Кредит алуға келген клиентке Банк кредит беруден бас тартуы мүмкін. Кредит неге мақұлданбайды? Негізгі себептерінің бірі – нашар кредит тарихы (КТ). Бұл термин кредит алушы бұрынғы кредиттік міндеттемелерін қалай орындағаны: қанша және қандай сомаға қарыз алғаны, ай сайынғы төлемін уақытылы төлегені, берешегінің болғаны не болмағаны туралы барлық мәліметті қамтиды. Осы ақпараттың негізінде банк клиенттің сенімділігі туралы және оған қарызға қаражат беріп, оның қайтарылуына сенімді болуы туралы шешім қабылдайды.
Бүгінде Қазақстанда тауар мен қызмет ақысын картамен төлеу үшін әмиянды алудың қажеті жоқ: операцияны телефоннан жүргізуге болады. Бұл – жанаспай ақы төлеу. Ол Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay немесе Garmin Pay қосымшаларының көмегімен орындалады.
Британдық модельер әрі әлемдегі ең танымал дизайнерлердің бірі Вивьен Вествуд өзінің стиль құпиясын ашты: «Киімді ақылмен таңдаңыз, сирек сатып алып, ұзақ уақыт киіңіз». Сондай-ақ оның сән сүйер қауым арасында танымал тағы бір сөзі бар: «Аз киім сатып алып, жақсысын таңдаңыз және бір-бірімен үйлестіріңіз». Өкінішке қарай, адамдардың көпшілігі бұл ережені ұстана бермейді: статистикаға сүйенсек, адамдар киім-кешекке бюджеттің 20%-ын жұмсайды. Десе де көбінің нәтижеге көңілі толмайды: ақша қалмағанымен, әлі де киетін ештеңе жоқ. Бұл гардеробыңыз дұрыс құрылмаған дегенді білдіреді.