, бұл қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының 83,49% ын құрайды.

Ақционерлерге
Құрметті акционерлер!
HTML:Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 38-үй мекенжайында орналасқан "Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамы Акционерлік қоғамдар туралы заңның 36 және 41-баптарына сәйкес Директорлар кеңесінің бастамасымен 2018 жылғы 21 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де жоғарыда көрсетілген мекенжайда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлайды.
Ақционерлерге
Акционерлерге "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың акцияларын сату жөніндегі ұсыныс
HTML:

ҰСЫНЫС

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының («АҚ туралы заң») 25-бабының 3-тармағына сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың («Банк») 78 095 863 жай акциясын иеленетін Байсеитов Бахытбек Рымбекович («Байсеитов Б.Р. мырза») Банктің басқа акционерлеріне (жай және артықшылықты акцияларын ұстаушыларға) Банктің оларға тиесілі акцияларын төмендегі бағамен сатуды ұсынады:
  • бір жай акция үшін 253,94 теңге, бұл 14.09.2017ж. бастап 13.03.2018ж. дейінгі кезең ішінде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша қалыптасқан орташа алынған нарықтық баға болып табылады, және 
  • бір артықшылықты акция үшін 253,94 теңге, бұл кәсіби бағалаушы белгілеген баға болып табылады.
Егер Сіз Байсеитов Б.Р. мырзаға өз акцияларыңызды көрсетілген бағамен сатуға келісетін болсаңыз, өзіңіздің төменде берілген үлгі бойынша толтырылған жазбаша келісіміңізді («Өтініш») осы ұсыныс жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жолдауыңыз қажет.

Осы ұсыныстың талаптарымен, соның ішінде ұсыныстың соңындағы «Ерекше талаптар» бөліміндегі ақпаратпен мұқият танысып алуыңызды өтінеміз.


ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАЙТЫН АГЕНТ

«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың еншілес ұйымы «BCC Invest» акционерлік қоғамы Өтініштерді бір орталықтан қабылдау және өңдеу жөніндегі агент («Агент») болып табылады. Жай және/немесе артықшылықты акцияларын сатқысы келетін акционерлер төмендегі сілтеме бойынша өтіп, Банктің корпоративтік веб-сайтынан өтініштің сәйкес үлгісін («Өтініш») басып шығаруы қажет:
Қол қойылған Өтінішті келесі мекенжай бойынша пошта арқылы жолдау немесе қолма-қол жеткізу қажет: 050052, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко көш. 100, Сауда операциялары департаменті.

Өтініштер 2018 жылғы 11 сәуірден 2018 жылғы 11 мамырға дейін (қоса алғанда) демалыс және мереке күндерінен басқа күндері Алматы уақытымен сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады. Қажетті деректер көрсетілмеген немесе белгіленген мерзімдерді бұза отырып ұсынылған өтініштерді қабылдаудан бас тартылуы мүмкін. Осындай себептермен қабылданбаған жағдайда, акционер кемшіліктерді түзетіп, Өтінішті жоғарыда көрсетілген мерзімдерде қайта ұсынуға құқылы. Өтініш көрсетілген мерзім ішінде берілетін болса, Өтініш беру саны шектелмейді.

ЖАЙ АКЦИЯЛАРДЫ САТЫП АЛУ

Жай акцияларды сатып алу 2018 жылғы 15 мамырда Қазақстан қор биржасында мамандандырылған сауда-саттық әдісімен* Банктің бір жай акциясы үшін 253,94 теңгеге тең баға бойынша сатуға лимиттелген қарсы өтінімдерді қанағаттандыру жолымен жүргізіледі. Акциялар үшін төлем жасау Қазақстан қор биржасында сауда-саттық жүргізу ережелеріне сәйкес номиналды ұстаушының шотына жүзеге асырылады.

Банктің жай акцияларын сатуға ниеті бар акционерлер:
  1. Агентке жоғарыда көрсетілгендей жазбаша Өтінішті жолдауы 11 мамыр 2018 жылға дейін;
  2. Банктің жай акцияларын номиналды ұстаушыда (орталық депозитарийде) сақтайтын акционерлер (1) тармаққа қосымша брокерге (номиналды ұстаушыға) 2018 жылғы 11 мамырдағы Алматы уақытымен сағат 15:00-ден кешіктірмей Банктің жай акцияларын мамандандырылған сауда-саттық әдісімен сатуға тапсырыс беруі тиіс;
  3. Банктің жай акцияларын «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамында («БҚБТ») сақтайтын акционерлер (1) тармаққа қосымша:
    • 2018 жылғы 14 мамырға дейін Агентте немесе басқа да кез келген номиналды ұстаушыда брокерлік шот ашып, Банктің жай акцияларын БҚБТ-дағы шоттан брокердің номиналды ұстауына аударуды жүргізуі;
    • 2018 жылғы 15 мамырдағы Алматы уақытымен сағат 15:00-ден кешіктірмей, брокерге (номиналды ұстаушыға) Банктің жай акцияларын мамандандырылған сауда-саттық әдісімен сатуға тапсырыс беруі тиіс.

АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯЛАРДЫ САТЫП АЛУ

Банктің артықшылықты акцияларын сататын Банк акционерлері Өтініш берген күннен кейінгі 3 жұмыс күні ішінде БҚБТ-ға немесе өзінің номиналды ұстаушысына Банктің артықшылықты акцияларын есептен шығарып, оларды Байсеитов Б.Р. мырзаның шотына есепке алу туралы бұйрық («Бұйрық») беруі тиіс, сондай-ақ тиісті комиссияларды төлеп, Банктің артықшылықты акцияларын аударғаны жөнінде осы ұсыныста көрсетілген байланыс деректері бойынша дереу хабарлауы қажет. Бұл талапты орындамаған кезде, акционер осы ұсыныстан бас тартты деп есептеледі. Осы ұсыныс бойынша артықшылықты акцияларды сатуға Өтініш берген Банк акционерлеріне тез арада Бұйрықты толтыру үшін қажетті ақпарат, соған қоса Байсеитов Б.Р. мырзаның шотына қатысты ақпарат беріледі.

Артықшылықты акциялар үшін белгіленген мерзім ішінде аударылған төлем артықшылықты акциялар Байсеитов Б.Р. мырзаның жеке шотына есепке алынған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өтініште көрсетілген акционердің банктік шотына аударылады.

Жоғарыда көрсетілген мерзімдерде жай акцияларды сатуға өздерінің Өтінімдерін және/немесе артықшылықты акцияларды аудару жөніндегі Бұйрықтарды бермеген, сондай-ақ жоғарыда аталған құжаттарды осы хабарламаның, Қазақстан қор биржасының және/немесе заңнаманың талаптарын бұза отырып берген Банк акционерлері осы ұсыныстан бас тартқан болып есептеледі.

Әр акционер рұқсаттарды, мақұлдауды алу және Акцияларды сату үшін қажетті басқа да іс-әрекеттерді уақытылы жасау (солардың ішінде БҚБТ-ға, брокерге (номиналды ұстаушыға) шотты ашу, акцияларды есептен шығару және есепке алу және олардың Қазақстан қор биржасында мамандандырылған сауда-саттық әдісімен сату үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді беру) үшін, сондай-ақ кез келген комиссияларды, алымдар мен салымдарды, соған қоса брокердің, БҚБТ, номиналды ұстаушылардың қызметтеріне ақы төлеу үшін өз бетінше жауап береді.

ЕРЕКШЕ ТАЛАПТАР

Жария оферта

Осы хабарламадағы Банктің акцияларын сатып алу туралы ұсыныс жария оферта болып табылады және Банктің өздеріне тиесілі жай және/немесе артықшылықты акцияларын сатқысы келген акционерлердің осы ұсыныста көрсетілген мерзімдерде және тәртіппен өтініш жолдауы осы жария офертаны акцепттеуі болып табылады.

Монополияға қарсы органның келісімі

Банктің жай акцияларын сатып алуға Өтініштер мамандандырылған сауда-саттық өтетін күні Қазақстан қор биржасына (бұдан кейін – KASE) берілген сәйкес тапсырыстардың хронологиялық тәртібімен орындалады.

KASE-де мамандандырылған сауда-саттықты жүргізу барысында алынған өтінімдерге сәйкес Байсеитов Б.Р. мырза сатып алуға тиісті болатын Банктің жай акцияларының саны 2 001 833 данадан асқан жағдайда, Байсеитов Б.Р. мырза монополияға қарсы органның келісімін алғаннан кейін KASE-де мамандандырылған сауда-саттықты жүргізу жолымен Банктің осындай жай акцияларын сатып алып, олардың ақысын төлейді.

Осы ұсыныс жарияланған күні Байсеитов Б.Р. мырзаға тиесілі Банктің дауыс беретін акцияларының саны 78 095 863 дананы немесе Банктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының (160 195 393 дана) 48,75%-н құрайтынын назарыңызға саламыз.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес, Байсеитов Б.Р. мырзаның Банк акцияларының кез келген санын сатып алуы нәтижесінде оған Банктің дауыс беретін барлық акцияларының 50%-нан аса көлемі (яғни 80 097 696 данадан көп) тиесілі болса, Байсеитов Б.Р. мырза монополияға қарсы органның келісімін алуға міндетті.

БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
Осы хабарлама бойынша сұрақтарыңыз болған жағдайда немесе қосымша ақпарат не хабарламада көрсетілген құжаттарды алу қажет болған кезде, «BCC Invest» акционерлік қоғамының Сауда операциялары департаментіне +7 (727) 2-443-232 телефон нөмірі; info@bcc-invest.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша хабарласуды өтінеміз.

*Акцияларды сатып алу Биржаның сауда-саттықты жүргізу әдістері туралы қағидаға (http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf) сәйкес Қазақстан қор биржасында мамандандырылған сауда-саттық әдісімен лимиттелген қарсы өтінімдерді қанағаттандыру жолымен жүзеге асырылады.
Ақционерлерге
"Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлама
Ақционерлерге
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің назарына
HTML:«Банк ЦентрКредит» АҚ «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларына айырбасталатын орналастырылған артықшылықты акцияларының 100% сатып алатыны туралы хабарлайды.
Ақционерлерге
"Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамы (бұдан кейін – Банк) Украинадағы өкілдіктің жабылғаны туралы хабарлайды!
HTML:Атауы: "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың Киев қаласындағы (Украина) өкілдігі. Орналасқан орны: Украина, Киев қаласы, Шевченко ауданы, Богдан Хмельницкий көшесі, БУД. 19-21 Жабудың негізі: Украина мемлекеттік статистика қызметінің 2017 жылғы 05 қазандағы №23-07/1833 анықтамасы
Ақционерлерге
"Банк ЦентрКредит" АҚ акционерлерінің назарына
HTML:Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан "Банк ЦентрКредит" АҚ осы арқылы 2017 жылғы 28 қыркүйекете болған Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешіміне және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 6 қазанда берген №А3628 бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың жарияланған жай акцияларының саны 995 876 753 данаға дейін көбейгені жөнінде хабарлайды.
Ақционерлерге
"Банк ЦентрКредит" АҚ акционерлерінің назарына
HTML:"Банк ЦентрКредит" АҚ 2017 жылғы 28 қыркүйекте 050059, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 38-үй мекенжайы бойынша өткізілген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысы туралы хабарлайды.
Ақционерлерге
Құрметті акционерлер!
HTML:Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 38-үй мекенжайында орналасқан "Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамы Акционерлік қоғамдар туралы заңның 36 және 41-баптарына сәйкес Директорлар кеңесінің бастамасымен 2017 жылғы 28 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де жоғарыда көрсетілген мекенжайда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлайды.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді