Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Мөлшерлеме 23.50% (ЖТСМ 26,21-27,45%)

Шот бойынша кредиттік лимит

Ақша қажет болған кез келген сәтте

250 млн ₸ дейін
Лимит сомасы
20 минут ішінде
Кепілсіз
24/7
Ақшаға қол жеткізу
ЖК және ЖШС үшін
Шағын, орта және ірі бизнеске жарамды
Қызмет көрсету — 0 ₸
Ешқандай комиссиясыз, кепіл қажет емес
Жылдам шешім
Кредиттік лимитті 20 минут ішінде ашамыз
30 күн
Қаражатты қайтаруға арналған жеңілдікті кезең

Кредиттік лимит — бизнесіңіз үшін ақша әрқашан қолыңызда

Лимитті 250 000 000 ₸ дейін арттырыңыз

Доступно для бизнес-клиентов вместе с открытием текущего счёта и/или карты #business

Лимит сомасы:

  • ЖШС үшін: 200 000 ₸ бастап
  • ЖК үшін: 100 000 ₸ бастап

    Соманы қайта қарау:
    ай сайын
Кредиттік лимитті келесі үшін пайдаланыңыз:
  • Маусымдық сатып алу
  • Кассалық алшақтықты жабу
  • Айналым қаражатын толықтыру
  • Жалақы төлеу
  • Мерзімді төлем жасау және салық төлеу  

Үш қадамда шот бойынша кредиттік лимитті ресімдеңіз

  1. 1
    Шот ашыңыз
    Шот ашу bcc business қосымшасында онлайн немесе банктің кез келген бөлімшесінде қолжетімді
  2. 2
    Шартқа қол қойыңыз
    Жаңа клиенттер үшін ЭЦҚ көмегімен онлайн, бірнеше құрылтайшы және қазіргі клиенттер үшін бөлімшеде
  3. 3
    Қаражатты 24/7 пайдаланыңыз
    Кредиттік лимитті bcc business қосымшасында немесе #business картасының көмегімен басқарыңыз
Кредиттік лимитті ресімдеу Оформить кредитный лимит

Өз кредиттік лимитіңізді есептеңіз

Результаты расчёта
Жеңілдетілген ресімдеу
  • Шешім қабылдау үшін барынша аз құжат
  • Жаңа транш үшін қосымша құжат керек емес
  • Кестеге қол қою керек емес
Лимитті ұлғайту
  • Кепілсіз
  • Лимит ай сайын қайта қаралады
  • Айналым неғұрлым көп болса, кредиттік лимит сомасы соғұрлым көп болады
Ақша әрқашан қолыңызда
  • Қажетті уақытта пайдаланыңыз
  • Пайызды тек пайдаланылған сома үшін төлеңіз
  • bcc business қосымшасында лимитті басқарыңыз

Тарифтері мен шарттары

Bastau
2 айға дейін қызмет көрсетілген банктің жаңа клиенттері үшін
3 000 000 ₸ дейін
Мерзімі 30 күнге дейін
Сыйақы мөлшерлемесі — 23,5% (ЖТСМ 26,21%)
Қаражат алу және аудару: тыйым салынған
Standart
Банктің қазіргі клиенттері үшін
3 000 000 ₸ дейін
Мерзімі 30 күнге дейін
Сыйақы мөлшерлемесі — 23,5% (ЖТСМ 26,21%)
Қаражат алу және аудару: тыйым салынған

Шот бойынша кредиттік лимитті қайда ресімдеуге болады?

Онлайн

Жаңа клиенттер (бір құрылтайшысы бар ЖК және ЖШС) онлайн ресімдей алады

Банктің кез келген бөлімшесінде

Екі және одан көп құрылтайшысы бар ЖШС және қазіргі клиенттер банктің кез келген бөлімшесінде ресімдей алады

Жиі қойылатын сұрақтар

Шот бойынша кредиттік лимит тегін ресімделеді және лимиттің қолжетімді сомасы шегінде кассалық алшақтықтар кезінде мерзімді төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Клиент банк бөлімшесіне бармай-ақ, мобильді қосымша арқылы кез келген ағымдағы шығыстарды өтеп, кредиттік лимитті шектеусіз пайдалана береді

Кредиттік лимитті ашу немесе жабу үшін банктің кез келген бөлімшесіне хабарласып, өтінім беру қажет

Шот бойынша кредиттік лимитті пайдалану және басқару үшін комиссия қарастырылмаған

Есептеу күн сайын жүргізіледі, ал есептен шығару негізгі борыш өтелетін күні жүргізіледі (30-күні/мерзімінен бұрын BCC Business-тен айыппұл санкциясынсыз)

Кредиттік лимитті пайдалану шартына 5 жылға (60 айға) қол қойылады және ол ұзартылмайды

Банк тарапынан ШКЛ пайдалану үшін жасырын комиссиялар алынбайды, ЦКБ АҚ-тағы немесе басқа ЕДБ-дегі өз шоттарына ақша қаражатын аудару үшін ғана 4% комиссия және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін 4% комиссия алынады

КЛС бойынша негізгі борышты уақытылы өтемегені және пайыздық сыйақыны төлемегені үшін қарыз алушы төлем мерзімінен кешіктірілген әрбір күн үшін төленбеген соманың 0,2% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді

Соманы мақұлдаудың негізгі критерийі – компанияның айналымы және ай сайынғы транзакциялық белсенділігі.
Банктің жаңа клиенттері үшін келесі сомалар қолжетімді: ЖК үшін – 100 000 теңге және ЖШС үшін – 200 000 теңге. Кредиттік лимитті пайдаланудың бірінші айы аяқталғаннан кейін ШКЛ 1 000 000 теңгеге дейінгі қайта қаралады.
Банктің тұрақты клиенттері үшін 250 000 000 теңгеге дейінгі лимиттер қолжетімді


Кредиттік лимитті өтеу кестесі BCC Business қосымшасының «кредиттер мен кепілдіктер» – «шот бойынша кредиттік лимит» – «өтеу кестесі» бөлімінде қолжетімді

Лимит сомасын автоматты түрде қайта есептеу ай сайын жүргізіледі


Алдымен сіздің жеке ақшаңыз алынады, содан кейін кредиттік лимит пайдаланылады.

Жақын жердегі бөлімшеде көмектесеміз

Картада көрсету Тізім түрінде көрсету
Сүзгі
Қаланы таңдау
Табылды:
Табылды:
Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін.
Жоқ, PIN-кодты қолданба арқылы белгілеуге болады:

- Қажетті картаны таңдаңыз.

- «Әрекет» → «Теңшеу» → «PIN-кодты өзгерту» тармағын таңдаңыз.

- Жаңа PIN-код ойлап тауып, SMS арқылы келген кодпен растаңыз.



- 505 қысқа нөміріне келесі мәтінмен SMS жолдау:

PIN (немесе epin) + карта нөмірінің соңғы 4 цифры
Банктің әрбір бөлімшесінде. Сондай-ақ банкоматтар бөлімшеден тыс жерлерде де орналасқан. ҚР қалалары бойынша толық тізімді банктің сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінен қарауға болады
Қолданбадан немесе bcc.kz сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінен білуге болады
Банкоматтың басты экранында тіл ауыстыру мәзірі экранның жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан. Ақпараттық-төлем терминалы мен депозит машинасында — экранның жоғарғы бөлігінде орналасқан.
KZT номиналдары: 500, 1000, 2000, 5000, 10000, 20000
RUB номиналдары: 5, 10, 50, 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000
USD номиналдары: 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100
CNY номиналдары: 1, 5, 10, 20, 50, 100
MasterCard, VISA және China UnionPay төлем жүйелерінің карталарымен жұмыс істейді.
Ақша салған кезде қолма-қол ақша арасында бүктелген купюралар, тиындар, резеңке, қыстырғыш, қысқыш және басқа бөгде заттар жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Сондай-ақ бумадағы купюра саны операция кезінде құрылғы экранында көрсетілген мөлшерден аспауы керек.
Егер банкоматта контактісіз оқу құрылғысы (NFC) болса, ал сіздің картаңызда толқын бейнесіндегі белгі болса, картаңызды, смартфоныңызды немесе сағатыңызды контактісіз оқу құрылғысына жай ғана жақындатып, картаны құрылғыға салмай-ақ, оңай ақша толықтыра аласыз не ала аласыз.
Банкоматтар жаңа купюраларды 3-9 ай аралығында— банкомат өндіруші жаңартылған бағдарламалық жасақтаманы ұсынғаннан сәттен бастап қабылдайды.
Банкоматтар (ATM), ақпараттық-төлем терминалдары (АТТ), автоматтандырылған депозит машиналары (АДМ).

Операцияны бастамас бұрын терминалды/депозит машинасын/банкоматты тексеріңіз — оған бөгде құрылғылар немесе жасырын камералар орнатылмағанына көз жеткізіңіз. Егер бір нәрсе күмән тудырса немесе зақымдалған болып көрінсе, бұл құрылғыны пайдаланбаған жөн.
PIN-кодты енгізген кезде, пернетақтаны қолыңызбен немесе сөмкемен жабыңыз — кодыңызды ешкім көрмесін.

Операция толық аяқталғанға дейін банкоматтан алыстамаңыз және зейініңізді басқа жаққа бұрмаңыз.
Күдікті жайтты байқасаңыз, дереу банктің байланыс орталығына хабарласыңыз.
Иә, картаны, смартфонды немесе сағатты контактісіз оқу құрылғысына (NFC) жақындатып немесе картаны картридерге салып PIN-кодты енгізу қажет, содан кейін мәзірден «Балансты қарау» тармағын таңдаңыз.
Қолма-қол ақша алу, шоттар мен депозиттерді толықтыру, қолма-қол валютаны айырбастау, кредиттерді өтеу, балансты қарау, есеп айырысу парағын алу (жалақы жобалары үшін қолжетімді). Көпвалюталы банкоматтардың мекенжайлары көрсетілген тізімді банк сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінен таба аласыз
KZT, RUB, USD, CNY (көпвалюталы банкоматтардың мекенжайлары көрсетілген тізімді банк сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінен таба аласыз)
KZT валютасымен шоттар мен депозиттерді толықтыру, кредиттерді өтеу, жеткізушілердің қызметтеріне ақы төлеу.
Заңды тұлғаларға өздігінен инкассациялау, KZT валютасымен карталарды, шоттарды және депозиттерді толықтыру.
Операция аяқталғаннан кейін, банкомат экранында электронды чек көрсетіледі, оны суретке түсіріп алуға немесе басып шығаруға болады.
Басқа банктердің клиенттері банкомат арқылы қолма-қол ақша ала алады және валюта айырбастай алады.
Ақша шотқа бірден түседі.
Егер смартфоныңызда электронды әмиян болса, смартфонды немесе сағатты банкоматтағы контактісіз оқу құрылғысына (NFC) жақындатып, қызметті бастауға болады.
Есеп айырысу шотынан ақша алу үшін банк бөлімшесіне хабарласу қажет. Картадан ақша алу үшін алдын ала төлем картасын ресімдеп, белсенді ету қажет.
Жоқ, қолма-қол ақшаны кез келген басқа банктің банкоматынан алуға болады. Банкоматтан ақша алу қызметінің тарифтерімен банк bcc.kz сайтындағы «Тарифтер» бөлімінде таныса аласыз
Ол үшін алдымен қолданбада депозиттегі ақшаны картаға аударып, содан кейін банкомат арқылы картадан қолма-қол ақша алуға болады.
Банктің банкоматтары мен ақпараттық-төлем терминалдары арқылы кредит бойынша ай сайынғы төлемдерді төлеуге, кредитті ішінара мерзімінен бұрын өтеуге және толық мерзімінен бұрын өтеуге болады.
Банкоматтар қолма-қол ақшаны бумамен қабылдауды қолдайды және құрылғы үлгісіне байланысты 40 купюрадан 200 купюраға дейін қолма-қол ақшаны бумамен қабылдай алады. Шектеу операция кезінде құрылғы экранында көрсетіледі.

Ақпараттық-төлем терминалдары қолма-қол ақшаны 1 купюрадан қабылдайды.

Автоматтандырылған депозит машиналары банкноттарды санау принципі бойынша жұмыс істейді және қолма-қол ақшаны бумамен, үстемелеп салу тәсілімен қабылдауды қолдайды.
Банкоматта авторизациядан өтудің 2 тәсілі бар:

1. Карта арқылы (картаны құрылғыға енгізу немесе картаны, смартфонды не сағатты контактісіз оқу құрылғысына (NFC) жақындату). Бұл жағдайда картадан қолма-қол ақша алу, картаны, шотты, депозитті толықтыру, кредитті өтеу, балансты қарау, есеп айырысу парағын алу (жалақы жобалары үшін қолжетімді) мүмкін болады.

2. ЖСН немесе БСН енгізу арқылы (басты экраннан қажетті операцияны таңдау). ЖСН арқылы авторизациядан өткен кезде, картаны, шотты, депозитті толықтыруға және кредитті өтеуге болады.



Ақпараттық-төлем терминалында басты экраннан операцияны таңдап, ЖСН немесе БСН енгізу қажет.



Автоматтандырылған депозит машиналарында басты экраннан операцияны таңдап, ЖСН немесе БСН енгізу қажет немесе картаны құрылғыға енгізу арқылы мүмкін болады.
Банкоматтарда, терминалдарда және депозит машиналарында операция жүргізу тарифтерімен bcc.kz сайтындағы «Тарифтер» бөлімінде таныса аласыз
1. ЖСН немесе БСН арқылы авторизациядан өткен кезде 1 операция аясында ең көп дегенде 500 000 KZT енгізуге болады.

2. Карта арқылы авторизациядан өткен кезде сомаға шектеу қойылмайды, алайда банкоматтың үлгісіне байланысты құрылғының өз шектеуі болуы мүмкін. Құрылғы бір уақытта 40 купюрадан 200 купюраға дейін қолма-қол ақшаны бумамен қабылдай алады. Шектеу операция кезінде құрылғы экранында көрсетіледі.
1. Қолма-қол ақша алу лимиті карта түрі мен белгіленген лимитке байланысты.

2. Банкомат үлгісіне қарай 40 купюрадан 200 купюраға дейін қолма-қол ақшаны бумамен бере алады.
1. Басқа банктердің карталары бойынша комиссия картаны шығарған банктің тарифіне сәйкес алынады.

2. ЦентрКредит Банкінің карталары бойынша банкоматтан ақша алу қызметтерінің тарифтері банк сайтындағы «Тарифтер» бөлімінде орналастырылған
Бұл жағдайда қызметті бастау үшін картаны картридерге салу қажет.
Чектің телнұсқасын банк бөлімшесінде сұратуға болады.
Жаңа PIN-кодты қолданба арқылы орнатуға болады:

1. Басты бетте қажетті картаны таңдаңыз.
2. «Әрекет» және «Картаны теңшеу» дегенді таңдаңыз.
3. «PIN-кодты өзгерту» дегенді таңдаңыз.
4. Жаңа PIN-кодты енгізіп, SMS-кодпен растаңыз.
Ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінімді ресімдеу үшін жеке тұлғалар 505 нөмірі бойынша, ал заңды тұлғалар 605 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласуы қажет.
Жеке тұлғалар 505 нөмірі бойынша, ал заңды тұлғалар 605 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласуы қажет.
Жеке тұлғалар 505 нөмірі бойынша, ал заңды тұлғалар 605 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласуы қажет.
Карта дұрыс салынбаған болуы мүмкін немесе чиптің оқу элементтері не магнит жолағы зақымдалған болуы мүмкін. Авторизациядан өту үшін банкоматтағы контактісіз оқу құрылғысын пайдалануды ұсынамыз.
1. Егер банкомат банк бөлімшесінен тыс жерде орналасқан болса — картаны қолданба арқылы бұғаттап, жеке тұлғалар 505 нөмірі бойынша, ал заңды тұлғалар 605 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласуы қажет.

2. Егер банкомат банк бөлімшесінде орналасқан болса — жұмыс уақытында бөлімшеге барып, жеке куәлігін көрсету қажет. Маңызды: карта иесіне ғана беріледі, картадағы деректер мен жеке куәліктегі деректер салыстырылады.
1. ЖСН енгізіңіз не болмаса картаны, смартфонды немесе сағатты контактісіз оқу құрылғысына салыңыз/жақындатыңыз.

2. Толықтыру үшін валютаны таңдаңыз.

3. Толықтырылатын шотты таңдаңыз.

4. Экрандағы нұсқаулықтарға сәйкес қолма-қол ақшаны салыңыз.

5. Чекті суретке түсіріңіз.
Көпвалюталы банкоматтардың мекенжайлары көрсетілген тізім банк сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінде көрсетілген
1. Банкоматтың басты экранында «Валюта айырбастау» тармағын таңдау.

2. ЖСН енгізіп, ақша айырбастау нұсқасын таңдау.

3. Ақша айырбастау талаптарымен танысу.

4. Купюра қабылдағышқа қолма-қол ақша салу.

5. Транзакцияның егжей-тегжейімен және берілетін сомамен танысу.

6. Қайтарымды алу тәсілін таңдау (карта немесе телефон нөмірін енгізу).

7. Сатып алынған валютаны алу.

9. Чекті экраннан суретке түсіру.
1. Картаны, смартфонды немесе сағатты контактісіз оқу құрылғысына салыңыз немесе жақындатыңыз.

2. “Қолма-қол ақша алу” дегенді таңдаңыз.

3. PIN-кодты енгізіңіз.

4. Сомасын көрсетіңіз.

5. Чекті суретке түсіріңіз.
Қолма-қол валютаны айырбастау үшін банкомат экранында ЖСН енгізу қажет.
Қолданбадағы бағам қолданылады.
Бағамдар банкоматтың басты экранында көрсетіледі
(Назар аударыңыз! Операция жүргізу барысында бағам өзгеруі мүмкін).
Иә, валюта айырбастау үшін ЖСН енгізу жеткілікті.
Дс-Жс 09:00-20:00, мереке күндері сервисті пайдалану мүмкін болмайды.
1 операция аясында 500 000 KZT дейін немесе шетел валютасымен балама сомасын айырбастауға болады.
Өңірді таңдау

Кеңес алу

Сізді қызықтыруы мүмкін

Қолма-қол ақшалай берілетін кредит

Шын мәнінде маңызды нәрсеге берілетін кредит

ЖК үшін онлайн-кредиттеу

Кредитті мобильді телефоныңызда ресімдеңіз

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді