Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Қаржылық сауаттылық
25 қараша 2024
Жаңартылды: 11 сәуір 2025

«Ең алдымен, көлік саған не үшін керек екенін түсін»: автомобильді қалай дұрыс таңдау керек

Автомобиль сатып алу өте жақсы эмоция сыйлайды. Мұндай нәтижеге жету үшін көлікті дұрыс таңдау керек. Машинаны бағасы мен сапасына қарай қалай таңдау керектігі туралы ЦентрКредит Банкіне берген сұхбатында автожурналист әрі бейнеблогер Олжас Оқас (@oljasoqas) айтып берді

Жаңа көлік пе, әлде пайдаланылған көлік пе? 

Бұл – жақсы машинаны қалай таңдасам деген ойлап жүргендер жолығатын алғашқы таңдау. Жаңа автомобильдің кепілдігі (2 жыл немесе 50 000 шақырым жол жүру) және оған авторизацияланған орталықтарда сервистік қызмет көрсетілетіні қызықтырады. Пайдаланылған көлік әдетте арзанырақ. Олжас Оқастың пікірінше, тіпті біраз уақыт «тексерілген» пайдаланылған жапон немесе неміс машиналарын да кәдімгідей жөндеу, оларға жиі қызмет көрсету қажет болады. Ескі көліктерге салынатын салық та көп.
Олжас: «Маған салсаңыз, жаңасын сатып алған дұрыс. Оның кепілдігі болады. Сізге дейін оған ешкім отырмаған. Оған қызмет көрсетіледі. Ескісін таңдағанда, оған диагностика жүргізу керек. Автомобильдің ақауларын бағалап, моторының жай-күйін тексеру керек». Дұрысы, мамандарға хабарласқан жөн. Олар диагностикаға барлық ақауды анықтайтын заманауи жабдықты пайдаланады.

#IronCard – жоғары мәртебе

Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта

Өмір, жұмыс үшін бе, әлде хобби ретінде ме?

Олжас барлық көлік құралын мынадай үш топқа бөлуге болады деп санайды: күнделікті өмір, жұмыс үшін, хобби ретінде. Егер көлікті күнделікті өмір (балаларды мектепке апару, дүкенге бару) үшін таңдасаңыз, іс жүзінде кез келген орташа деңгейдегі автомобиль жарай береді. Егер машина кәсібіңіздің бір бөлігі болса (мысалы, такси жүргізушілер үшін), онда барынша сенімді, төзімді әрі жайлы көлік құралы қажет. Ал хобби ретінде автомобильді әдетте негізгі машинаға қосымша ретінде сатып алады: бұлар – сәнді әрі жылдам жүретін спорттық модельдер немесе аң аулау мен балық аулауға арналған off-road нұсқалары.

Арзаны ма, әлде айрықшасы ма?

Олжастың Қазақстанда қандай машина сатып алған дұрыс деп ойлап жүргендерге беретін басты кеңесі: «Өз қалтаңыздың қалыңдығына қараңыз». Арзан маркалы автомобильге арналған бөлшектерді автокөлік базарынан табуға болады, олардың бағасы да қымбат емес. Қымбатырақ автомобиль сатып алған кезде, мұның өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, оның бөлшектері қымбат. Екіншіден, түпнұсқа бөлшектерге әдетте АҚШ-та немесе БАӘ-де тапсырыс беріледі, жеткізу бірнеше айға созылуы мүмкін.

 Егер қаржылық көмек қажет болса, банк кредитін пайдалануға болады. Кредит берудің тиімді талаптарын ЦентрКредит Банкі ұсынады, ол бағдарламаларды серіктес автосалондармен бірлесіп іске асырады. Кредит беру бағдарламалары жаңа немесе пайдаланылған автомобиль сатып алуға мүмкіндік береді.

Седан ба, әлде кроссовер ме?

Көлік шанағының түрін таңдау оның қандай мақсатта пайдаланылатынына байланысты.

Седан (4 есік, 2 қатар кресло, салоннан бөлек тұратын жүксалғыш) – қала ішіндегі қысқа сапар мен алысқа отбасымен саяхаттау үшін жақсы нұсқа.

Хэтчбек (жүксалғышы салонмен біріктірілген) ықшамдау, оны көбінесе қалаға арналған алғашқы көлік ретінде ұсынады. Мұндай машинаға 5 адам оңай сыяды, ал жүксалғышы мен салоны бірге орналасқандықтан, онымен тіпті жиһаз тасымалдауға да болады.

Әмбебап көлік салонының кеңдігімен және жүксалғышының үлкендігімен тартымды. Отбасы үшін жақсы нұсқа.

Минивэннің де салоны үлкен, бірақ бұл ретте оларда үшінші қатар креслолар болады. Көбінесе корпоративтік көлік ретінде пайдаланылады.

Жол талғамайтын көліктің жүріп өту мүмкіндігі жоғары, жетегі толық, қиын жол жағдайларында (балшық, күртік қар, тіпті шағын өзен) көмектесетін қауіпсіздік жүйелері бар. Бұл машина қала маңындағы жолдармен жүретіндер үшін жақсы.

Кроссовер үлкен хэтчбекке ұқсайды, бірақ жол саңылауы биік болады. Мұндай көлік қалада да, ауылдық жерлерде де бірдей жиі жүретін адамдарға қолайлы.

Пикап жүксалғышпен емес, үлкен жүкті тасымалдауға арналған шанақпен жабдықталған. Әдетте бұл көлікті жұмыс үшін таңдайды (мысалы, құрылысшылар). Пикап көп отын жұмсайды, оны қала ішінде басқару әрдайым ыңғайлы бола бермейді.

Купе бастапқыда екі орындық спорт көлігі ретінде болды. Бүгінгі таңда бұл ұғымның мағынасы кеңейді: көбінесе жайлы, кең салоны бар, қуаты жоғары премиум-класқа жататын седан купе деп аталады.

Кабриолет – үсті ашық, жылдам жүретін, сәнді машина. Тауда немесе теңіз жағалауында таза ауа жұтып, рақаттанғанды ұнататындар үшін жақсы, бірақ оған қызмет көрсету аса қолайлы емес

Кредит картасы: бұл не және ол қалай жұмыс істейді?
2025 жылы Қазақстанда бизнес пен жеке тұлғаларға арналған көлік салығы

ІЖҚ па, әлде электрқозғалтқыш па?

Қозғалтқыштың түрін қарастырмай, машинаны дұрыс таңдау мәселесі шешілмейді. Экологиялық әл-ауқатты сақтау мақсатында көптеген әуесқой көлік жүргізуші электрмобильге ауысуда.

Статистика бойынша, 2023 жылы ҚР-да ІЖҚ бар 5,2 млн астам автомобиль тіркелген. Іштен жанатын қозғалтқыш дизельмен, бензинмен немесе газбен жұмыс істейді. Аралас түрлер – отынды, сол сияқты электр қуатын пайдаланатын автомобильдер де бар.

Дизель қондырғысы сенімді әрі қуаты күшті, ұдайы күрделі мәселелерді шешу қажет болғанда жақсы: мысалы, машина ауыр тіркемені сүйрейді немесе ойлы-қырлы жерлерде еркін қозғалады.

Бензинді мотор әмбебап болып саналады. Ол аязда да, ыстықта да жақсы қалпында сақталады, оған қызмет көрсету қымбат емес, ал кейбір қондырғылар үнемділігі жағынан дизельден кем түспейді.

ІЖҚ-ның айтарлықтай кемшілігі – атмосфераға зиянды газ шығаруы. Электрқозғалтқышы бар машинаның мұндай кемшілігі жоқ. Алайда оны таңдаған кезде де, өзіндік ерекшеліктерін ескеру керек.

 Олжас Оқас электрмобильдің жүріс қоры аз, әдетте 300-ден 400 шақырымға дейін болғандықтан, оны екінші машина ретінде қарастырған дұрыс деп санайды. Ұзақ қашықтыққа ІЖҚ бар көлікпен барған ыңғайлы. Оның үстіне машинаға бензин немесе дизель отынын құю электрлі мотордың қуатталғанын күткеннен әлдеқайда жылдам: мысалы, Audi e-tron 55 кроссовері қуаттау станциясында 4,5 сағат (және тұрмыстық розеткадан 40 сағаттан астам) қуатталады, ал Tesla S 70D седанын тұрмыстық розеткадан қуаттауға шамамен 30 сағат қажет. Мұндай машина қатты аяз болатын аймақтарға жарамайды. Электрмобиль жер үй үшін жақсы: көп қабатты үйде тұратындарға машинаны қуаттаудың машақаты көп.

Механика ма, әлде автомат па?

Келесі мәселе – беріліс қорабы бойынша қандай автомобиль таңдау керектігі.

Механиканың артықшылықтарының бірі – сенімділік, құрылымының қарапайымдығы және ауыстырып қосуды 100 % басқару мүмкіндігі. Алайда бәрі бірдей ілініс педалімен де, БАҚҚ тетігімен де бір мезгілде жұмыс істей алмайды.

Автоматты басқару оңайырақ, сондықтан оны көлік жүргізуді енді үйреніп жүргендерге ұсынады. Мұндай қорапқа үйрену оңай, ал әрекеттердің барынша аз болуы жүргізушіні жолдан басқа нәрсеге алаңдатпайды. Алайда механикаға қарағанда әдетте автоматқа қызмет көрсету қымбатырақ.

Роботқа механика мен автоматтың артықшылықтары біріктірілген. Роботтық қорап АБАҚҚ сияқты берілісті автоматты түрде ауыстырады, бірақ МБАҚҚ сияқты сенімді.

Вариаторда ауыстырып қосу сатылары болмайды, дәлірек айтқанда, олар виртуалды. Вариатор үнемділігімен әрі жұлқи тартпай, бірқалыпты үдеу қасиетімен тартымды, бірақ мұндай қораптарға қызмет көрсету арзан емес.

1 күнде баспаналы болыңыз

Ипотеканы бүгін алыңыз

Тағы неге назар аударған маңызды?

Қазақстанда көлікті тиімді сатып алу үшін одометр (көлік құралының жүрісін өлшейді) көрсеткіштерінен бастап салондағы креслолардың жай-күйіне дейін әрбір нәрсені мұқият зерделеген жөн. Жиынтықтау ерекшеліктерін де анықтап алыңыз. Ең үздік жиынтықталған көліктер қымбатырақ, бірақ қауіпсіздік пен жайлылық үшін барынша көп жүйе қамтылған. Мысалы, панорамалық шатыр мен былғарыдан жасалған салон – қымбат жиынтықталған көліктердің ерекшеліктері.

Олжас шанақтың жай-күйіне назар аударған жөн дейді, өйткені жосықсыз сатушылар көбінесе көліктің сыртқы кейпін сақтау үшін зақымданған тұстарын бояп тастайды. Алайда сыртқы ақауларды көбінесе еш құралсыз көзбен көруге болса да, тәжірибесіз адам қозғалтқыштың ақауын дыбысына және майдың түсіне қарап, анықтай алмайды.

Автожурналист Олжас Оқас былай түйіндейді: Қазақстанда машинаны тиімді сатып алу үшін автомобильдің не үшін қажет екенін түсіну, көлікті жөндеуге, оған қызмет көрсетуге жұмсалатын ықтимал шығынды ескере отырып, өзінің қаржылық жағдайын нақты бағалай алу маңызды. Бұл кешенді тәсіл сенімді автомобиль сатып алуға, сонымен қатар күйзеліске түспеуге, жөнсіз шығынға батпауға мүмкіндік береді.

Держите руку на пульсе с bcc journal
Подпишитесь на нашу рассылку и не пропустите новые статьи и актуальные обзоры.
Сізге ұнауы мүмкін
Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 30 сәуірге аналитикасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы сәуір айынд

Валюталар шолу
2025 жылғы 30 сәуірге арналған валюта бағамдары

Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 30 сәуірге арналған шетел валюталарының ресми ...

Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 29 сәуірге аналитикасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметінше, 2025 жылғы сәуір айындағы те

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды