Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
bcc journal
6 мамыр 2026
Жаңартылды: 20 мамыр 2026

Қазақстандық компанияның банк тәжірибесін дербес технологиялық бизнеске айналдырғаны туралы

bcc-hub CEO-сы Руслан Еңсебаевтың берген сұхбаты

Соңғы жылдары Қазақстандағы финтех айтарлықтай өзгеріп, онымен бірге банктердің де келбеті трансформацияланды. Банктердің айналасында қолданушының күнделікті мәселелерін шешетін цифрлық экожүйелер мен суперқолданбалар пайда болды. Осы процестің нәтижесінде банк ішінде тек өнім әзірлеуде ғана емес, сонымен қатар қаржылық сервистерді іске қосудв және дамытуда зор тәжірибе жинақталды. Уақыт өте келе бұл сараптамалық әлеуетті бір банктің аясынан шығарып, ауқымын кеңейтуге болатыны белгілі болды.

#IronCard – жоғары мәртебе

Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта

bcc-hub – осындай трансформацияның айқын мысалы. ЦентрКредит Банкінің еншілес компаниясы технологиялық актив ретінде құрылған, алайда бүгінгі таңда өзін кеңірек қырынан танытып отыр: ол топ ішіндегі өнімдерді дамытып қана қоймай, сыртқы нарыққа да шешімдер ұсына алатын командаға айналды.

Банктің еншілес құрылымының дербес технологиялық компанияға айналу себептері, флагмандық өнімдері және серіктестер экожүйесін қалай қалыптастырып жатқаны туралы біз bcc-hub CEO-сы Руслан Еңсебаевпен сөйлестік.

— bcc-hub бүгінде банктің ішкі IT-командасы ма, әлде тәуелсіз компанияға айналды ма?

Ресми түрде біз әлі де еншілес компания болып саналамыз, бірақ іс жүзінде ішкі IT аясынан біртіндеп шығып кеткенбіз. Біз топ ішіндегі өнімдерді дамытып қана қоймай, біртіндеп оның сыртында да жұмыс істеуді бастадық: шешімдерді тестілейміз, серіктестік орнатамыз және оларды сыртқы нарыққа шығаруға дайындаймыз.

Қазір біздің 800-ден астам маманымыз бар, олардың қатарында аналитиктер, әзірлеушілер, тестілеушілер, DevOps-инженерлер және басқа да кәсіби мамандар бар. Осы тұрғыдан алғанда біз өзімізді жай ғана әзірлеу тобы емес, bcc тобының ішінде де, оның сыртында да құндылық қалыптастыратын технологиялық құзыреттер орталығы ретінде көреміз.

— bcc-hub құрылған кезде бастапқыда алдыңызда қандай міндет тұрды?

Масштабтау идеясы әуел бастан болды. Біз IT-ді жай ғана жеке заңды тұлға ретінде бөліп шығарған жоқпыз, біз әу бастан-ақ тек банктің ішінде ғана емес, одан тыс жерде де қызмет көрсете алатын сараптамалық мектеп қалыптастырдық.

Жылдар бойы қаржы тобы ішінде команда едәуір тәжірибе жинақтады. Сондықтан бұл тәжірибені біртіндеп өнімдерге айналдырып, нарыққа ұсынуға болатыны анық болды. Сонымен қатар бұл кеңірек контекстке де сай келеді – Қазақстан бүгін цифрлық экономиканы дамытуға, IT-шешімдерді экспорттауға және жасанды интеллекті ілгерілетуге басымдық беріп отыр. Біз бұл қозғалыстың бір бөлігі болуды ғана емес, саладағы көшбасшылардың бірі болуды мақсат етеміз.

— Команда ретінде негізгі сараптамаңыз қандай?

Біздің басты ерекшелігіміз үш бағыттың үйлесімінде: инженерлік база, қаржы өнімдерін терең түсіну және реттелетін ортада жұмыс істеу тәжірибесі.

Банк қызметі – өте күрделі жүйе. Бұл тек төлем мен кредит ғана емес, сонымен қатар депозит, тәуекелдерді басқару, комплаенс, қауіпсіздік, мониторинг және басқа да көптеген бағыттарды қамтиды. Осы бағыттардың барлығында біздің мамандарымыз жылдар бойы бизнес-командалармен бірге жұмыс істеп, процестерді талдап, үздік тәжірибелерді зерттеп, өзгеріс енгізуге қатысып келеді. Сондықтан біздің тәжірибеміз тек кодты дұрыс жазумен шектелмейді. Біз қаржы сервистерінің іс жүзінде қалай құрылатынын, қалай жұмыс істейтінін, қалай іске қосылып, масштабталатынын және нарық пен реттеу талаптарына қалай бейімделетінін терең түсінеміз.

2026 жылы Қазақстандағы борыш жүктемесінің коэффициенті дегеніміз не және ол неге әсер етеді?
Қолданбалар арқылы жеке қаржыны бақылаудың топ-5 тәсілі
Paloma365 және ЦентрКредит Банкі: бизнесті автоматтандырудағы жаңа қадам
ҚР заңнамасындағы өзгеріс: 2026 жылдағы бизнестің жұмысы туралы

— Жаңа bcc-hub стратегиясында нақты не өзгереді?

Біздің стратегиямыз бірнеше бағытты қамтиды.

  • Кірісті әртараптандыру. Ұзақ мерзімді болашақта бір ғана ірі клиентке, тіпті бас құрылым болса да, тәуелді болғымыз келмейді. Сондықтан сыртқы түсім үлесін біртіндеп арттырып, анағұрлым дербес компанияға айналуды көздейміз.
  • Ішкі әзірлеуден өнімдік платформа моделіне көшу. Біз ішкі сұраныстар бойынша жұмыс істеу моделінен сыртқы клиенттердің қажеттіліктеріне бейімдеуге болатын масштабталатын әрі икемді шешімдерді жасауға көшіп жатырмыз.
  • Технологиялық жетілу. Бұл бағыт стандарттауды, инженерлік процестерді, қауіпсіздікті, архитектураны және командалардың тиімділігін арттыруды қамтиды.
  • Ұйымдық жетілу және мәдениет: икемді тәсілдер, agile, көшбасшылықты дамыту.
  • Мықты сыртқы бренд. Біз тек жақсы өнім жеткіліксіз екенін түсінеміз. Танымалдылық, сенім, нарықтағы орны мен беделі де аса маңызды.

— Қандай шешімдерді негізгі деп санайсыз?

Жалпы алғанда біз жекелеген өнімдерді емес, клиентпен бірлесіп іс-әрекет етуден бастап ішкі өңдеу мен core-жүйелерге дейінгі бүкіл тізбекті қамтитын тұтас қаржылық инфрақұрылымды қалыптастырып жатырмыз. Клиент деңгейінде бұл – цифрлық банкинг, қолданбалар және интерфейстер. Одан кейін бизнес-процестер қабаты келеді: кредит, төлем және карта сценарийлері, сондай-ақ банк ішіндегі процестерді автоматтандыру.

Үшінші деңгей – core және технологиялық база. Мұнда біз API‑first және бұлттық архитектураға негізделген заманауи платформаларға сүйенеміз. Бұл икемділік пен масштабталуды қамтамасыз етеді. Осының арқасында біз жекелеген компоненттермен де, бүкіл контурды толық қамтитын шешімдермен де жұмыс істей аламыз. Сонымен қатар біз үшін ашық экожүйе құру маңызды. Яғни қаржы сервистері серіктестердің өнімдеріне енгізіліп, пайдаланушы үшін барынша табиғи әрі байқалмайтын деңгейде жұмыс істеуі қажет.

— Бұл туралы толығырақ айтып беріңізші.

Жабық экожүйе құруға болады, онда барлығы бір бренд аясында шектеледі. Ал ашық экожүйеде серіктестер инфрақұрылымды пайдаланып, сервистерді интеграциялап, клиенттерге арналған мини-қолданбадалар жасай алады.

Бізге дәл осы екінші модель жақынырақ. Біз серіктестерге технологиялық икемділік пен финтех саласындағы тәжірибемізді ұсына отырып, олардың нарықта жылдамырақ өсуіне көмектескіміз келеді. Айтпақшы, бұл біздің миссиямызда да көрініс тапқан.

Яғни, серіктес біз үшін жай ғана өнім сатып алушы емес. Ол – экожүйенің толыққанды қатысушысы. Біз оның қажеттілігіне қарай шешімді бейімдеп, өнім логикасын икемдеп, процестеріне кірігіп, өз сервисін дамытуына көмектесе аламыз.

— Қай өңірлерді қамтуды жоспарлайсыздар?

Біз ең алдымен жақын нарықтарға назар аударамыз: Орталық Азия, Әзербайжан және Кавказ. Сонымен қатар бізге MENA нарығы да қызықты. Онда капитал да, сұраныс та бар, алайда финтехтің бірқатар бағыттарында әлі де өсу мүмкіндігі сақталып отыр. Біз Қазақстандағы тәжірибе бұл нарықтарда сұранысқа ие болуы мүмкін деп есептейміз.

— Сыртқы нарықтарға шығу стратегияңыз қандай?

Бірінші арна – өз сараптамамыз бен адамдар. Біз компания ішінде амбассадор мәдениетін дамытқымыз келеді, қызметкерлер конференцияларға қатысып, тәжірибе бөлісіп, зерттеулер жүргізіп, сарапшы ретінде көрінуі қажет. Осы арқылы компанияға деген сенім де артады.

Екінші арна – нақты нарықтарға, клиенттерге және салаларға қол жеткізе алатын жүйелік интеграторлар мен серіктестер.

Үшінші арна – венчурлық қорлармен және стартап-экожүйемен ынтымақтастық. Бұл біз үшін өте қызықты модель, себебі мұндай ойыншылардың шешімдер мен өнімдер pipeline-ы бар. Оларға көбіне қаржылық инфрақұрылым, клиенттер базасын  пайдалану мүмкіндігі және нақты клиент жолына бейімдеу қажет болады. Мұнда біз шешімдерді жылдам жинауға, тестілеуге және масштабтауға көмектесетін технологиялық серіктес ретінде әрекет ете аламыз.

— Сіз адамдар жайлы жиі айтасыз. Жаңа стратегия команданың өзіне қалай әсер етеді?

Біз қызметкерлер тек жұмысты орындап қана қоймай, компаниямен бірге өсіп, біліктілігін тереңдетіп, білімін бөлісіп, кәсіби тұрғыда танылып, идея ұсынып, жаңа бағыттардың дамуына қатысқанын қалаймыз.

Маған бұл тұрғыда адамдарға ортақ жүйе аясында өз бастамаларын іске асыруға мүмкіндік беретін компаниялардың тәсілі жақын. Біз де дәл осы бағытта дамуды көздейміз. Яғни ішкі инноваторлар, тың идеялар мен жаңа өнімдер пайда болатын мәдениетті қалыптастырғымыз келеді.

Google Sheets-те шығын есебін жүргізу жолы: тәжірибелі қолданушылардың хикаялары
Бай болу дегеніміз не?
Даладағы қаржы сауаты: көшпенділер экономикасы қалай жұмыс істеген?
Отбасы бюджеті: ақша жайлы келісіп, ажыраспаудың жолы

— Алдыңғы және болашақ жұмысыңыздағы бөлек бағыттардың бірі – IT-мектептер мен жас мамандарды оқыту. Бұл сіз үшін неліктен маңызды?

IT-компания үшін адам капиталы – ең басты ресурс. Нарық өздігінен қажетті мамандарды дайындайды деп күтуге болмайды, бұл процеске белсенді түрде қатысу қажет. Сондықтан біз командаларды дамытумен қатар, қоғаммен де белсенді жұмыс істейміз: IT-мектептер ұйымдастырып, студенттермен жұмыс жүргізіп, хакатондар өткіземіз және түрлі білім беру форматтарын қолданамыз.

— Бұл трансформацияда сіз үшін ең қиыны не?

Ең қиыны – халықаралық деңгейде ірі технологиялық тәжірибесі әлі қалыптасып үлгермеген елден сыртқы нарыққа шығу.

Қазақстанда мықты мамандар бар, финтех дамыған, инженерлік әлеует те жоғары. Бірақ сыртқы нарықта сенім бірден қалыптаспайды, ол уақыт қажет етеді. Бұл, сөзсіз, ең үлкен қиындықтардың бірі. Сондықтан мұнда серіктестер де, бедел де, өнім сапасы да, қоғамдық тәжірибе де және нарыққа белсенді қатысу да маңызды рөл атқарады. Бұл – ұзақ мерзімді, жүйелі жұмыс.

— Үш-бес жылдан кейін bcc-hub-ты қандай деңгейде көргіңіз келеді?

Біз bcc-hub-тың финтех саласындағы мықты тәжірибесі бар, нарықтағы рөлі айқын дербес технологиялық компания ретінде танылғанын қалаймыз.

Біздің міндетіміз – өңірлік деңгейде белсенді ойыншыға айналып, кейін біртіндеп ауқымын кеңейту. Біз үшін тек масштаб емес, сапа да маңызды: бізді тиімді цифрлық шешімдер жасап, оларды нарыққа жылдам бейімдеп, қатаң реттелетін ортада нәтижелі жұмыс істей алатын команда ретінде танығанын қалаймыз.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді