Қазақстанның әр қаласында балаларға арналған тегін үйірмелер, жекеменшік лагерьлер мен пайдалы іс-шараларды қайдан табуға болады?
Алда – жаздың соңғы айы. Егер балаңыз барлық мультфильмді көріп, мектептен берілген тапсырмаларды орындап үлгерсе, енді оның бос уақытын пайдалану өткізуді ойлайтын кез келді. Апасына не атасына жіберу – үйреншікті сенімді таңдау. Бірақ, бәлкім, үлкендерге де демалыс берген дұрыс болар?
Таңдау әлдеқайда кең. Біреу баласын ораторлық өнер үйірмесіне апарады, біреу таза ауадағы атпен серуендеу лагеріне жібереді, ал енді бірі үй жанындағы тегін үйірмеге жаздырады. Ең бастысы — балаңызға қызық, ал сіздің жаныңыз тыныш болсын.
bcc junior балалар картасы
Балаңыздың қаржылық тәуелсіздігіне апаратын жол
Қазақстанда бірнеше жылдан бері DamuBala мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама арқылы балаңызды шығармашылық немесе спорттық үйірмеге тегін жаздыруға болады. Осы уақыт ішінде жүйе бірнеше рет өзгертілді: ата-аналар кезектің көптігіне, сайттың дұрыс жұмыс істемеуіне және процестің ашық еместігіне шағымданған. Биыл формат қайта жаңартылды.
Енді қаражат ұйымдарға тікелей жөнелтілмей ата-анаға ваучер түрінде беріледі. Яғни үйірмені таңдайсыз, ваучер аласыз, шартқа қол қоясыз — сабаққа нақты қатысқаныңызға қарай мемлекет төлем жасайды.
Қазір екі ваучер алуға болады: біреуі шығармашылық үйірмеге, екіншісі спорттық бағытқа беріледі. Жаңа қанатқақты жоба аясында әр балаға бір ваучер беріледі — бұл халықты көбірек қамту үшін жасалған, кезек пен сабаққа қатысуды жеке кабинет арқылы бақылауға болады делінген.
Жеткізушіні таңдаған соң, тіркеуді мүмкіндігінше тезірек аяқтаған дұрыс. Егер жазылу кезінде қате шықса, қалаңызда немесе жүйеде бос орын қалмағанын немесе жеткізуші әзірге балаларды қабылдамайтынын білдіруі мүмкін.
Мұндай жағдайда техникалық қолдау қызметіне хабарласуға болады: support@damubala.kz
Ал егер жазылу ашық болса және үйірме таңдалса, оның кезеңдері мынадай:
Платформада үйірмені таңдағаннан кейін, ваучерлердің дайын болуын күтуіңіз керек. Олардың берілуі туралы ақпарат DamuBala.kz сайтындағы хабарландыру баннерінде жарияланады.
Ваучер берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде секция ұйымдастырушыларына келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Құжаттар тапсырылғаннан кейін, жеткізуші сізбен 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын шарт жасасады. Шарт мерзімі аяқталған соң, өтінімді қайта беруге болады.
Жазғы балалар лагерьлерінің бағасы әртүрлі болуы мүмкін — бір күнге 10 000 теңгеден басталып, тұрумен бірге бір аптаға 300 000 теңгеден асып кетеді. Баға лагерьдің форматына, бағдарламасына және орналасқан жеріне байланысты.
Мысалы, балалар таңертең келіп, кешке үйіне қайтатын күндізгі лагерьлер ірі қалаларда салыстырмалы түрде арзан тұрады — 1-2 аптаға 50 000–200 000 теңге шамасында. Ал тұруы, толыққанды тамағы, арнайы тренингтер мен экскурсиялары бар лагерьлердің бағасы 200 000 теңге және одан жоғары болуы мүмкін.
Бағаға әсер ететін қосымша факторлар:
Өңірлердегі лагерьлер орта есеппен 20-30% арзан болуы мүмкін, алайда бұл да ұсыныстар саны мен бәсекеге байланысты: бір жерде бағалар төмен ұстап тұруға болады, ал басқа жерде жалғыз лагерь нарық бағасын өзі белгілейді.
1 күнде баспаналы болыңыз
Ипотеканы бүгін алыңыз
6-16 жас аралығындағы балалар екі апта бойы кампуста тұрады, малға күтім жасайды, топпен жұмыс істеуді үйренеді және театр қойылымдары, аспаздық сабақтар, футбол матчтары және эстафеталар сияқты түрлі шеберлік сабақтарына қатысады.
Құны: тәулігіне 35 000 теңге.
Қалалық күндізгі лагерь іздегендерге арналған керемет жер. 5-11 жас аралығындағы балаларды жіберуге болады.
Мұнда балалар жас ерекшеліктеріне қарай мектеп бағдарламасымен айналысады, ойындарға, тақырыптық кештерге және экскурсияларға қатысады, жеке бассейнде шомылады, толыққанды тамақтанып, трансфер қызметін де пайдаланады.
Жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағ. 8:30-18:30 аралығында.
Құны: 4 аптаға 100 000 теңге.
Егер балаңызды ғарыш пен ғалам тақырыбы қызықтырса, Астанадағы Жас астроном курсы жаз мезгілінде баланың дамуына арналған тамаша мүмкіндік. 7-13 жас аралығындағы балаларға арналған бағдарлама келесі көрсетілгендерді қамтиды:
Курс құны: 25 000 теңге
Ауысым 2 аптаға созылады, шілденің соңына дейін. Балаларға толыққанды тамақтану, математика, тілдер, арт-терапия, қолөнер, үстел ойындары және күн сайын қызықты экскурсиялар ұсынылады.
Құны: 100 000 теңге
Бір ғимаратта әртүрлі жастағы балаларға арналған спорт және шығармашылық бағыттардағы түрлі студиялар бар. Робототехника, вокал, жүзу, театр, жазғы лагерь.
Құны: таңдалған секцияға байланысты.
3 аптада бала сазбен жұмыс істеуді, бұйымдарды жылтыратуды үйреніп, 5 қыш бұйымын жасап, сертификат алады.
Құны: бір курс 90 000 теңге (жеке мастер-класс 10 000 теңге)
Егер қалаңызда лайықты үйірме табу қиын болса, Оқушылар сарайына немесе Жастар орталығына барып көріңіз (мұндай мекемелер көптеген қалада бар). Онда робототехникадан бастап шахмат пен вокалға дейінгі үйірмелер жиі тегін немесе қолжетімді бағамен ұсынылады. Бұл, әсіресе, шағын қалалар үшін жақсы балама.